Қызба. Түсінігі. Этиология. Патогенез. Сатылары


Қызбаның асқорытуға әсері



бет4/4
Дата24.05.2023
өлшемі1,32 Mb.
#96753
1   2   3   4

Қызбаның асқорытуға әсері:

  • Қызба кезінде ас қорыту жүйесінде айқын өзгерістер пайда болады, сілекей бөлінуі азаяды (ауыз қуысы құрғақтанып, тілде таңдақтар пайда болады), асқазан сөлінін бөлінуі мен оның қышқылдығы төмендейді, ішек-қарынның қимылдық әрекеттері әлсірейді.

Қызбаның эндокрин жүйесіне әсері:

  • Қызба эндокриндік жүйенін өзгерістерімен сипатталады. Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты глюкокортикоидтық гормондарды артық түзеді. Жұқпалы аурулар кездерінде ет ысуы қалқанша бездің гормондарының көп түзілуіне әкеледі. Осыдан негізгі алмасу көтеріледі.

Қызбаның жүйке жүйесіне әсері:

  • Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу үрдістерінің ара қатынасы өзгереді, жоғары жүйке әрекеттері әлсірейді, бас ауыруы, шаршау сезімі, ұйқы басу немесе көз ілінбеу т. б. белгілер пайда болады. Жұқпалы аурулар кездерінде, әсіресе жас балаларда, бұл құбылыстар өте ауыр түрде өтуі мүмкін. Бұл кезде естен тану, сандырақтау, елестеу пайда болады. Кейде бұл құбылыстар дене қызымының тіпті орташа көтерілуінде де болуы мүмкін. Сондықтан олардың даму жолдарында организм уыттануының маңызы зор екенін көрсетеді.

Қызбаның зат алмасуға әсері:

  • Қызба кезінде зат алмасу үрдістерінің барлық түрлері бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бұзылады. Бауырда, бұлшықеттерде гликогеннің мөлшері азайып, қанда гипергликемия дамиды. Глюкозаның тотығуы күшейеді. Артынан көмірсуларының организмде қоры азаюына байланысты майлардың пайдаланылуы артады. Май қышқылдарының тотығуы аяғына дейін жүрмей, аралық өнімдері (кетондық денелер) жиналып қалады, олар несеппен сыртқа шығарыла бастайды (ацетонурия). Егер еті ысыған адам жеңіл қорытылатын көмірсулардан тұратын тағамдарды жеткілікті мөлшерде қабылдаса, онда май алмасуының бұзыдыстары қалпьша келеді. Сондықтан дене қызуы көтерілген адамдар, әсіресе балалар, тәтті сусынды көп ішулері керек.

Қызбаның пайдасы:

  • микробтардың өсіп-өнуі баяулайды, антибиотиктерге және бактериялар- дың өсіп-өнуін тежейтін басқа дәрілерге олардың төзімділігі азаяды;
  • жасушаларда зат алмасу үрдістері артып, олардың атқаратын қызметтері жақсартады;
  • лейкоциттердің фагоцитоздық әсерлері сергиді;
  • антиденелердің өндірілуі артады;
  • бауырдың уытсыздандыру қызметі күшейеді;
  • қабыну ошағында нейтрофилдер және макрофагтар: бактерицидтік заттар (катиондық нәруыздар, лизоцим т. б.), антитоксиндік және вирустардың өсіп-өнуін тежейтін (интерферон) заттар өндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет