«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары



бет3/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
кыз еркем

«Қыз-еркем,қылығымен көркем»
Мақсаты: Оқушыларға сайысымыздың барысымен және мақсаттарымен таныстыру.Оқушыларға көңіл-күй сыйлап,эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Мадақтау қағаздар, слайдтар, накыл сөздер, сахна шармен безендіріледі.
Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар мен ұстаздар! Осы байқау 6-сынып оқушы қыздар арасында: Бұл байқау эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инаббатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен бастауға рұқсат етіңіздер. «Қыз өссе – елдің көркі» атты байқауымыздың шарттарымен таныстыра өтсек.
1. «Тегін білу, тектілік» өзін – өзі таныстыру
2. «Анасын көріп, қызын ал» өз өнерлерін көрсету
3. «Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ – жауап
4. «Шебер қолдар» салат түрлерін жасау
5. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету (үй жұмысы)
6. «Мемлекеттік тіл- өркениеттің белгісі» Тіл туралы өлең оқу
Жүргізуші:
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,
Қуанып шаттанып, күлуде бар.
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділқазылар тағыда бар.
( Келесі кезекте әділқазылар алқасымен танысу.)
1-Жүргізуші: Ал енді, бүгінгі байқауға қатысатын аруларымызды қарсы
алайық!
Жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен жеті ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Таныстырсын өздерін,
Тамылжытып сөздерін–келесі кезекті
«Тегін білу, тектілік» өзін – өзі таныстыру сайысымызға берсек.
(Аруларымыз кезек-кезек өздерін таныстырады)
Әділқазы бағаларын береді.
Жүргізуші:
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сыныда бәйге алуға,
Арулар аянбай ақ жан салыпты,- дей келе «Анасын көріп, қызын ал» өз өнерлерін көрсету. Сайысымыздың келесі кезегіне берсек.
(Аруларымыз кезек-кезек өздерінің өнерлерін көрсетеді)
Әділқазы бағаларын береді.
6 сынып оқушыларынан би шашу.
Жүргізуші: Жек жат кім, жұрағат кім, жамағат кім?
Көңіліне тоқып бәрін жүрмей мекен
Туысты қалай атау керектігін
Кәнеки, біздің қыздар біле ме екен, - дей келе «Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ – жауап сайысына да келіп қалдық....
(қыздарымыз ортаға шығады, сұрақтар қойылады)
1. Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Жеті қазынаны ата? ( 1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық7. Жүйрік тазы )
3. Жеті жұртты ата? (Оба, Зіл зала, Су тасқыны, Асаршылық, Құрғақшылық, Өрт, Апат)
4. Әпкеңнің қызы саған кім?()
5. Ер баланың үш жұртын ата? (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
6. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,
туажат
7.Бес арысты ата? (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев)
8. Жеті күнді ата?1. Дүйсенбі 2. Сейсенбі 3. Сәрсенбі /сәтті күн/
4. Бейсенбі 5. Жұма /қасиетті күн/6. Сенбі 7. Жексенбі.
Әділқазы бағаларын береді.
Жүргізуші:
Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз дем арада майысып.
Бұл бөлімде қыздар өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді.
Әділқазы бағаларын береді.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп ортада
__________________ орындауында
«Ән шашу»
Жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың –дей келе сайысымыздың «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән киім үлгісін көрсету бөліміне берсек.
(Аруларды кезек-кезекім ортаға шақырымыз, сән үлгісін көрсетеді және таныстырады)
Әділқазы бағаларын береді.
Жүргізуші:
Мен жаспын деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап тұрар бойында – дей келе соңғы бөліміміз «Мемлекеттік тіл- өркениеттің белгісі» Тіл туралы өлең оқу сайысына кезек берсек.
Әділқазы бағаларын береді.
(әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірін білдіреді, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.)
Жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе -елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп-көп рахмет.

8-9 сыныптар арасында




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет