Iv. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе



бет7/11
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#117102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ерітінділер

Криогдраттар. Кейбір тұздардың ерітіндісін салқындатса, біраздан соң одан ерігіштігіне сәйкес тұз бөлініп шығады, ал температура 00С төмен түсіп кесімді бір щекке жеткенде, ерітінді түгел қатады. Ол қатқан бір текті зат, оның ішінен жеке тұз, не мұз табыдмайды. Міне осыны криогидрат дейді.
Өзгермей қайнайтын ерітінділер. Екі сұйықтың қоспасын ажырату үшін көбіне олардың қайнау температураларының айырымына сүйеніп, айдау арқылы ажыратады. Бірақ бұл әдіспен ажыратып алуға болмайтын да ерітінділер бар. Мысалы, күкірт қышқылының сұйық ерітіндісінен қыздыру арқылы ондағы суды буландырып таза 100% күкірт қышқылын алуға болмайды. Өйткені қыздырғанда қайнау температурасы төмен болғандықтан әуелі су буланып ұшқанымен күкірт қышқылы концентірленіп 98,3% болған кезде, енді қалған 1,7% суды қайнату арқылы ажыратып алуға болмайды. Оны одан әрі қыздыра берсек температура өсе-өсе 3370С жеткен кезде, 98,3% күкірт қышқылы сумен ажыраспаған түрінде түгел қайнайды. Мұның буын жинап, суытып талдасақ бұрынғы күйінде қалады. Міне осындай ерітінділерді- өзгермей қайнайтын ерітінді дейді. Мұндай ерітінділер көп кездеседі, мысалы: 37%HF,tқә0+1120С; 20,2%HCl tk+1100C; 57%HI tk+1270C т.б.
Сонымен ерітінділерде бір жағынан физика-механикалық процесс болып жатады, ол еритін заттың бөлшектері үзіліп шығып еріткіштің молекулаларымен түйісуі; Вант-Гофф пікіріне сәйкес бұл арада ерітінділер газға ұқсайды. Екінші жағынан ерітінділерде химиялық процестер жүреді. Қорытып келгенде осы күнгі ерітінділер теориясында физикалық және химиялық факторлар қатар қаралады; бірақ ерітінділердің жалпы теориясы, айталық компаненттердің таза күйіндегі қасиеттеріне ерітіндінің қүрамына қарап, ерітіндінің қасиеттерін болжауға мүмкіншілік беретіндец теория әлі қабылданған жоқ.
1.2 Ерітінділер концентрациясы
Ерітіндінің концентрациясы дейтініміз ерітіндінің белгелі бір массалық мөлшеріне, не белгілі бір қөлемінде еріген заттың массасы не заттың мөлшері. Ерітіндінің концентрациясын, яғни ерітінділердің құрамын кескіндеудің бірнеше әдісі бар, біз солардың химияда қолданылатын кейбіреулерімен танысалық.
Массалық үлеспен өлшенетін (пайыздық) ерітінділер, яғни ерітіндінің 100 масса бөлігіңде еріген заттың массасы. Еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы еріген заттың массалық үлесі деп атайды. Массалық үлес бірлігімен немее пайыздық мөлшерімен белгілейді
ω = немесе ω= *100%
m1 – еріген заттың массасы; г; кг; m2-ерітіндінің массасы; г; кг; ω – массалық үлес.
Мысалы қанттың 12 пайызды ерітіндісі десек, ол ерітіндің 100 грамында 12 г қант, 88 г су бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет