Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология)


Алақанның зоналары және саусақтардың атаулары



бет2/4
Дата19.10.2022
өлшемі4,69 Mb.
#44024
1   2   3   4
Байланысты:
prezentatsiya 5

Алақанның зоналары және саусақтардың атаулары.

1 - тенар; 2 - гипотенар; 3-5 - саусақ аралық жастықшалар немесе тенар 3-5; 6-8 - басты флексорлық сызықтар. а - негізгі фаланг; б - ортаңғы фаланг; в - тырнақтық фаланг. I - бас бармақ; II - сұқ саусақ; III - ортаңғы саусақ; IV- аты жоқ саусақ; V - шынашақ.

Тырнақтық буынның (фалангтың) зоналары:

1 - орталық зона;

2 - оң жақ латералдық зона;

3 - дисталдық зона;

4 - сол жақ латералдық зона;

5 - базистік зона.

Қол саусағының тырнақтық фалангындағы папиллярлық бедердің құрылысы.

1 - папиллярлық сызықтың сыртқы суретінің жоғарғы ағымы;

2 - папиллярлық сызықтың сыртқы суретінің төменгі ағымы;

3 - папиллярлық сызықтың ортаңғы суретінің ішкі ағымы;

4 - папиллярлық бедердің дельтасы

Тырнақтық фалангтағы доғалық папиллярлық бедерлердің түрлері:

1 - қарапайым доғалық бедер; 2 - шатыр тәріздес доғалық бедер; 3 - орталық суретінің құрылысы анықталмаған доғалық бедер; 4, 5 - жалған-ілмектік доғалық бедерлер; 6, 7 – жалған-бұрама доғалық бедерлер; 8 - сирек кездесетін және доғалыққа жататын бедер; 9 - ауытқушы (аномальный) бедер (бұл бедерді қарапайым доғалық бедер ретінде қарастырады).

Тырнақтық фалангтағы ілмектік-папиллярлық бедерлердің түрлері

1 - қарапайым ілмектік бедер; 2 - иілген ілмек; 3 - жартыланған ілмек; 4 - тұйықталған ілмек «ілмек-ракетка»; 5 - паралельді ілмек; 6 - қарама-қарсы ілмек; 7, 8 – жалған-бұрама ілмектік бедер; 9 - сирек кездесетін ілмектік бедер.

Тырнақтық фалангтағы бұрама папиллярлық бедерлердің түрлері:

1 - қарапайым бұрама бедер - домалақ; 2 - қарапайым бұрама бедер - сопақ; 3 - қарапайым бұрама бедер - спираль; 4 - ілмекті шеңберлі; 5 - ілмектер спиральдар; 6 - аяқтары әр жаққа қараған ілмек бұрама; 7 - аяқтары бір жаққа қараған ілмек бұрама; 8 - ұлу ілмекті; 9 - иілген ілмек; 10 - толық емес бұрама бедер; 11,12 – сирек кездесетін бұрама бедерлер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет