Қыздар жиналысының хаттамасы Хаттама №1 Сағат 12. 00



Дата25.09.2024
өлшемі16,3 Kb.
#145767
Байланысты:
хаттама


Қыздар жиналысының хаттамасы
Хаттама №1

Сағат 12.00 27.09.2023 ж.


Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, «Филология» бөлімі, 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» 1/9/ жка тобында жалпы қыздар жиналысы болып өтті.


Қатысқандар:1/9/ жка тобының қыздары, топ жетекшісі
Қатыспады


Күн тәртібінде қаралатын мәселе:


1. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» баяндама
2. «Қызға қырық үйден тыйым» қыздарға арналған кеңес
3. « Ерте жүктіліктің ертеңі» түсіндіру жұмысы


Тыңдалды:
1-мәселе бойынша топ жетекші баяндамамен таныстырды. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Баяндамада өнегелі тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар - болашақ ана, бақыт байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім - тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігі түсіндірілді.
2 - мәселе бойынша топ жетекшісі сөз алды. Өз сөзінде қазақ - қашанда қызын аялаған, қызын тәрбиелеген халық. Қыз тәрбиесін ұлт тәрбиесімен пара-пар қойған, қыз болашақ деп білген. Сондықтан да қай кезде болмасын қызын мейірімділікке, сыпайылыққа, ұяңдыққа, адамгершілікке баулыған. Өйткені, қыздың орны бөлек, жолы басқа.
Қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғым саналатын «Қызға қырық үйден тыйым» топтамасын тарату.
3 - мәселе бойынша «Ерте жүктіліктің ертеңі» тақырыбында топ жетекшісі қыздар арасында ерте жүкті болу, қыз бала болашағына, денсаулығына зиян екендігін, ерте жүктілік те құқықбұзушылыққа жататынын айтып, кең түрде түсінік берді. Қазіргі қоғамдағы қыздар арасындағы жат қылықтар туралы және білім алушылар арасында 13-18 жас аралығында ерте жүктілік көп кездесіп жатқандығын, кешке жақын көшеде сағат 20-00 дан кейін шықпау және туылған күндерді өткізбеу, қыз бала туысқандары болса да үйіне қонбау керектігі ескертіліп айтылды. 
Шешім:


1.«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» баяндама «қанағаттанарлық» деп танылсын
2. Қазақ салт-дәстүріндегі тәрбиелік ұғым саналатын «Қызға қырық үйден тыйым» кеңесі әр қыз баланың ұстанымына айналсын.
3. Ерте отбасын құру, ерте жүктілікті болдырмау қаперге алынсын.


Жиналыстың төрайымы: С.Т.Масатова
Хатшы: Н.Ж.Қабдол

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет