Iv. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе



бет4/11
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#117102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ерітінділер

Ерігіштік
Ерігіштік деп заттардың бір не басқа еріткіштерде еру қабілеттігін айтады.Заттың берілген жағдайдағы ерігіштігінің мөлшері ретінде оның қанық ерітіндідегі мөлшерін алады.Сондықтан ерігіштік сандық жағынанннн,ерітінділердің құрамы сияқты әдістермен өрнектеле береді.Мысалы, еріген зат массасының қанық ерітіндінің массасына пайыздық қатынас арқылы немесе 1 литр қанық ерітіндідегі еріген зат мөлшерімен.Жиі ерігіштікті,белгілі жағдайда,еріткіш массасының 100 бірлігін қанықтыратын сусыз зат массасының бірлігімен өрнектейді; кейде мұндай әдіспен өрнектелген ерігіштікті ерігіштік коэффициенті деп атайды.
Әр түрлі заттардың суда ерігіштіктерінің өзгерулерінің шегі кең аралықта жатады.Егер 100 г суда 10 г зат ерісе, онда мұндай затты жақсы еритін зат деп есептейді; егер 1 г-нан кем зат ерісе-аз еритін және 0,01 г-нан аз зат ерісе мүлдем ерімейтін (немесе өте аз еритін) деп есептелінеді.
Заттың алдын ала еруі туралы,ерігіштік принциптері туралы әлі мәліметтер жоқ.Бірақ, полярлы молекулалардан тұратын және иондық байланысты заттар полярлы еріткіштерде (су, спирттер, сұйық аммиак), ал полярсыз заттар-полярсыз еріткіштерде (бензол, күкіртті көміртек) жақсы ериді.
Көптеген қатты заттардың еруі жылу сіңіре жүреді.Бұл қатты заттардың кристалдық торларын үзуге жұмсалатын энергия мөлшерімен түсіндіріледі, ол гидраттар (сольваттар) түзілгендегі бөлінетін энергиямен бейтараптанбайды.Заттың криссталл күйіндегі және қанық ерітінді күйіндегі тепе-теңдігіне Ле Шателье принципін қолданып отырып,
Кристалл + Еріткіш Қанық ерітінді ± Q

мынандай тұжырым жасауға болады.Зат жылуды сіңіре жүре еритін болса,температураның жоғарылауы оның ерігіштігін жақсартады.Егер, гидраттану (сольваттану) энергиясы жоғары болса, еру процесі жылу бөле жүреді де, температураны жоғарылатқанда оның ерігіштігі төмендейді.Бұл мысалы, сілтілердің, көптеген литий, магний, алюминий тұздарының суда еруінде байқалады.Ерігіштіктің температураға тәуелділігін ерігіштік қисығы арқылы график түрінде бейнелеу ыңғайлы.Ерігіштік қисығын горизонталь өсіне температураны, ал вертикаль өсіне температураға сәйкес заттың ерігіштігін салады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет