Iv. Қолданылған әдебиеттер Кіріспе



бет6/11
Дата17.10.2023
өлшемі1 Mb.
#117102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ерітіндінің бу қысымы
Берілген температурада таза сұйықтың бетіндегі қаныққан бу қысымы-тұрақты шама.Осы сұйықта әйтеуір бір затты еріткенде, ерітінді бетіндегі қаныққан су қысымы төмендейтіндігін тәжірибе көрсетті.Сонымен, ерітінді бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымы әрқашанда сол температурадағы таза еріткіштің бетіндегі қаныққан бу қысымынан төмен болады.Осы шамалардың айырымын ерітінді бетіндегі бу қысымының төмендеуі деп атайды (немесе ерітіндінің бу қысымының төмендеуі).Ерітіндінің бу қысымының төмендеуінің таза еріткіштің бетіндегі қаныққан бу қысымына қатынасы ерітіндінің бетіндегі бу қысымының салыстырмалы төмендеуі деп аталады.
Таза еріткіштің бетіндегі қаныққан бу қысымын деп,ал ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымын p деп белгілейді.Сонда ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі бұһқлшек түрінде көрсетіледі:

1887 жылы француз физигі Рауль,әр түрлі ұшпайтын заттардың ерітінділерін және заттардың қатты күйіндегі қасиеттерін зерттей келе,сұйытылған бейэлектролит ерітінділерінің бетіндегі қаныққан бу қысымының төмендеуінің концентрациямен байланыстылығы туралы заңды тұжырымдады:
Еріткіштің ерітінді үстіндегі қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі ерітіндіде еріген заттың мольдік үлесіне тең.
Рауль заңының математикалық өрнегі мына теңдеуге сәйкес келеді:

мұндағы -еріген заттың мольдік үлесі.
Ерітінді үстіндегі қаныққан бу қысымының төмендеу құбылысы Ле Шателье принципінен шығады.Мысалы,су мен оның буы арасындағы тепе-теңдікті көз алдымызға келтірейік.Белгілі бір қаныққан бу қысымына дәл келетін тепе-теңдікке сәйкес теңдеуді былау өрнектеуге болады:

Егер суда бір заттың белгілі мөлшерін ерітсе,онда судың ерітіндідегі концентрациясы азаяды да,будан оның керісінше сұйыққа ауысатын-конденсациялану процесі артады.Жаңа тепе-теңдік қаныққан бу қысымының бұрынғыдан төменірек қысымында орнайды.


Ерітінділердің қатуы мен қайнауы
Жеке заттар бір агрегаттық күйден екіншісінне өткенде қатал өзіндік қайнау температурасымен сипатталады (қайнау температурасы,балқу температурасы немесе кристалдану).Су,қалыпты атмосфералық қысымда (101,3 кПа) 0 кристаланады және 100 қайнайды.
Ерітінділерде басқа жағдай болады.Еріген заттың болуы ерітінділердің қайнау температураларын жоғарылатады және қату температураларын төмендетеді,ерітінді концентрлі болған сайын ол шамалар артады.Көптеген жағдайда ерітіндіден кристалданантын (қатуда) немесе қайнап суалатын (қайнағанда) тек еріткіш,соның нәтижесінде ерітіндінің концентрациясы артады.Бұл өз кезегінде температураның жоғарылауына және төмендеуіне әкеледі.Сонымен ерітінді бір белгілі температурада ғана қайнап немесе қатып қоймайды, ол бір температуралық аралықта жүреді.Берілген ерітіндінің температурасының қатуының басталуын кристалдану температурасы деп,ал, ерітіндінің температурасының қайнауының басталуын қайнау температурасы деп атайды.
Ерітіндінің және таза еріткіштің қайнау температураларының айырымын ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы деп атайды . .
Ерітіндінің және таза еріткіштің қату температурасының айырымын ерітіндінің қату температурасының төмендеуі деп атайды .
Ерітіндінің қайнау және қату температураларын және белгілеп,ал таза еріткіштер үшін сол шамаларды былай және белгілеп,келесі теңдеулерді аламыз:

Кез келген таза сұйық оның үстіндегі қаныққан бу қысымы сыртқы атмосфералық қысымға тең болғанда қайнайды.Мысалы, су 101,3 кПа қысымда 100 температурада қайнайды,себебі осы температурада су үстіндегі қаныққан бу қысымы 101,3 кПа-ға тең болады.Егер суда ұшпайтын затты ерітсе,онда бу қысымы төмендейді.Ерітінді бетіндегі қысымды 101,3 кПа жеткізу үшін ерітіндіні 100 градустан жоғары көтеру керек.Осыдан, ерітінділердің қайнау температурасы таза еріткіштің қайнау температурасына қарағанда әрдайым жоғары болады.Ерітіндінің қату температураларының төмендеуі тура осылай түсіндіріледі. Ерітінділердің қайнау температураларының жоғарылауы мен қату температураларының төмендеуі Ле Шателье принципіне бағынады.
Ерітінділердің қайнау және қату температураларын өлшеу арқылы эбуллиоскопиялық және криоскопиялық әдістермен заттардың молекулалық массаларын анықтауға болады.Еріткіштердің бірнеше түрлерін қолдана отырып,екі әдіс те химияда әр түрлі заттардың молекулалық массаларын анықтауда кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет