Қызба. Түсінігі. Этиология. Патогенез. Сатылары



бет3/4
Дата24.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#96753
1   2   3   4

Температуралық сызықтар:


Тұрақты қызба
    • таңертенгі және кешкі температуралардың айырмашылығы 1°-тан аспайды.

Ұстамалы қызба

Қалжырататын қызба
    • Таңертеңгі температура мен кешкі температураның айырмашылығы 3-5°С болуы мүмкін

Келбетсіз қызба
    • Температураның тәуліктік өзгеруі бей-берекет, ретсіз болады.

Босаңситын қызба
    • Жоғары деңгейдегі дене температурасы таңертең және кешке 1,5-2°С-ға өзгеріп тұрады, бірақ қалыпты деңгейге дейін төмендемейді.

Қызба мен гипертермияның айырмашылығы:

  • Қызба мен гипертермия кездеріндегі дене қызымының көтерілу жолдары мен себептері әртүрлі болады. Гипертермияның негізгі себебі болып сыртқы орта темпертурасының жоғары көтерілуі есептеледі. Ол ыстық өндірістерде істейтін жұмысшыларда, ыстық климаты бар аймақтардың тұрғындарында т. б. жағдайларда байқалады. Бұл кезде сыртқы ортада температура көтерілуіне организмнің икемделістік тетіктері белгілі уақытқа дейін қарсы тұрады. Терінің қан тамырлары кеңиді, тыныс алу және жүрек соғуы жиілейді. Артынан бұл икемделістік тетіктер жеткіліксіз болып, дене қызымы көтеріледі, гипертермия дамиды.Қызба кезінде термореттеу тетіктерінің өзгерістері дене қызымын көтеруге бағытталған, ал гипертермия кезінде олар дене қызымы көтерілуіне қарсы тұрады. Дене қызымының көтерілуі қызба кезінде пирогендердің әсерінен болады, ал гипертермия кезінде олардың маңызы болмайды. Кейде гипертермияны зат алмасуларын арттыратын (α-динитрофенол, кофеин, фенамин, тироксин т. б.) дәрі-дәрмектердің көмегімен алуға болады. Бұл кезде тотығу үрдістерінің фосфорланудан ажырауына байланысты организмде жылу өндірілу артады.

Қызбаның қанайналымға әсері:

  • Қызба кезінде ең айқын өзгерістер қан айналым жүйесінде байқалады. Дене қызымының 1˚С-ға көтерілуі, тамыр соғуының минөтіне 8-10-ға жиілеуімен сипатталады. Бұны жүректің синустық торабы ыстық қанмен қоздырылуымен түсіндіреді. Сонымен бірге, ет ысуы кезінде симпатикалық жүйкелердің межеқуаты көтерілуі де тахикардия дамуына белгілі үлесін қосады. Жүрек соғуы жиілеудің нәтижесінде қанның минөттік көлемі үлкейеді. Ет ысуының бірінші сатысында артериялық қан қысымы көтеріледі, терінің қан тамырлары жиыры-лады, ішкі ағзалардың тамырлары, керісінше, кеңиді. Үшініпі сатысында дене температурасы күрт төмендеуінен артериялардың межеқуаты қатты азайып, қан тамырлары қызметінің қауырт дамитын жеткіліксіздігі (коллапс) байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет