Издательство «Северный Казахстан» Зейнел-Ғаби Иманбаев балаларға арналған қызықты әңгімелер



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі30,69 Mb.
#7243
1   2   3
ЗИнұр 

Зинұр  сабақ  әзірлеуге  отырды. 

Бүгінгі тапсырма өлең жаттау еді. 

«Жазғытұрым  қалмайды  қыстың 

сызы...»  -  деп,  шапшаңдатып  оқи 

бастады.  Әпсәтте  бір  шумағын 

жаттап  та  үлгерді.  Өлеңді  түгел 

жаттап  болмай,  ештеңеге  бұрыл-

мауға  бекінді.  Сөйтіп  отырғанда, 

өзімен  кластас  баланың  келе  қал-

масы бар ма?

- Жүр, Зинұр, балаларға арналған 

қызық кино келіпті. Оқушылардың 

бәрі кетіп жатыр, - деді ол.

-  Жоқ,  Жаңаш,  мен  өлеңді  жат-

тап  алмай,  ешқайда  шықпаймын, 

- деді Зинұр.

- Келген соң да, жаттап алмаймыз 

ба? - деп Жаңаш қиылып еді, досы 

көнбеген соң, жүгіре жөнелді.

«Жазғытұрым қалмайды қыстың 

сызы», - деп Зинұр қайта оқи баста-

ды.  «Қойшы,  Жаңаш  айтқандай, 

келген соң да, әпсәтте жаттап алуға 

болады ғой. Көп қызықтан құр қала-

тын болдым-ау! Әй, Жаңаш, тоқта!» 

- деп, терезеден мойнын созып, ай-

қайлап жіберді.

Кинодан  келген  соң,  өлеңді  қай-

тадан  жаттауға  кірісті.  Сөйткенше 

болған жоқ, балалар сырғанаққа жи-

налып  қалды.  Қолшанаға  екеу-екеу 

мінгесіп,  биіктен  төмен  қарай  зы-

рқыратып жүр. «Жоқ, мен ешқайда 

шықпаймын. Өлеңді қалайда жаттап 

алуым керек», - деді Зинұр өзіне. Әй-

тсе де, ұзақ отыра алмады. Сырттағы 

балалардың  шуы  алаңдата  берді. 

«Қойшы, кешке шам жаққан соң да 

қалғанын  жаттап  тастауға  болады 

ғой» - деді де, киімдерін шала-пұла 

кие салып, далаға шықты.

Кешкі тамақтан соң қалғи баста-

ды. Өлең жаттауға шамасы келмеді. 

«Қойшы,  ертеңмен  тұрып  жаттап 

алам ғой, енді көп қалған жоқ», - деп 

жатып қалды.

Ертеңіне  Зинұр  кеш  оянып,  мек-

тепке  қарай  асығыс  жүгіріп  бара 

жаты.


Суретін салған В. Емельянов

«Балдырған» журналы №9, 1967 ж.

27

Ертеде бір кедейдің жалғыз бала-

сы қатты науқастанады. Ешбір ем 

табылмайды.  Бала  жуадай  солып, 

әлсірей  бастайды.  Жалғыз  баласы 

үшін жан беруге бейіл кедей алыс 

қалада  тұратын  Лұқпан  Хакімге 

сапар шегеді. Көлігі жоқ екен, ба-

ласын қол арбаға отырғызып алып, 

шөл  дала,  қиын  асулардан  өтіп, 

арып-ашып ғалымға да жетеді. Ба-

ланы  зер  салып,  ұзақ  қарайды  да, 

ғалым:

- Сіздің мұншалық бейнет көріп 



келгеніңізге жаным ашыса да, қо-

лымнан  келері  жоқ,  бұл  дауасыз 

дерт  екен,  -  дейді  кедейге.  Ама-

лы  құрыған  кедей  шөл  даламен 

қайта  жолға  шығады.  Баласы  да, 

өзі  де  қалжырап,  жалғыз  сексеуіл 

түбіне  аялдайды.  Шөлдің  тырбық 

сексеуілінің  көлеңке  саясы  да  ша-

малы  екен.  Аспан  айналып  жерге 

түскендей  ыстықта  әлі  құрыған 

кедей  құтыдағы  соңғы  шалабын 

тостағанға  құйып,  көлеңкеге  қоя-

ды да, өзі қалғып, ұйықтап кетеді. 

Ояна  келсе,  сала  құлаш  қарасұр 

жылан  сусынды  сарқып  ішіп  тұр 

екен. Кедей еңіреп жылап жібереді. 

Сол  кезде  жылан  басын  көтеріп, 

ысқырып  қалып,  ішкен  шала-

бын  тостағанға  қайта  кұса  сала-

ды да, кетіп қалады. Құсық-шалап 

быжылдап  қайнап  барып,  басыла-

ды.


Ауру бала сусын сүрайды. Кедей 

су  іздеп,  қыр  асып  кетеді.  Шөлге 

шыдамаған  бала  жылжып  барып, 

тостағандағыны ішіп салады. Сол-

ақ екен, жартылай жансыз денесіне 

қан  жүгіріп,  әл-

дене  бастайды. 

Әкесі арып-шар-

шап,  құр  қол 

қайтқанда, бала-

сының  арба  жа-

нында  қаз-қаз 

басып  жүргенін 

көреді.  Кедей  өз 

көзіне  өзі  сен-

бей, аңтарылып, 

тұрып  қалады. 

Мешел 


бала 

елге  өз  аяғымен 

жетеді.

Кедей бір күн-



дері 

баласын 


ертіп,  Лұкпан 

Хакімге 


тағы 

барады.


28

-  Мәртебелі  ғалым,  сізді  дерт 

иесі  Лұқпан  дейтін  еді.  Қолыңы-

здан  сауықпаған  адам  болмапты. 

«Дауасыз дерт жоқ» деп өзіңіз ай-

тады  екенсіз.  Мына  баламды  ем- 

демедіңіз,  дерті  дауасыз  дедіңіз. 

Көріп тұрсыз, бала сауығып кетті, 

осы қалай? - деп сұрақ қояды оған.

Қарт  ғалым  баланың  өн  бойын 

шолып қарап, аз отырады да:

- Рас, дауасыз дерт жоқ. Бұл ба-

лаға  керек  ем  өте  қиын  болатын. 

Жапандағы  жалғыз  сексеуілдің 

терең  тамырына  жақын  мекен  ет-

кен  қара  сұр  жылан  шығып,  қара 

сиырдың сүтінен ұйыған қатықты 

ішіп,  оны  дереу  қайта  құсса,  бала 

сол құсықты ішсе ғана, сауығатын 

еді. Зарыққаныңа орай, сондай бір 

кездейсоқ  жақсылыққа  тап  келген 

сияқтысың, - дейді ғалым.

- Иә, данышпаным, дәл солай бо-

лып еді! - деп, кедей болған оқиға-

ны баяндайды.

Содан  былай  адамдар  жылан 

уын емге қолдана бастаған екен.

 «Балдырған» журналы, №5, 

1967 жыл

таңҒаЖаЙып оҚИҒа 

Жылқыбай ағай рахаттана күліп 

алды да, әңгімесін бастап кетті.

- Тіпті таңғажайып оқиға болды. 

Шаңғымен бір түлкінің ізіне түсіп 

келе  жаттым.  Күн  тып-тымық,  үп 

еткен леп жоқ. Тоғай аппақ қырау 

жамылып тұр. Түлкі ізі бірде қарға 

жасырынып, бірде адам баспас шы-

тырманға кіріп, шимай салып, әу-

релеп баққан еді. Дамылдап алай-

ын деп, алаңқайға бөгелдім.

Бір  кезде  сауысқандар  шықы-

лықтап қоя берді. Талдардың қыра-

улы  басын  жайқап-  жайқап  өтеді. 

Сақтана  қалдым.  Сауысқандар 

жүрген қорым талдар оқ бойы ғана 

жерде.  Мылтығымды  қыса  ұстап, 

сығалап  қараймын.  Ештеңе  көрін-

бейді. Сауысқандар қасқыр не түл-

кі көрсе ғана мазаланады. Бір кезде 

тал  арасынан  қылтиып  қап-қара 

екі құлақ көрінді. Тани кеттім, қу-

дың өзі екен. Ол бір жатты, бір тұр-

ды. Мені мазақтап, әурелей баста-

ды,  Денесін  жасырып,  басын  ғана 

қылтитып алған. Мен де қозғалғам 

жоқ.  Әлден  соң  екі-үш  аттап  бері 

шықты  да,  қар  бетіне  бауырын 

төсеп,  жата  кетті.  Құйрығының 

ұшын  тістелеп  қойды.  Жалындай 

қып-қызыл  болып,  аунап-аунап 

түседі.  Мылтығымды  ілгері  соз-

дым.  Тоғай  селк  ете  қалды.  Түлкі 

орғып түсіп, екі-үш домалап кетті. 


29

Оппалап жетсем, қимыл сыз жатыр 

екен. Қар бетінде қан тамшылары 

бар.  Аударыстырып  қарадым.  Ту 

сырты қып-қызыл, тамағы мен ба-

уыры қардан аппақ. Тұмсығы мен 

аяқтары  қап-қара.  Сондай  әдемі. 

Сол  қалпында  балаларға  ала  ба-

райын  деп,  қоржынға  салып,  бөк-

тергіге байладым.

Ауылға  келгенімде,  әлі  жарық 

болатын. Бар бала жүгіріп алдым-

нан шықты.

Мен қоржынымды жерге түсіріп, 

ішінен алтайы қызыл түлкіні алып, 

қар  бетіне  тастадым.  Балалар 

таң-тамаша  болып,  қоршап  алды. 

Талпақ танау Зейнұр қолын апара 

беріп еді, түлкі секіріп тұра келіп, 

орманға  қарай  құйындай  ұшты. 

Зейнұр бақырып қоя берді.

Таң-тамашамын.  Жолда  келе 

жатқанда  да,  қоржыннан  алып 

жерге  қойғанда  да  қыбыр  етпеп 

еді, - деп, әңгімесін аяқтады аңшы 

ағай.


-  Бұл  ертегінің  өзіндей  ғажап 

оқиға  екен,  -  деп,  балалар  да  таң 

қалысты.

 

Суреттерін салған В. Лохоня 



«Балдырған» журналы, №4, 

1968 жыл.

достар

Зейін  бақта  жүр.  Қарақат  бұта-

ларының  сыртына  мойын  созып 

қарап  қояды.  Бұқпантайлап  іл-

гері  жылжиды  да,  кіп-кішкентай 

денесімен  бүрісіп  отыра  қалады. 

Бұтаның  арғы  бетінде,  бастарын-

да қара тебетейлері бар қызыл төс 

шымшықтар  жеміс  ағаштарының 

жел  қағып  түсірген  бүршіктерін 

шоқып жүр.

Әнеукүні  Зейін  осылардан  ау-

майтын  ойыншығын  сындырып 

алған.  Ал  мыналар  болса  -  тірі 

шымшық.  Өздері  қандай  әдемі, 

жерді шұқыған сайын құйрықтары 

шошаң-шошаң етеді. Жақындап ба-

рып ұстап алмақ еді, шымшықтар 

пыр  етіп  ұша  жөнелді.  Әрірек 

барып,  алма  ағашының  көлбеу 

бұтағына  қызыл  маржандардай 

тізіліп  отырды.  Көпті  көрген  кәрі 

торғай балаға мойын созып «шиқ-

шиқ» деп үн қатты.

- Зекә, сен не істеп жүрсің? - де-

ген менің даусыма балам жалт қа-

рады да:

- Шымшықтардың екеу- үшеуін 

үйге апарғым кеп еді, ұстатпайды! 

- деді. Мен күлдім де:

-  Олар  ұстатпайды,  қолға  үйре-

тудің басқаша жолы бар. Бері кел, 

- дедім.

Зейін  қуанып  кетті.  Екеуміз 

ағаштың төменгі жағына жем ша-


30

шатын  тақтай  орнаттық.  Айтқан-

дай-ақ, қызыл торғайлар әлгі жерге 

үйір болып алды. Шашқан бидай-

ды тақтай үстінен шоқи бастайды. 

Кейін алақандағы жемге де келетін 

болды.

-  Көремісің,  торғайлар  сенен 



жем сұрап тұр. Олар аш. Күн сай-

ын өз қолыңнан жем беріп тұрсаң, 

ешқайда кетпейтін болады, - дедім 

мен Зейінге.

Енді  Зейін  баққа  щықса-ақ 

болғаны,  құстар  шиқылдап  қу-

ана  бастайды.  Қаптап  келіп  қо-

лына,  басына,  иығына  қонады. 

«Шиқ- шиқ!» - дейді. Онысы «Көп 

рақымет саған, Зекә!» - дегендей.

Бала  торғайлардың  бақтан  кет-

пегенін  ұнатады.  Олар  ертең  жаз 

шыққан соң, бақтың зиянды кұрт-

тарын аулайды. Өйткені, құс адам-

ның айнымас досы ғой.

Суретін салған Л. Баранова

«Балдырған» журналы, №4,  

1969 жыл.

ҚыраҒыЛыҚ

Жаңадан  салынып  жатқан  қой 

қораның  іргесінде  Жақсылық  пен 

Жамантай  ойнап  отырды.  Биыл 

екеуі  де  бірінші  класты  бітірді. 

Құрылыс басына келгіш-ақ. Осын-

да  әкелері  жұмыс  істейді.  Бүгін 

жексенбі,  құрылыста  жұмысшы-

лар жоқ.

Орманнан  қайың  жапырақта-

рының  иісі  аңқиды.  Бұлбұл  үні 

естіледі. Балалар да ойынға әбден 

берілген. «Мынау қой қораның есі-

гі,  мынау  терезелері,  -  дейді  олар 

жарыса сөйлеп. - Енді төбесін жабу 

керек. Сонда нағыз қой қорасы бо-

лып шығады. Мына жерге қой қа-

майтын шарбақ тоқылады.»

Машина гүрілі естілді. Құрылы-

стың  арғы  орман  жақ  шетіне  бір 

жүк  машина  келіп  тоқтады.  Ба-

лаларға  бір  жақтауы  көрініп  тұр. 

Ақпен  бадырайтып  жазылған  но-

мер бар!


Екі  бала  ойнай  берді.  Маши-

на  тоқтаған  жақтан  тарсыл  естіл-

ді.  Келгендер  үюлі  тақтайларды 

асығыс арта бастады. Біреуі жоғары 

шығып, жан-жағына жалтақтап қа-


31

райды. Машиналар ағашты осында 

таситын еді. Мұнан тиеп әкеткенін 

балалар көрген жоқ-тын.

- Жамантай, қарашы, аналар ұры 

емес  пе  екен?  Өздері  сасқалақтап 

жүр.

- Біледі екенсің, осы күні ұры бар 



ма,  -  деді  Жамантай  мұрнын  бір 

сыйпап. - Ұры дегендердің кескін-

дері  жаман  болады  деп  естігем, 

әжем солай деген.

Балалар  ойынды  тоқтатып  ма-

шина  жаққа  қарады.  Екі  адам: 

бірі толық денелі қартаң, екіншісі 

жастау. Екеуі де жанталаса қимыл-

дайды. Тақтайдың бір үйіндісін ар-

тып алып, асығыс жөнеле берді.

- Аналар - ұры. Хабарлау керек! - 

деді Жақсылық.

- Кімге хабарлаймыз?

- Балташыларға.

- Жүр, кеттік!

- Тұра тұр, номерін жазып алай-

ық.

-  Қалай  жазамыз,  қағаз-қарын-



даш қайда?

- Мынаған.

-  Жақсылық  тақтай  кесіндісін 

шегемен асығыс тырнай бастады.

- Жүр, кеттік!

Екеуі қол үстасып жүгіріп бара-

ды.  Олар  ауылға  жеткенде,  алда-

рынан әкесі кездесе кетті.

- Папа, машинаға артып әкетті.

- Нені?


-  Әлгі  ағаштарды...  тақтайлар-

ды...


- Кім?

-  Ұрылар...  Тақтайлардан  көп 

қылып  артып  кетті,  -  деді  Жақ-

сылық.


Папасы  тез  арада  шақыртқан 

құрылысшылар жүгіре басып жет-

се,  еденге  деп  дайындаған  көп 

тақтай жоқ болып шықты. Машина 

дөңгелегінің жаңа түскен ізі жатыр.

-  Қап,  жер  соқтырды-ау!  -  деп, 

Жамантайдың әкесі күйініп тұр.

- Қандай машина екен? Номерін 

білесіңдер ме? Номері болса, қазір-

ақ тауып алар едік.

Екі бала біріне-бірі қарады,

- Білеміз, білеміз...

- Қане, айтшы.

-  Әлгі,  қалай  еді?  Әлгі,  он  үш... 

он үш...

- Ие, он үш? - деп құрылысшы-

лар төне түсті.

- Он үш... он үш... - деп Жамантай 

мұрнын  тартқылай  берді.  -  Ұмы-

тып қа- лыппын...

- Әттеген-ай!..

-  Ағатай,  мен  білем,  -  деп  Жақ-

сылық жүгіре жөнелді де, ойнаған 

жерлерінде  қалып  қойған  тақтай-

ды алып келді. - Міне, жазып қой-

ғам. Он үш - қырық сегіз.

- Аның осы ма?

- Анық.


-  Ендеше,  табылды.  Рақмет, 

нағыз қырағы октябрят екенсіңдер!



Суретін салған А. Лукьяненко

 «Балдырған» журналы №9, 

1970 жыл. 

32

өсекші

Қалбалақтап  ұшып  жүрген  са-

уысқан орман аралап келе жатқан 

аңшыны  көрді  де,  танысы  ор  қо-

янға «аңшы келе жатыр, аңшы», - 

деп жар салды.

Әккі  қоян  сауысқан  шықы- 

лықтағанда  -  ақ  тығыла  қалды. 

Жер  қара,  қоян  аппақ.  Алғашқы 

қар  еріп  кеткен,  ойдым-ойдым  

таусыншықтары қалған.

Қоян  тал  түбіндегі  тоқымдай 

қардың  бетіне  бұға  қойды,  аңшы 

аңғарар  емес.  Сауысқан  қоян 

жаткан  талдың  басына  қонып 

алып,  «аңшы  келе  жатыр,  аңшы, 

деп 

шықылықтаумен 



болды. 

Құйрығын  қыпылықтатып,  тал-

дан-талға қонады.

Өсекшінің  сырына  қанық  мер-

ген:  «Сауысқан  айтпаса,  осы  бір 

талсымақтың түбінде қоян бар деп 

кім ойлаған!» дейді.

«Балдырған» журналы, №6, 

1971 жыл.

шебербектің  

шебер ҚоЛы

Жаңа  жыл  кеші.  Шыршаны  ай-

нала  балалар  ән  салып,  би  билеп 

жүр. 


- Аяз ата келді! - деді бір бала ап-

тығып.  Сақалы  аппақ  қардай,  де-

несі аяз құрсанған, мұрны қып-қы-

зыл Аяз ата кірді.

- Сендер ескі жылда жақсы оқып, 

үлгілі,  тәртіпті  болған  екенсің-

дер,  -деді  ол  балаларға.  -  Көп-көп 

рақмет!  Енді  аталарыңның  сый-

лықтарын алыңдар!

Осыны айтып, Аяз ата қыраулы 

қоржынына қол салды.

-  Мынау  ерекше  сыйлық;  ең 

ұқыпты,  ең  зерек,  ең  тәртіпті 

оқушыға! Үздік оқыған қайсысың?

Балалар бір-біріне қарады.

- Мынау Шебербек үздік оқушы, 

суретті де жақсы сала алады, - деп, 

шу ете түсті сәлден соң.

-  Бәрекелде,  маған  сондай  бала 

керек. Міне, саған ерекше сыйлық. 

Бұл  сурет  салатын  кәдімгі  майлы 

бояу. Бояу болғанда қасиетті бояу, 

- деп, Аяз ата бір қалбырды Шебер-

бектің қолына ұстатты. - Мұнымен 

салған  суретің  бейне  кәдімгідей 

қажетке  жарайтын  дүние  болып 

шығады. Мысалы, машинаның су-

ретін  салсаң,  мінесің  де,  жүргізіп 

кете  барасың.  Үй  салсаң,  ішіне 

кіріп, жайғаса бер.

- Керемет! Тамаша! Ата, бізге де 

беріңізші! - деп шуласты балалар.

-  Әлгінде  келістік  қой.  Бір  ғана 

балаға, - деді Аяз ата.

Үйіне келісімен Шебербек отыра 

қалып, асығыс сурет сала бастады. 

Алдымен  әкесіне  жеңіл  машина, 

өзіне деп жүрдек шана жасады. Ма-

масына шешек атқан раушан гүлін, 

інісіне  үш  доңғалақты  велосипед, 

биік  үйлер,  сәулетті  мектептер  су-

реті қағаз бетіне сызыла берді. Су-

рет қызығымен отырып, түннің қа-

лай  өтіп  кеткенін  де  аңғармапты. 

Бір  дәптер  толыпты.  Бірақ  сурет-

терінің  бәрі  нашар.  Машинаның 

доңғалақтары  сопақ,  қиқы-жиқы. 

Гүлдер қурап тұр. Велосипед тұтқа-

сыз, тепкіншексіз, үйлері қисық.


33

Шебербек  оған  қынжылмады. 

Суреттерді үсті-үстіне сала берді.

Келер  жаңа  жылда  Аяз  атаға 

алып  келді.  Аяз  ата  суреттерді 

көріп:


- Ой-бо-ой, балам-ау, суреттерді 

қалай олақ салғансың?! - деді қын-

жылып.

-  Атай,  мен  қасиетті  бояумен 



салдым  ғой,  жаман  болуға  тиісті 

емес, - деді бала.

- Жоқ, бала, мұның жарамапты. 

Енді  мына  жәй  бояуды  ал,  -  деді 

Аяз ата.

Шебербек  сурет  салуға  қайта 

кірісті.  Айлар  бойы,  жылдар  бойы 

салумен болды. Сөйтіп жүріп, бала 

ержетті.  Одан  қартайды.  Бірақ, 

салған  суреттері  мәңгі  жас,  мәңгі 

тірі қалпында қалды. Кейін көрмеге 

қойылған  суреттері  жұрттың  бәрін 

қызықтырды.  Үйлердің,  мектеп-

тердің  төрінде  ілулі.  Шебербектің 

суреті  бойынша  жақсы  үйлер,  мек-

тептер, сәнді сарайлар тұрғызылды.

Сөйтіп,  адамға  керегі  қасиетті 

бояу емес, іскер қол мен талмас та-

лап екен.

Суретін салған А. Островский

«Балдырған» журналы №1,  

1971 жыл. 

мен теңіЗші боЛамын!

Қажыкен тым қиялшыл еді.

- Білесің бе, Төкен, дүниеде теңіз-

ші  болғаннан  артық  бақыт  жоқ. 

Алыс мұхиттарға саяхат жасайсың. 

Бөтен елдерді көресің, жақсы емес 

пе?  Теңізде  шырматылып  өсетін 

жібектей  жұмсақ  өсімдік  болады 

екен. Өзіміз күнде жеп жүрген кон-

фетті  ораған  әсем  қағаздар  содан 

жасалатын көрінеді.

-  Солай  ма,  расында  керемет 

екен?! - деді, Төкен таңданып.

- Солай, мен қалай да теңізші бо-

лам. Сенің ағаң сияқты үлкен кеме-

лермен жүзем.

-  Ой,  мақтаншақ,  мұрныңды 

сүртіп  алсайшы.  Сені  теңізшілік-

ке  алып  қайтсін,  -  деді,  Жандос 

күліп. Қажыкеннің қалқан құлағы 

қып-қызыл болып кетті.


34

- Алады, несі бар! - деп күмілжіді 

ол. Шолақ мұрны пысылдап аз тұр-

ды да, үйіне қарай жүгіре жөнелді.

- Неге ұялтасың, ол шынында да 

теңізші болады. Кім не болса еркі 

емес  пе?  -  деп,  Төкен  Жандосқа 

ренжіп еді, анау;

- Мақтаншақты жаным сүймей-

ді.  «Пәлен  болам,  түген  болам». 

Сонда  өзге  жұрт  бола  алмай  ма? 

Мысалы, менің космонавт болғым 

келеді,  Гагаринше  әлемді  айна-

лып  түсем.  Космонавтың  қасын-

да  теңізші  кім?  Менің  тағы  кім 

болғым келеді, тұра тұр, ойланай-

ын...

Төкен  қарқылдап  тұрып  күліп 



жіберді.

Осыдан соң олар көпке дейін кез-

деспеді.  Болған  оқиғаны  ешкімге 

де айтпады. Әсіресе Қажыкен тұн-

жырап  жүрді.  Бір  күні  Төкеннің 

теңізші  ағасы  демалысқа  келді. 

Бұған Қажыкен қатты қуанды. Ол 

теңізшіден көз алмай қарап тұрды. 

Шалбардың балағын ұстап көргісі 

келді.  Алтындап  жазылған  жібек 

лентаға қатты қызықты.

Матрос ауылда көп тұрмады. Бір 

жаққа жүріп кетті. Ол Төкенге ал-

тындап жазылған күнқағарсыз бас 

киімін, матрос белдігінің ауыр жез 

айылбасын қалдырған еді. Бетінде 

кеме якорының суреті бар сом ай-

ылбас.


Төкен Қажыкендікіне барды.

- Жүр, Қажыкен, ойнайық. Мен-

де  мыналар  бар,-  деді  ол,  лента 

мен айылбасты көрсетіп. Қажыкен 

көңілсіз ілесті.

- Мә, айылбасты сен ал. Теңізші 

болам деп жүрсің ғой.

Қажыкен басын шайқады.

- Ендеше лентаны да қоса берей-

ін.


Ол  тағы  да  бас  шайқады.  Екі 

дос  көлге  қарай  аяңдап  келе  жат-

ты.  Қажыкен  қыбырлай  толқын-

дап жатқан көл бетіне үңіле қарап, 

күрсініп жіберді;

- Мен бәрібір теңізші болам, көр 

де тұр!

бӘкең мен шакең 

Бәкең бір құшақ буды үйге ертіп 

ала  кірді.  Шәкең  етпеттеп  газет 

оқып жатқан.

- Бәрекелді, жақсы келдің! - деп, 

басын көтеріп алды.

Екі қарт азанда суат басында кез-

десіп, біраз жерге барысып қайтқан. 

Сөйте тұра, бір жыл көріспегендей 

шұрқыраса кетті. Шәкең төр алды-

на көрпе тастатып еді. Бәкең кебісін 

шешпей  төменірек  отырды  да, 

мұжық  саусақтарымен  насыбайды 

шымшып  алып,  тілінің  астына  та-

стап жіберді. Шәкең де сөйтті. Кіш-

кене  бурыл  сақалын  сипай  күлім-

сіреген Шәкең сөз бастады.

- Кеше өзіміз Отан соғысында жа-

умен шайқасқанда, - деді ол. (Осы-

лай  деу  сөзінің  шарты)  -  бірнеше 

күн  ұйқы  көрмей,  әбден  қажыған 

кездеріміз  болды.  Келе  жатып 

көзіміз ілініп кетсе, ауыл түсімізге 

кіреді. Оянсаң, көңілденіп, қайрат-

тана түсесің. Аяғыңды нық тастап, 

алға ұмтыласың.

Бірде  қалғып  кетіп,  қараңғыда 

саптан  қалып  қойсам  керек,  біреу 

жағама  жармаса  түскені.  Қарасам, 

теке  сасыған  фашист  екен,  айқаса 

кеттік. Бірде ол, бірде мен дендей-

мін.  Итжығысқа  түсіп,  бірде  мен, 

бірде ол аударып тастайды. Тірлік 


35

қымбат  оған  да,  маған  да.  Әбден 

қалжыраған кезімде бар қайратым-

ды жұмсап: уа, қасиетті Соналым, 

сен үшін! - деген кезімде, Қобылан-

дының күші бітті ме деймін, фаши-

сті алқымынан бір-ақ сықтым.

- Садағаң кетейін, Соналы, - деді, 

Бәкең  қызыл  көздері  жасаурап. 

- Қасиетіңе шек келтірмеймін. Ка-

линин  майданында  жүргенде  мен 

де  ылғи  аңсаумен  болдым.  Жау 

шабуыл  жасап  келеді.  Беті  қатты. 

Окоп  қазып  алып,  бауырымызды 

төсеп, атқылап жатырмыз. Жер бар-

да, біз мықтымыз. Фашистерді бау-

дай түсіріп, беттетпей қойдық. Бір 

кезде алыстан соғатын зеңбіректің 

ауыр  снаряды  ысқырып  келе  жат-

ты.  Мұндайда  тыңдай  қаласың. 

Қай  тұсқа  түсетінін  шамалайсың. 

Байқаймын,  қақ  төбемізде.  Жерге 

жабыса түстім. Айтқандай, снаряд 

қақ жанымнан гүрс етті. Мені ас-

панға  ұшырып  жіберді,  үйдің  ша-

тырындай  көтерілдім-ау  деймін. 

Есім  дұрыс  сияқты.  Қол-аяқта-

рымды  қозғадым,  сап-сау.  Бірақ 

менде  күш  қалмапты.  Құлашым-

ды жазып, дереу жерге ұмтылдым. 

Жерге бауырым тиген соң, қаһарға 

міндім  де,  жауды  отай  бастадым. 

Пулеметтің оқпаны қып-қызыл бо-

лып балқып кетті. Толассыз атқы-

лап жатырмын.

Бір кезде «Максим» мелшиді де 

қалды. Оқ бітіпті.

Оқ! - деп айқайлап едім, ешкім үн 

қатпады. Фашистер граната лақты-

рды.  Қағып  алып,  өзіне  жібердім. 

Сөйтіп,  өз  гранатасымен  жаудың 

өзін  жайпап  салдым.  Туған  жерге 

бауырымды  төсеп  мықты  жатыр-

мын. Ондайда саған өлім жоқ.

Бәкеңнің  әңгімесі  Шәкеңді  де 

қатты толқытты:

- Шіркін, туған жердің несін ай-

тасың! - деді құшырлана.

«Балдырған» журналы, №8, 1973 

жыл.


ҚұпИя тапсырма 

Достық әзілді салған Н. КАЗАНЦЕВ

Қарлығаш  тазалықшы  еді.  Ол 

есік  алдында  тұрып  оқушыларды 

ішке  бір-бірден  жіберді.  Әрбіре-

уінің үсті-басын мұқият қарады.

-  Тоқта,  балағың  неге  лай?  -деп 

сұрады Сайлаудан.

-  Есік  алдындағы  шұңқырға 

жығылып қалғаным.

- Көзіңе қарап жүрмейсің бе?

- Асығып келе жатып, абайсызда 

тайып кеттім.


36

- Ендеше, неге лайыңды кетіріп 

кірмейсің?

-  Туфлиімнің  лайын  жудым. 

Мұны  жусам,  сатал-сатал  болып 

қалады  ғой.  Кепкен  соң  үгітіп 

түсірейін дедім.

Қарлығаш  тақақтап  қояр  емес. 

Екеуінің  әңгімесін  сырттай  бақы-

лап тұрған Роза сөзге араласты.

-  Жарайды,  Қарлығаш!  Жібере 

ғой.


 Роза айтқан соң Қарлығаш оны 

еріксіз өткізді. Розаның айтқанына 

құлақ  аспауға  болмайды.  Өйткені 

Роза  -  осы  Қарлығаштардың  кла-

сындағы  октябряттарға  бөлінген 

жетекші - вожатый. Бесінші класта 

оқиды... Үлгілі пионер, оқу озаты.

Соңғы сабақ аяқталып, мұғалім 

кластан  шығып  бара  жатқанда, 

Роза кірді.

- Балалар, - деді ол оң қолын кө-

теріп. Апыл-ғұпыл жиналып, кла-

сты  басына  көтеріп  жатқан  бала-

лар жым болды.

-  Балалар,  сендерге  бір  құпия 

тапсырма  бар.  Бүгін  есік  алдын-

дағы шұңқырға жығылып, Сайлау 

үстін  былғап  алды.  Ол  шұңқыр-

дың кесірі тек Сайлауға тиген жоқ. 

Басқалардың  да  былғап  алғанын 

көрдім. Бәріміз бірігіп сол щұңқы-

рды көміп тастасақ...

- Көмсе, үстін былғағандар көм-

бей ме?


- Осы да құпия тапсырма болып 

па?  -  деген  сыбыр-күбір  естіліп 

қалды.

Роза оны естісе де, естімеген бо-



лып сөйлей берді. 

- Ол шұңқырға бүгін Сайлау түс-

се, ертең Көшен түсуі мүмкін.

Қасындағы көршісіне сыбырлап 

отырған Көшен жым болды.

- Бәріміз бір-бір қағаз дорба жа-

саймыз да, таңертең сол қалтамен 

құм ала келіп төгеміз. Тек ешкімнің 

көзіне  түсіп  қалмауымыз  керек. 

Ол үшін әр бала жеке-жеке барып 

төккені  жөн.  Көшен  меи  Төлен  өз 

құмдарын  төгісімен  мектептің  екі 

бұрышына  келіп,  бақылау  посты-

на тұрады. Бөгде біреу келе жатса, 

ысқырып  ән  салып,  белгі  береді. 

Соңынан  төгілген  құмды  тегістеу 

Сайлауға  жүктеледі.Бұл  ісіміз 

жөнінде  алдын  ала  да,  іс  орын-

далған  соң  да  ешкімге  тіс  жарып 

айтпаймыз.  Қалай  қарайсыңдар? 

Келістік пе осыған?

- Келістік! - деп, шу ете түсті ба-

лалар. Ертеңіне істің бәрі Роза ай-

тқандай  мұқият  орындалды.  Тек 

құмын  қоңырау  соғылғанда  ғана 

төгіп үлгірген Жамалдың кесірінен 

Сайлау сабаққа кешігіп қалды.

-  Иә,  неге  кешіктің?  -  деді 

мұғалім,  оны  есік  алдында  тоқта-

тып.


Сайлау үнсіз төмен қарады.Сай-

лау  үшін  балалар  бір  ауыздан  шу 

ете түсті.

-  Ағай,  ол  құпия.  Айтуға  бол-

майды.


37

Мұғалім  жымия  басын  шайқап, 

Сайлауға отыруға рұқсат етті.

Бұл оқиға құпия күйінде қалып 

еді,  бірақ  келесі  аптада  мектептің 

қабырға  газетіне  етектей  мақала 

шықты  да,  бүкіл  оқушыға  тарап 

кетті.  Көрші  кластар  бұдан  кейін 

Қарлығаштың  кластастарына  қы-

зыға қарады.



«Балдырған» журналы, №9,  

1974 жыл.

күЗетте

Малма  аяқ  Дүйсен  жетті,  құма-

лақ тергіш! - деп айқайлады Қалел. 

Қара  биені  шапқа  түртіп  мазақта-

ды. Дүйсен ернін салпитып төмен 

қарайды.


- Лақса шіркіннің шабандығына 

ол кінәлі ме! - деп, Қасен іш тарта 

сөйлеп  еді,  Дүйсен  теріс  айналды 

да,  өзенге  қарай  жүгіре  жөнелді. 

Арт жақтан Қалелдің мазасыз күл- 

кісі естілді.

Бұйра  талдар  көмкерген  те-

рең  жардың  астында  Есіл  ағып 

жатыр.  Дүйсен  су  жиегіндегі 

дымқыл  құмға  табанын  басып 

тұр.  Су  бетінде  ұсақ  толқындар 

баяу  жылжып  барады.  Балықтар-

дың  шолпылы  естіледі.  Арнаны 

қуалай  жел  еседі.  Талдардың  жа-

пырақтарын  шулатады.  Айнала 

қараңғы тартты. Тоғайда күн ұзақ 

қалғып  отырған  жапалақтар  қал-

балақтай  ұшып  жүр.  Күн  ұзын 

отырып  ашыққан  үлкен  сары  үкі 

ұшып  өтіп  еді,  Дүйсен  қорқып 

кетті. Асығыс кейін қайтты. Бала-

лар жым-жылас жоқ болыпты.

- Қалел, Қасен! - деді дауыстап. 

Даусы  қалтырап  шықты.  Ешкім 

жауап қатпады.

- Қасе-е-ен! - деп булыға айқай-

лап,  жылап  жіберді.  Жап-жақын 

жерден  Қалелдің  дарылдаған  күл-

кісі естілді.

- Қорқақ, қотыр торпақ! - деді, ол 

әлде қайдан сампылдап.

Дүйсен  ешкімді  көре  алмады. 

Сөйтіп  дағдарып  тұрғанда  қарға-

ның ұясы аяқ астына топ ете түсті. 

Үйеңкінің  ұшар  басында  Қалел 

отыр.


- Құстың ұясын неге бұзасың-ей! 

- деп, көрші үйеңкінін басынан Қа-

сен тіл қатты.

-  Дүйсенді  қорқыту  үшін!...  - 

деп  қиқарланды  Қалел.  Балалар 

ағаштың  діңін  бойлай  сырғанап 

жерге түсті.

Тал  арасына  от  жағып,  айнала 

отырысты. Қу шөпшекке тиген жа-

лын лапылдады. Отқа алақандарын 

қарсалап,  мәз-  мәйрам  болысты. 

Айналаны  қараңғылық  басты.  От 

сәулесі  тоғай  ішіне  еркін  кіре  ал-

май,  алаңшаны  ғана  жарқыратып, 

дірілдеп  тұр.  Қалел  құрт,  майын, 

өзге балалар тәттілерін ортаға са-

лып, тамақтануға кірісті. Тамақта-

нып болып, отқа шөпшек тастады.

- Дыю мен жезтырнақ жайлы ер-

тегі айтайын ба! - деді

Қалел  қорқынышты  кейіпке  са-

лып.


- Айтпай-ақ қойшы! - дейді Дүй-

сен, өзге балалар:

- Немене, қорқасың ба! - деп, күле 

бастады.


-  Қорықпаймын,  ештеңеден  де 

қорықпаймын!

-  Қорықпасаң,  Есілден  су  әкеле 

ғой, кәне! - деді Қалел.

- Несі бар, әкелем!


38

- Шелекті ал да жөнел тап қазір!

Дүйсеннің  кескіні  бір  қуарып, 

бір қызарды. Көздерінде аянышты 

жаутаң бар.

Ол қараңғылыққа қарап ықылас-

сыздау:

-  Барайын,  -  деп,  орнынан  кө-



терілді.

-  Әлде  қандай  хауіпке  кез  бол-

саң,  айғайла,  көмекке  барамыз,  - 

деді Қалел.

Дүйсен  өзенге  қарай  аяңдады. 

Көйлегі  ағараңдап  ұзай  берді  де, 

көрінбей кетті.

Балалар  демдерін  ішке  тартып, 

тың тыңдады. Дыбыс болмады. То-

былғы  арасында  жылқылар  жай-

ылып  жүр.  Күрт-күрт  шөп  шай-

нағаны  естіледі.  Қасеннің  қызыл 

байталы  отқа  жақындап  келіп, 

жап-жасыл  көздері  жайнап,  біраз 

тұрды  да,  құлақтарын  қайшылап 

осқырынды.  Басқа  жылқылар  да 

мойындарын  созып  елеңдейді. 

Өзен  жақтан  барылдаған  қорқы-

нышты  дауыс  естілді  де,  тынып 

қалды.  Енді  батырсынған  Қалел-

дің өзі қорқа бастады. 

- Балалар, енді не істейміз, бара-

мыз ба соңынан?

-  Барайық!  -  деді  Қасен.  Сөйт-

кенше Дүйсеннің әбігерленген да-

усы шықты.

- А-а-ауу!

Қасен қараңғылыққа қойып кет-

ті.  Соңынан  басқа  балалар  да  жү-

гірді. Жардың астында ешкім жоқ. 

Судың сылдыры естіледі. Қара ба-

уырдай сазарған аспанды қиғаштай 

тіліп, жұлдыз ағып түсті.

- Дүйсе-ен!

- А-а-ауу!

Дауыстың қай тұстан шыққанын 

балалар аңғара алмай қалды.

- Иірім жақтан, әне, анда!

Жар  астындағы  ми  батпақта 

әлде  нелер  қараңдайды.  Бірдеңе-

мен алысып Дүйсен жүр.

- Жүріңдер, көмектесіңдер! - деді 

Дүйсен ентігіп. Балалар жетіп кел-

се,  қап-қара  мақұлықты  сүйреп, 

жағаға  жақындатып  қалған  екен. 

Сөйлеуге шамасы жоқ.

- Тартыңдар, кәне! - дегенді ғана 

айтты  да,  жұлқылай  берді.  Өзі  де 

белуардан батып тұр. Балалар жа-


39

былып  тартып  шығарды.  Қараса, 

бұзау  екен.  Жануар  мұрнын  шүй-

іріп,  сілкінді  де,  «мө-мө»  -  деп 

мөңіреп  жіберді.  Балалар  бұзауды 

жетектеп,  от  басына  әкелді.  Шы-

рпыны  мол  тастап,  отты  маздата 

жақты.  Су  өтіп  қалтыраған  Дүй-

сеннің  арқасына  Қасен  өзінің  ша-

панын жауып, жақын отырды.

Суға  еңкейе  бергенім  еді,  «Мө-

ө-ө»  деген  дауыс  естілді.  Жүрек 

тоқтатып тыңдасам, батпақ жақтан 

естіледі.  Бұзаудың  даусы.  Жүгіріп 

жетсем,  сазда  тұрып-жығылып 

жүр  екен.  Сыртқа  шығара  алмай-

тын  болдым.  Сонан  соң  сендерге 

дауыстадым.

- Дүйсендікі ерлік! - деді бір бала 

отқа шырпы тастап.

-  Иә,    -  деді  тағы  бірі...  Қа-

раңғылық  қара  кереге  болып  қор-

шай  түсті.  Жылқылар  пысқыры-

нып қойып, жайылып жүр.



«Балдырған»

өткеЛде 

Екі  бала  өзенді  жағалап  келе 

жатты. Арғы бетке өтіп, бүлдірген 

теріп қайтпақ. Таңқы қара Әбік  са-

бырлы болса, сорайған сары Жеңіс 

- сөзшең.

-  Біз  Оралда  тұрғанда,  -  деді 

Жеңіс, - ағынды өзеннің жағасын-

дағы лагерьде болдық. Оқытушы-

мыз бір жарым шақырымдық тауға 

өрлетті.  Сонда  мен  бар  баланың 

алды  болып  шықтым  тау  басына. 

Пионерлердің  таңданғанын  айт-

сайшы. «Альпинист, барып тұрған 

ержүрек!»  деп  шуласты.  Содан 

бастап  балалар  мені  «альпинист 

Жеңіс» деп атап кетті.

- Спортшы екенсің ғой.

-  Жүгіруден  де,  секіруден  де 

бірінші  орын  алдым.  Суға  жүзу 

деген  менің  ең  сүйікті  ісім.  Жап- 

жалпақ  ағынды  өзенді  токтаусыз 

жүзіп  өте  беруші  едім.  Ал  мына 

Есіл дегенің жылып жатқан жылға 

сияқты.  Шалқалап  та,  қырындап 

та жүзе алам.

Жеңіс  бір  түйір  малта  тасты 

алды да, зеңгіл жасылданып үнсіз 

ағып жатқан суға құлаштай лақты-

рып  жіберді.  Су  беті  шеңберленіп 

барып тынды. Арғы бетте бозғылт 

жапырақтарын толқытқан сұр тал-

дар  көрінеді.  Жасыл  нумен  көм-

керілген  өзен  аңғарынан  салқын 

жел еседі. Құлама жардан малта та-

старды жамырата домалатып, екеуі 

суға тақау келді.

- Әттең, сен бөгет болып тұрсың. 

Әйтпесе,  анау  көпірге  бармай-ақ, 

осы жерден жүзіп өте беретін едім, 

- деп, Жеңіс опық жегендей басын 

шайқайды. Әбік үнсіз.

Өзен  арнасының  құмырсқа  бел-

денген  қысаң  тұсында  ағаш  көпір 

барды.  Күңгірттеніп  жатқан  су-

дың үстінен екеуі үңіле қарап тұр. 

Шабақтардың  жүйткіп  ойнағанын 

қызықтады.  Бір  кезде  шабақтар 

тым-тырақай  қаша  жөнелді.  Бір 

дәу  шортан  келе  жатты.  Шортан 

қара  қошқыл  арқасын  су  бетіне 

шығарып, біраз жылынды да, құй- 

рығымен  ағынды  жайқап  қалып, 

караңғы тұңғиыққа сүңгіп кетті.

- Ех, шіркін, сүңгіп барып, құй-

рығынан шап беріп ұстар ма едім! - 

деді Жеңіс алабұртып. Сөйткенше 

болған  жоқ,  көпір  ернеуіне  атша 

мініп  отырған  бір  бейтаныс  бала 

суға шолп ете түсті.

- Құтқарыңдар!


40

Бала  батып-шығып  жүр.  Жеңіс 

сасқалақтап:

-  Ей,  бала,  қолың  мен  аяқта-

рыңды  сермей  бер,  мен  келгенше 

шыда.  Мен  ауылға  хабарлайын, 

сені шығарып алады! - деп, жүгіре 

жөнелді. Жеңіс жұртты ертіп кел-

генде,  Әбік  пен  әлгі  бала  жағада 

отыр еді. Суға кұлаған балада ке-

скін қалмапты. Анасы қуанғаннан 

дауыстап жылап жіберді:

-  Сен  ғой  шығарған,  айналай-

ын-ай,  ажалдан  құтқардың-ау 

құлынымды!

Әбік қызарып төмен қарады.

 

Суретін салған А. Ващенко 

«Балдырған» журналы, №4, 

1977 жыл.

аян мен баян

Кешкі тамақтан кейін Баян сурет 

салуға отырды да, Аян кітап оқуға 

кірісті.  Ас  үйден  шешелері  ыдыс 

жууға шақырды.

-  Мен  Қиыр  шығыс  тайгасында 

саяхатта  жүрмін.  Дерсу  Узалаға 

еріп,  солтүстікке  қарай  кетіп  ба-

рам...  Ыдыс  жууға  уақыт  жоқ,  - 

деді Аян, кітаптан бас алмай.

Ыдыстарды  жуып  тастап,  кеш 

бойы сурет салармын, - деп, Баян ас 

үйге кетті. Ас үйді тәртіпке келтір-

ген  соң,  бояуларына  қайта  кірісті. 

Аян кітапты оқып болып, жанына 

қойды да, Баянға қарап:

- Міне, мен де саяхаттан оралдым. 

Енді ыдыс жууға болады, - деді.

- Ыдыстар мана жуылып болған.

- Бетіңдегі не?

- Білмеймін, - деп, Баян бетін си-

пады. - Балдың жұғыны екен ғой.

-  Алақай,  мен  де  бал  жеймін!  - 

деді Аян қуанып.

- Балды мен тауысып қойғам. 

- Неге?


-  Апам  өз  тиесіңді  де,  Аяндікін 

де жеп ал. Ол Қиыр шығысқа кетсе, 

жуырда орала қоймас, - деп, бәрін 

берді.


Суретін салған А. Шестаков

«Балдырған» журналы, №7, 

1977 жыл

41

үкі мен шіЛ

Шіл  -  ормандағы  құстардың  ең 

ұсағы. Жағал-тарғыл, қоңыр шұбар 

балапандарын ертіп, қалың шөптің 

арасында  күн  ұзақ  шыбын  қуады. 

Балапандар  жамыраса  шиқылдап, 

көгалға  сүңгіп,  дамыл  көрмейді. 

Бытырап  бара  жатса,  мекиен  шіл 

қоңыр айдарын күдірейтіп, құрыл-

даған  дыбыс  шығарады.  «Байқа, 

хауіп бар» дегені.

Орман  кезген  қу  түлкінің  тұм-

сығы сезбейтін иіс жоқ. Жауының 

жақындап қалғанын мекиен шіл де 

сезе  қояды.  Балапандарын  жасы-

рып,  өзі  түлкінің  алдынан  кеске-

стей  қалады.  Қанаты  сынған  жа-

ралы құс кейпіне түседі де, түлкіні 

алдарқатып  аулаққа  алып  кетеді. 

Хауіптен  қорықпай,  таяқ  тастам 

жерде жорғалап бара жатады. Түл-

кіні  ұзатып  салып,  ұша  жөнеледі. 

Алданып  қалған  түлкі  аңырып 

тұрады да: «бәлем, сені ме!» - деп, 

кете барады.

Шіл  балапандарына  келіп,  дағ-

дылы  тірлігіне  кірісіп  еді,  қанат 

суылын  есітіп,  бұға  қалды.  Сем-

сердей  жарқылдаған  сұр  қаршыға 

жайқап  өтті.  Әлгінде  жамырай 

жосып  жүрген  балапандар  жер 

жұтқандай жоқ болыпты. Қаршыға 

айналып  келіп,  көлденең  бұтаққа 

қонды. Балапандар қол созым жер-

де,  шөп  арасында  бұғып  жатқан. 

Қозғалса, қаршыға бассалады. Ме-

киен  шіл  тарғыл  қауырсындарын 

кірпідей  тікірейтіп,  қаһарлы  да-

уыспен шаңқ етті де, көздері оттай 

жанған қатерлі дұшпанға атылды. 

Қаршығаны топшыдан соғып өтті. 

Қаршыға  үркіп,  ұшып  кетті.  Шіл 

жерге  құлап  түсті  де,  есін  жиып, 

балапандарын шақыра бастады.

Бір кезде «у-у-уһ!..» деген дауыс 

естілді.  Ағаш  арасында  алпамса-

дай, қос құлақты сары үкі отырған.

- Әй, шіл! - деді әбігерлене дауы-

стап.  -  Әлгі  қаршығаның  зәресін 

алдың  -  ау!  Бұл  маңайға  қайтып 

беттемейтін  шығар.  Жұдырықтай 

болып,  сонша  ерлік  қайдан  келді 

өзіңе?  Қаршыға  үйрек  пен  қазды, 

қоян мен құрды іле береді. Сен ты-

рнақтарының ұшында кететін тит-

тей ғана шілсің.

- Қорқаққа күнде өлім. Ержүрек 

болу  үшін  алып  болу  шарт  емес, 

-  деді  мекиен  шіл,  балапандарын 

аялап. Сары үкі тағы бір «уһілеп» 

алды да, төменірек түсіп отырды.

-  Балапандарың  көп  екен,  бағу 

оңай емес шығар?

- Бар болғаны он екі, - деді шіл, 

азырқана  сөйлеп..  -  Бағу  да  онша 

қиын емес.

Сары үкі құлақтарын сілкіді:

-  Жұмыртқа  тауып,  балапан 

өсіруді менен үйрен онан да.

- Қалай?


- Мен ұя жасауға қиналмаймын. 

Ағаштың  қуысына  кіріп  аламын. 

Қуыс  табылмаса,  бұтаның  түбін 

шұқырлап,  азын-аулақ  қауырсын 

төсеп, жұмыртқалаймын да, басып 

жатып  қалам.  Бір  жұмадан  соң, 

екіншісін,  апта  өткен  соң  үшін-

шісін туам. Кейінгілер шыққанша 

алғашқым қара қанат болып, ерже-

те бастайды. Кішкенелерін жылы-

тып,  тамақтандырады.  Жаудан 

қорғайды.

- Тұра тұршы, үкі апай, сіздің ба-

лапандарға да тиетіндер бар ма?

-  Болғанда  қандай,  ең  хауіптісі 

- ала қарға. Көзің тайса, ұрлап ке-

теді.  Өзім  жоқта  үлкенім  кішке-


42

нелеріме  қорған  болады.  Әкелген 

құр мен қоянды боршалап, үлкен-

дері  кішілерін  тамақтандырады. 

Бір  жұмадан  соң  тауықтай  болып 

өседі  де,  анау-мынау  жау  соқтыға 

алмайды. Көрдің бе, мұндайда ба-

лапандарды  бағып-өсіру  қиынға 

түспейді.

Қайткен күнде де үкінің тіршілі-

гі шілге үйлеспейтін еді. Үкі -жы-

ртқыш құс. Орманның жан баспай-

тын  түкпірін  мекендейді.  Түнде 

ұшады. Қараңғыда жердегі жалғыз 

ноқатты көре алады. Күндізгі көруі 

де кем емес. Әр түрлі ұсақ аңдарды, 

тышқандарды, ірі саңырау құрлар-

ды  да  жейді.  Өзен  жағасынан  ба-

лық  та  аулайды.  Түнде  дыбыссыз 

ұшып,  жемін  оңай  қолға  түсіреді. 

Найзадай  өткір  шеңгеліне  ілік-

кені құтылмайды. Құлақтары адам 

құлағынан елу есе естігіш.

Қам-қарекеті  көп  жаз  бітіп, 

салқын  күз  келді.  Орман  жапы-

рақтарын  түсіріп,  сидаланып  қал-

ды. Жыл құстары жылы жаққа қай-

та бастады. Ал, үкілер болса өздері 

өскен орманды тастап солтүстікке, 

Орал  тауларының  арғы  бетіне  қа-

рай  кетті.Шіл  балапандары  туған 

жерінде жүйткіп ұшып жүр.



«Балдырған» журналы №11  

1978 жыл

43

ұЙыҚтар аЛдында 

- Аякөз! Ұйықтайтын уақыт бол-

ды,  қызым!  -  деп,  әжесі  айқайлап 

еді:


-  Әлі  ойнай  тұрайыншы,  -  деді 

кішкене қыз еркелеп.

Дала  қараңғы.  Аспанда  күміс 

жұлдыздар  жылтырайды.  Ауыл 

үстіне  тыныштық  орнапты.  Әжесі 

жетектеп алды.

- Қарашы, сиыр да, қой да, ешкі 

де  тынығып  жатыр.  Секіріп,  да-

мыл көрмейтін ақ лағыңды көрдің 

бе, енесінің жылы бауырына кіріп 

алыпты. Тауықтар да көздерін тас 

жұмып, ұйқыға кеткен.

Атақаз  мойнын  созып,  қатты 

қаңқылдап жіберді.

- Әже, қаз неге ашуланды - деді, 

Аякөз қорқып кетіп.

-  Тыныштығымды  бұздыңдар, 

ұйықтайтын  уақыт  болды,  -  деп 

ұрысып жатыр.

Аякөздің  ұйқысы  келмеді.  Көр-

гендерінің  бәрі  көз  алдынан  өтті. 

Оймақтай  аузын  тез-тез  қозғап, 

ақ  лақ  күйіс  қайырады.  Сағаттың 

тықылы  тынбайды.  Ақ  лақ  қалай 

ұзақ  күйсейді  деп,  таңданған  Ая-

көздің көздері жұмыла берді.

Ертемен  оянғанда,  мал  өріске 

кетіпті.  Тауықтар  да,  қаздар  да 

жайылып  жүр.  Атақаз  қоқилана 

қарайды.  Аякөз  тамақтанған  соң, 

бақшаға қарай жүгіріп бара жатты.

-  Уақыттан  кешіге  көрме!  -  деп 

айқайлайды әжесі.

Суреттерін салған  

А. Шестаков 


44

Жабай  әлі  кішкентай.  Мұрны 

томпиған титімдей сары бала. Көк-

шіл көздерімен кең далаға қарады. 

Тракторлар  қаздай  тізіліп  келеді. 

Бала қуанып кетті.

-  Аға,  тоқтаңыз,  тоқта-а-а!  Ка-

бинада  отырған  жас  жігітке  теріп 

алған  қызғалдақтарын  ұсынды. 

Жігіт гүлді қолына алып:

-  Рахмет,  балақай!  Тракторға 

мінгің келе ме? - деді. Жабай басын 

изеді. - Кеттік ендеше!

Тракторшы  Жабайды  көтеріп 

алып, жұмсақ орындыққа отырғы-

зды. Түрен шымды аударып бара-

ды.  Жігіт  маңдайшаға  қыстырып 

қойған Жабай берген қызғалдаққа 

қарап күлімсіреді.

-  Кәне,  балақай,  танысып  қояй-

ық. Менің есімім - Тауфиқ, Татар-

станнанмын. Сенің атың кім?

- Жабай.

- Міне, енді таныс болдық, оқи-

сың ба?

- Жоқ. Күзде барам.



Бетегелі  даланың  қыртысы  ау-

дарылып  қалып  жатыр.  Тауфиқ 

үнсіз,  көздері  -  алыстағы  белгіде, 

қолдары  -тұтқаларда.  Жолды  түзу 

тартуға  ден  қояды.  Жабай  оның 

не  себепті  үнсіз  келе  жатқанына 

түсінбеді.

-  Міне,  біз  аңыздың  шетіне 

шықтық, - деді Тауфиқ көңілденіп. 

Трактор аударылған жерді жағалап 

кейін  жүрді.  Алғашқы  аңыз  осы-

лай пайда болды.

- Алыстағы Татарстаннан келдік. 

Тың көтеруге, бидай өсіруге, - деді 

Тауфиқ.

- Татарстан, ол қандай ауыл?



-  Ауыл  емес  -  республика,  Қа-

зақстан сияқты.

Жабай бас изеді.

Тың көтеруге барамыз деп тілек 

қылдық. Мына кейінгі жігіттер де 

біздің Татарстандікі.

Бәрі  бір  ауылдан  екен  ғой  деп 

түсінді бала. Тауфиқ бір кезде Жа-

байға қарап:

ЖабаЙдың аҒасы


45

- Қап, ойыма келсейші, - деп ба-

ланың алдына нан, конфет қойды.- 

Ал, Жабай, қарның ашқан шығар! 

Ал,  ұялма!  Қазақстанға  тың  көте-

руге кім барады дегенде комсомол-

дар  түгел  қол  көтерді.  Өзіміздің 

ағайын  ел,  достар,  туыстар  бәрі 

дедік.  Жабай  інім,  сенде  барасың, 

солай емес пе?

Жабай  бас  изеді.  Қалғып  отыр. 

Тауфиқ  бешпетін  жастап,  жұмсақ 

орындыққа жатқызды. Қаннен қа-

персіз  ұйықтап  кеткен  сәбиге  қа-

рап күлімсірейді.

Кешке Тауфиқ ағасын Жабай өз 

үйіне ертіп келді. Атасы мен әжесі:

-  Құлыным-ау,  қайда  жоғалып 

кеттің, іздемеген жеріміз жоқ, - де-

сті.


- Мына Тауфиқ екеуміз тың кө-

тердік,  бұл  -  менің  ағам,  -  деп, 

Жабай  сорайған  жігіттің  санынан 

құшақтады. Сол күннен бастап Та-

уфиқты жұрт Жабайдың ағасы деп 

кетті.


«Балдырған» журналы, №3, 

1981 жыл.

Қостың дӘмі

- Ата, шаршадың 6а? - деді Қуа-

ныш.

-  Шаршадым,  -  деді  атасы.  Беті 



күнге күйіп, түтігіп кеткен.

- Ата, ертең мен бағысайын.

-  Айналайын-ай,  көмекші  ке-

рек-ау, бірақ...

- Жо-жоқ, ата, торы атты берсең, 

малды  өзім-ақ  бағамын.  Егінге 

түсірмеймін, атты қинамаймын!

-  Жарайды,  көрейін...  Қуаныш 

ерте тұрды. Аттарды суарды, жем-

деді.


-  Қуантай,  сен  бе  аттарға  жем 

берген?


- Иә, ата.

- Міне, азамат болды деген сөз.. 

Мал  сылбыр  қозғалып,  шық 

басқан шөпке із қалдырып барады. 

Қуаныш атасының ескі бөркін киіп 

еді,  көзіне  түсіп,  мазалай  берді. 

Ерге мықтап жабысып алған. Май-

лыаяқ  та  көңілді.  Қуаныштан  бір 

елі қалмайды. Маса-сонасыз таңер-

теңгі салқында табынды орағытып 

шапқылап жүр.

Атасы атының ауыздығын алып, 

отқа жіберді.

-  Қуантай,  торыны  шалдыр, 

малға  да  тыныс  керек.  Мен  аздап 

мызғып алайын.

Қалекең  оянғанда  күн  қызып 

тұр еді. Сона буған өгізшелер суға 

ұмтылады.  Қуаныш  қайырады. 

Терін жеңімен сүртіп:

-  Мал  қайыру  бермейді,  ата!  - 

деп, дауыстады.

- Жібер, көрмеймісің! 


46

Өгізшелер  су  ішті  де,  тоғайдың 

көлеңкесіне барып жатты. Күйіс қай-

ыра бастады. Атасы от жағып, шәй 

қойды. Өзен жағасында отырып шәй 

ішу бір қызық көрінді балаға.

- Шәй үйдегіден де дәмді екен! - 

деді Қуаныш.

-  Иә,  шырағым,  қостың  дәмі  қа-

шан да солай болады - деді Қалекең.



«Балдырған» журналы №9, 

1986 жыл

ЖеЗ топсаЛар

Жандостың  қалтасы  темір-тер-

секке толып жүреді. Өңірін басқан 

ауыр  қалтадан  гайкалар,  кесін-

ділер,  шынжырдың  үзінділері, 

шайбалар табылатын. Алақандары 

таттанып  жусаң  да  кетпейтін  бо-

лып алған. Бала ұйықтап жатқанда 

шешесі  әлде  неше  рет  темірлерді 

құртып,  қалтасын  босатып  қойса 

да, Жандос кешке келгенде бәрі бір 

қайта қалпында болады.

-  Мынау  жаңа  күртенің  қалта-

сы тесіліп қалыпты, темір салуды 

қой! - деп шешесі талай ұрсып еді. 

Онысынан ештеңе шықпады. 

Бір күні Жандос үйде жоқта қал-

тасын  ақтарып  отырып,  әртүрлі 

темірлердің  арасынан  жарқыраған 

бір пар кішкене топсаларды тауып 

алды.  Топсалар  жез  қаңылтырдан 

жасалған,  сандықшаларға  орна-

туға  лайықты-ақ.  Шешесі  күміс 

моншақтарының  арасына  салып 

қастерлеп тығып қойды.

Ертеңіне  бала  сандықтарды 

ақтарып  отырып  шешесінің  ең 

бір  қадірлі  заттарының  арасынан 

өзінің жез топсаларын көрді.

- Мұны қол өнер сабағында өзім 

жасадым, - деді ол.

- Солай ма! - деп анасы қуанды. 

Енді Жандосқа темір ұстадың деп 

ұрыспайтын болды.



табаҚ пен еЛеуіш

(мысал)


Бір  күні  жез  табақ  салдыр-күл-

дір етіп босаға жақтан тіл қатты: - 

Бізде әділдік жоқ. Мен көп жылдар 

сәнді  дастархан  үстінде  қазы-қар-

таға  толып  шіреніп  тұрдым.  Мені 

ең бір сыйлы қонақтардың алдына 

тартар  еді.  «Бабамнан  қалған  іші 

майлы  табақ»  деп  мәпелеп  ұстай-

тын. Енді бір ғана ине жасуындай 

тесік  үшін  босағаға  шығарып  та-

стады. Ана мың тесік елеуіш сый-

лы орнында әлі тұр. Осы да әділет 

пе?

маҚтаншаҚ маса

(мысал)


Үлкен  қоңыр  өгіздің  айналасын-

да маса ызыңдап ұшып жүрді. Бір-

де  құлағының  қаққысына  ұшырап 

майып  бола  жаздады.  Жалаңаш 

тұмсығына  қонам  деп  демімен  кең 

танауға шақ қана тартылып кетпеді.

Маса өгіздің бүкіл алып денесі-

нен  сіркедей  ғана  қан  сорып  алса 



47

болатын еді. Тұмсығы мен құлағы 

жолатар емес. Құйрығымен де бүй-

ірін сабалап тұр. Болмаған соң дағ-

дылы қан сорғыштардың әдетімен:

- Өгізден менің тұмсығым ұзын, 

мен  өгізден  де  күштімін.  Өгізден 

де айлакермін, - деп мақтаныпты.



ҚасҚыр мен кірпі

(мысал)


Орман шетінде домаланып кетіп 

бара  жатқан  тарғыл  кірпіге  аш 

қасқыр  бас  салып  еді.  Тұмсығы 

мен  табанының  қаны  судай  ақты. 

Зәбір көрген қасқыр өкпесін айтты. 

- Бетіңнен сүйейін деп едім, сен-

ақ қырынбайды екенсің,- деді таба-

нын жалап жатып. Кірпі қылтанда-

рының арасынан біздей тұмсығын 

шығарып, сықылықтай күлді.

- Асықпа, Қасеке, сендердің азу-

ларың  түгел  қағылып  біткен  күні 

мен  де,  қырынып  жүретін  бола-

мын, - деді. Ызалы қасқыр:

-  Сен  бейбаққа  дау  жоқ  -  деп, 

жөніне кете берді. 



ЖарҚырауыҚ түрен

(мысал)


Соқаның түрені сәскелікте күн-

ге шағылып жалтырап тұрып:

-  Мені  жермен  істес  болды  деп 

кім айтар. Мен күннен жаратылған-

мын.  Көрдің  бе,  күндей  жарқыра-

уымды?! - деп мақтаныпты. Сонда 

байлық анасы-Жұмыр жер:

- Қой, көршім, сені жалтыратқан 

мен екенімді ұмытпағайсың - депті.

ЖаЗҒытұры ЖаЙыЛымда

Шәріп  ағай  ат  үстінде  тұр.  Ұй-

ықтамағаннан  беті  ісіңкі.  Шира-

тылып тұрған жіңішке мұртының 

ұшы  салбырап  кетіпті.  Түнде  мал 

жусағанда  аз  ғана  көз  іліктірген 

еді. Таң біліне қайыра атқа қонып, 

содан түскен жоқ.

Күн  көзі  биіктеген  сайын  көбік 

бұлттар кең аспанға сіңіп, жоғалып 

жатыр. Үрлесін жел бар. Күн ысып 

барады.  Жер  көктеп  қалған.  Алы-

стағы биік қызыл жарлар сағыммен 

бұлдырап көрінеді. Сай-саланы қа-

улай  өскен  тал,  теректер  бүршік 

жара  бастапты.  Қыстан  арықтап 

шыққан  тайыншалардың  көкке 

аузы тигелі тойынып қалыпты.

Шәріп ағай жалбыр жал торыны 

тебіне түсіп келеді. Малдың алды 

жардан төмендей беріп қарға батып 

қалды  да,  кейінгілері  иіріліп  тұр-

ды. Қызыл тайыншаның көксоқты 

қарлы  судан  арқасы  мен  тұмсығы 

ғана  көрінеді.  Жануар  арпалысса 

да  өзін-өзі  құтқарарлық  дәрмені 

жоқ.  Сылбыр  қимылдап  әлсірей 

берді.  Қыстан  арықтап  шыққан-

дардың  бірі  болатын.  Қарлы  суда 

көп жатып өліп қалатын түрі бар.

Шәріп сасқалақтады. Ұзын шыл-

бырды тұзақшалап жіберіп тайша-

ның мүйізіне лақтырып еді, іліктіре 

алмады.  Екінші  рет  жақындаңқы-

рап сермегенде тайғанақ кемерден 


48

өзі  де  сырғанап  түсті.  Қапылыста 

түсті.  Белуардан  келген  қарлы  су-

дан  атқып  шықты.  Мүйізінен  жіп 

іліккен  тайынша  ілгері  баспады, 

тартынып тұр.

Торы  ат  жағадан  алыстаңқырап 

кетіпті. Бетегені іскектеп жайылып 

барады. Шәріптің қолы жетер емес. 

Онсыз  тайыншаны  сүйреп  шыға-

ру  қайда.  Сүйегін  қапқан  ызғар-

ды  сезінуден  қалды.  Қайта  денесі 

дуылдап қызып, күйдіре түскендей.

Тайынша көзі аларып, шегіншектей 

берді. Жіпті босатса тереңге қарай 

сырғанап  кетер  жәйі  бар.  Қол  со-

зымда киімі мен аттың жемдорбасы 

жатыр. Түскі дамылдауда атқа бер-

мек жемі еді, созылып барып жем-

дорбаға қолы зорға жетті. Сұлымен 

торыны шақырып тұр. Торы ат ады-

райып бір қарады да, қайтадан жер-

ге  бас  қойды.  Теріс  қарап  айнала 

жайылды.  Мал  көрінбейді,  қайсы-

сы қайда кетіп жатқаны да белгісіз. 

Шөкең де, тайынша да қалтырайды. 

Ат жемге оралар деген үміт үзілді. 

Жүре оттап ұзай берді.

Осы  кезде  біреу  дөң  үстіне  жү-

гіріп  шықты.  Бұл  Шәріптің  үшін-

шіде оқитын ұлы Қошқар еді.

-  Ана  торыны  жеткіз  бері,  тез 

жеткіз! - деп айқайлады әкесі.

Тайыншаны  аттың  құйрығына 

байлап  судан  жұлып  алды.  Суық 

өткен,  әлсіреген  жануар  аз  жат-

ты да, тәлтіректеп басып орнынан 

тұрды.


Шәкең  кішкентай  Қошқардың 

маңдайынан иіскеді.

- Апам азық апар деген соң жү-

гіре жөнелдім. Мұнда келсем суға 

түсіп  кетіпсің.  Қатты  қорықтым. 

Әке,  өзің  тоңып  тұрсың,  мен  кел-

месем жаман болар ма еді?

- Солай, балам, жігіттік істедің. 

Сен  келмегенде  мына  тайынша 

өліп қалатын еді.

-  Әке,  үйге  барып  дем  ал.  Мал-

да мен қалайын. Мен жігітпін ғой. 

Өскен соң атам сияқты үлкен мал-

шы боламын, солай ма, әке?

- Солай, қозым, сен жақсы мал-

шы боласың әлі!..



іЗге түсу

Қысқы таң біртіндеп ағарып ке-

леді.  Тымық  аспанда  әлі  де  жұл-

дыздар  бар.  Ауылдан  қараңғыда 

шыққан үш бала өзек шетіне ілік-

кенде таң аппақ атты. Ұсақ аңдар-

дың  іздері  сайрап  жатыр.  Балалар 

қойнауға келіп тоқтады да: 

-  Мен  кезеңде  қаламын,  сендер 

осы  жалағаштың  арғы  басынан 

түсіп,  қиқулап  айдаңдар,  -  деді 

Нұрлан.  Балалар  шаңғыларын 

сырғанатып  кете  бергенде  кішісі 

бұрылып:


-  Нұрлан,  мен  бөлек  жүрмей-

мін,қорқамын - деді, жыламсырап.

Нұрлан кішкентай інісін аяп кетті.

-  Жарайды,  тек  ақырын  сөйле 

өзің!

Балалар  көрінбей  кетті.  Нұрлан 



тал арасында бұғып отырды. Өткен 

жылы осы тоспадан әкесі екі қасқыр 

атып алған. Ал Нұрлан болса қоян-

мен  құстан  басқаны  атып  көрген 

жоқ.  «Қасқыр  деген  түсі  суық  аң, 

оны дәлдеп атуға да жүректілік ке-

рек» деген әкесінің сөзі есіне түсті. 

«Тәуекел, тек қасқыр шықса екен! 

Қасқырдың  терісін  арқалап  қайт-

са  ғой.  Нұрланды  «аңшы»  дер  еді 

жұрт».


49

Ұлықсатсыз  кеткені  үшін  әкесі 

де  ұрыспас  еді.  Жазда  қасқырлар 

жеп кеткен қойлардың есесі қайтар 

еді... ие...

Шығыс  жақ  қызғылт  тартты.

Нұрлан  тоңайын  деді.  Қолдарын 

ысқылап  шыдамсыздана  күтеді.

Қуғыншылардың  даусы  арғы  бет-

тен  еміс-еміс  естіліп  тұр.  Қасқыр 

әлі  шыға  қоймас  деп  жайбарақат 

отырғанда  тал  арасынан  сұр  ит 

секіріп  өте  берді.  Нұрлан  сасқа-

лақтап  соңынан  ала  қос  ауызды 

қосынан  жіберді.  Ит  сүрініп  кетіп 

шоқыта  жөнелді.  Қыйралаңдап, 

солтаңдап  барады.  Қан  тамып  ба-

рады екен. Ұзамай құлайды деп ой-

лады да оппалап соңынан жүгірді. 

Қасқырдан  көз  жазып  қалармын 

деп қорықты. Қасқыр тоғайға тарт-

ты.  Нұрлан  ұзын  сирақтарымен 

бірде аяңдап, бірде жүгіреді. Жара-

лы аң құлау орнына ұзай түсті.

Күн  еңкейгенде  ақсақ  қасқыр 

тоғайға кеп бұрын кірді. Бала шар-

шады,  мылтық  иығын  талдырды. 

Ұлпа қарды шеңгелдеп аузына сал-

ды.  Қар  жеуге  болмайтынын  біле 

тұра  сөйтті,  шөлге  шыдар  емес. 

Қалың  қарда  қан  тамған  із  сай-

рап жатыр. Қасқыр ендігі құлаған 

болар  деп  үміттенеді  бала.  Биік 

талдардың  арасымен  қайда  бара 

жатқанын  да  бағдарлай  алмады. 

Төбеде  көкшіл  аспан  көрінеді. 

Қасқыр  қайдағы  бір  шытырманға 

сүңгіп  кіріп,  өрлеп  отырыпты. 

Есілдің арғы жарқабағындағы үй-

еңкілердің  төбесін  зерлеп  күн  ба-

тып  барады.  Көп  ұзамай  қараңғы 

түседі.  Тоғайдағы  түнгі  жалғыз-

дықты  ойлағанда  жүрегі  дір  ете 

қалды.  Сұр  қаншықтан  айырылу- 

ұят! - деді Нұрлан қайраттанып.

Алдағы  жыныс  ішінен  кездесер 

деп,  жақындап  келеді,  болмады. 

Беті-қолын талдың бұтақтары, до-

лананың инесі жыртып удай ашы-

тады.  Із  өзеннің  аңғарына  түсіп 

кетіпті.  Төменде  көкше  мұз  көрі-

неді.  Қарсы  беттің  жары  тым  тік 

екен,  орта  шеніне  жеткенде  кейін 

домалай  жөнелді.  Сол  кеткеннен 

іргеге барып соғылды. Басы зеңгіп 

кетті.


Көзін  ашқанда  шалқасынан  жа-

тыр  екен.  Жұлдызды  аспан  көрі-

неді.  Басын  көтеріп  жан-жағына 

қарады. Қарлы жарқабақ төніп тұр. 

Таяқ тастам жерде әлде не қарауы-

тады.  Өзіне  қарсы  қарап  қасқыр 

жатыр,  атылуға  ыңғайланған  түрі 

бар.  Дереу  көздеп  атып  жіберді. 

Өзен аңғары күңіреніп көп тұрды. 

Қасқыр  қозғалмады,  өліп  қалып-

ты. Нұрлан шойнаң ете қалды. Оң 

аяғы қақсап барады. Әлгі құлаған-

да  мертіккен  екен.  Таңдайы  кеуіп 

сусап  кетті.  Бақырып  жылағысы 

келді,  аңшыға  жылауға  болмай-

тыны есіне түсті. Жаз бойы жұрт-

ты  қан  қақсатқан  сұр  қаншықты 

сұлатқаны аяғының ауырғанын да 

ұмыттырып  жіберді.  Жақыннан 

мылтық атылды.  

- Нұрл-а-ан!

Бала әкесінің даусын танып ор-



нынан тұрды.

Зейнел-Ғаби 

жүктеу/скачать 30,69 Mb.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет