Қыздар жиналысының хаттамасы Ерте жүктіліктің алдын алу


Ерте жүктіліктің алдын алу. қыздармен жүргізілген жиналыс



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі36,66 Kb.
#73769
1   2   3
Ерте жүктіліктің алдын алу. қыздармен жүргізілген жиналыс
«№1 орта мектебі»КММ
қыздар жиналысының 
ХАТТАМАСЫ
Аса ауылы 4.12.2018ж
Өткізілген жері: №1 орта мектебінің мәжіліс залы
Қатысқандар:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері- Л.Зарпулова;
2. Жастар денсаулық орталығының жетекшісі- А.Сайлаубаева;
3. Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері-А.Тайлыбаева;
 4. Мектеп психологы-А.Мауленова
Барлығы: 8-11 сыныптың қыз балалары. 95 адам
Жиналыс төрайымы: Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері- Л.Зарпулова.
Жиналыс хатшысы: А.Кушенова
КҮН ТӘРТІБІ:
 1. Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу. Баяндамашы: Жастар денсаулық орталығының жетекшісі- А.Сайлаубаева
 2.  Ерте жүктіліктің қауіп-қатері. Баяндамашы: Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері-А.Тайлыбаева.
 
ТЫҢДАЛДЫ.
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Л.Зарпулова бүгінгі жиналыстың мақсатымен таныстырып, жиналысты ашты. Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан жиналыс екендігін оқушыларға баяндады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі-гормоналды ауысу кезеңі басталады. Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді. Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан интернеттен біледі деп ойлайды. Алайда, бұл ақпарат қыз балаларға жеткіліксіз болып келеді. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыз бала, қыз,әйел- бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де,қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды екенін түсінуіміз қажет екендігін қыздарға түсіндіріп жастар денсаулық орталығының жетекшісі А.Сайлаубаева айтып өтті. Баяндамашы Сайлаубаева егер ерте жүктілік болған жағдайда сенім телефонына немесе көрсетілген мекен-жайға келіп көмек сұрауға болатынын баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «ерте жүктіліктің қауіп-қатері». Жамбыл аудандық орталық аурухананың акушері А.Тайлыбаева статистикалық мәліметтерді баяндап, ерте жүктіліктін қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс екенін тілге тиек етті. Жасөспірімдер бір ғана шалыс басқан істің артында үлкен қауіп-қатер бар екенін біле бермейді. Мысалы жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды, қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп қатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмайды соның салдарынан ақауы бар баланың дүниеге келуі мүмкін. Міне, жоғарыда аталған дүниенің бәрі ерте жүктіліктің қауіп қатері екенін оқушыларға жеткізді.
Шешім:
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қыздар төрайымы қыздармен тығыс байланысып, жұмыстар жүргізілсін.

Хаттама № 1


08 қыркүйек 2018 жылы № 51 М. Қаратаев атындағы орта мектебінің
8 «а»- сыныбында қыздар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті-14
Қатысқаны- 14
Күн тәртібінде:
1. 2018-2019 оқу жылына 8 «а» қыздар ұйымының төрайымын сайлау.
2. Қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау.
3.Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
1.Сынып жетекшісі 2018-2019 жаңа оқу жылында қыздар ұйымының төрайымын сайлау керектігі жөнінде айтып,оған сыныптан лайықты оқушыны таңдау керектігін айтып өтті.
2.Сыныптың тазалық секторы Елеусін Алтынай «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқыды. Баяндамада қыз балалардың да жеке бас гигиенасын сақтау туралы ақпараттар мен жаңалықтармен бөлісті.
3.Сынып старостасы Ахылбек Айда сынып оқушыларының тазалығын, формасын үнемі басты назарда ұстау керектігі жөнінде айтып өтті.
Қаулы:
1.Сыныптың қыздар ұйымының төрайымы болып А.Ержігітқызы тағайындалсын.
2.Сынып қыздарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау қыздар ұйымының төрайымы А.Ержігітқызына жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Н.Әлшекеева
Хатшысы: А.Ахылбек
Хаттама № 2
20 қараша 2018 жылы № 51 М. Қаратаев атындағы орта мектебінің
8 «а»- сыныбында қыздар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті-14
Қатысқаны- 14
Күн тәртібінде:
1.Сынып қыздарының тәртібі, жеке бас тазалығы жайлы
2. Қыздарды «Қызға қырық үйден тыйым» деген баяндамамен таныстыру.
3.Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
1.Сынып жетекшісі І тоқсан бойынша қыздардың тәртібі, жеке бас тазалығында айтарлықтай ерекшеліктер болмағанын , оған басты себеп күнделікті айтылып жүрген мәселе екендігін айтып өтті.
2.Сыныптың қыздар ұйымының төрайымы А. Ержігітқызы «Қызға қырық үйден тыйым» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндаманы талқылығанда сыныптың оқу секторы Хани А. ертеде ата-бабаларымыз қыз балалардың тәрбиесіне аса қатты көңіл бөлгендігін айтып, қыздардың кез-келген ортада өзін сыпайы ұстау керектігі жөнінде пікір білдірді.
3. Сынып старостасы А.Ахылбек қыздардың өзерін кез-келген жерде әдепті ұстап, жеке бас тазалығын тазалығын сақтап, формасын , бантиктерін үнемі таза , ұқыпты ұстау керектігін ескертті.
Қаулы:
1. Сынып қыздарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау қыздар ұйымының төрайымы А.Ержігітқызына жүктелсін.
2. Сыныптың қыздары өздерін кез-келген ортада өздерін әдепті ұстайтын болсын.
Жиналыс төрайымы: Н.Әлшекеева
Хатшысы: А.Ахылбек
Хаттама № 3
13 қаңтар 2019 жылы № 51 М. Қаратаев атындағы орта мектебінің
8 «а»- сыныбында қыздар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті-14
Қатысқаны- 14
Күн тәртібінде:
1.Сынып қыздарының тәртібі, жеке бас тазалығы жайлы;
2.Ғаламтор желісіндегі ойындарды қолданбау,беймезгіл уақытта көшеге шықпау мәселесі жайлы;
3. Қыздарды «Қыздарға не жарасымды» деген баяндамамен таныстыру.
4.Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
1.Сынып жетекшісі Н.Әлшекеева қыздардың тәртібі, жеке бас тазалығында айтарлықтай ерекшеліктер болмағанын , оған басты себеп күнделікті айтылып жүрген мәселе екендігін айтып өтті.
2.Сынып жетекшісі сыныптағы қыздардың ғаламтор желісіндегі ойындарды қолданбау керектігін, беймезгіл уақытта көшеге шықпауға тиіс екендігін ескертті.
3. Сыныптың қыздар ұйымының төрайымы А. Ержігітқызы«Қыздарға не жарасымды» деген тақырыпта баяндама оқыды. Баяндаманы талқылығанда, сыныптың белсендісі Қ.Бектемір қыз балалардың өз жас ерекшеліктеріне қарай жарасымды киіне білу керектігі жөнінде пікір білдірді.
4. Сынып старостасы А.Ахылбек қыздардың өзерін кез-келген жерде әдепті ұстап, жеке бас тазалығын тазалығын сақтап, формасын , ұқыпты кию керектігін ескертті.
Қаулы:
1. Сынып қыздарының мектеп формасын сақтау, сабақтан қалмауы, жеке бас гигиенасын қадағалау қыздар ұйымының төрайымы А.Ержігітқызына жүктелсін.
2. Сыныптың қыздары өздерін кез-келген ортада өздерін әдепті ұстайтын болсын.
3.Сынып қыздарының ғаламторға ,әлеуметтік желілерге ,зиянды сайттарға кіруін қадағалау қыздар ұйымының төрайымы А.Ержігітқызы мен сынып жетекшісі Н.Әлшекееваға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Н.Әлшекеева
Хатшысы: А.Ахылбек






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет