Сабақтың тақырыбы



Pdf көрінісі
Дата18.03.2017
өлшемі180,08 Kb.
#10006

4

міндеттерін; сабаққа қажетті жабдықтардың атауын (жоспарда көрсетілген); 

үлгі  ретінде  келтірілген  сабақтың  барысын;  классикалық  өнер  тарихы  мен 

теориясы жөнінде халықтық өнердің көркемдік ерекшелігі жөнінде қысқаша 

анықтаманы қамтиды.

Авторлар  ұжымы  қызықты  жаңа  деректердің  эмоциялық  жағынан 

оқушының  ғана  емес,  мұғалімнің  де  көңіл  күйіне  жағымды  әсер  ететініне, 

оқушы бойындағы жасырын қабілеттерді ашатынына, туған өлкенің табиға-

тын аялауға тәрбиелейтініне, еліміздің көркемөнер мәдениеті бойынша жаңа 

деректерді балалармен бірге іздеуге, тануға мүмкіндік беретініне сенеді. 



ТАҚЫРЫПТЫҚ  ЖОСПАРЛАУДЫҢ  ҮЛГІСІ

Рет 

саны

      Бөлім

 Сағат 

 саны

           Сабақтың тақырыбы

1

Композиция



(кескіндеме)

     1


Көркемдік жабдық – гуашь. Тәсілі 

– пастозды кескіндеме. «Алтын 

күз» суретінің әсерін беру. 

2

Сәндік қолданбалы 



қолөнер

     2


Көркемдік жабдық – гуашь. «Сәндік 

қағаз». Қағаздың бет-бедерімен 

(фактурасымен) жұмыс: шашырату, 

пастозды, тырналау.

3

Кескіндеме



    1

Көркемдік жабдық – акварель. 

Біркелкі (монохромды) түстер: 

«Бұлыңғыр күн». Дымқыл қағазда 

жұмыс.



Кескіндеме



    2

Көркемдік жабдық – акварель. 

Түстану. Аралас түстер. «Күзгі 

гүлдер». Аралас түстерді 

құрастыруға арналған өздік жұмыс.

5

Сәндік қолданбалы 



қолөнер

      1


Көркемдік жабдық – түрлі түсті 

қағаз. Орындау тәсілі – аппликация. 

Стильдеу. «Сәндік ашықхат».


5

6

7



8

9

10 



Композиция

(кескіндеме)

Графика

Сәндік қолданбалы 



қолөнер

Кескіндеме

Сәндік қолданбалы 

қолөнер


      2

      2


      1

      1


      1

Көркемдік жабдық – гуашь. Шырай 

(колорит). Сәндік пейзаж. «Туған 

жердің табиғаты». Ә. Қастеев 

шығармашылығы

Көркемдік жабдық – қара гельді 

қалам. Затқа қарап отырып 

бейнелеу. «Күзгі бұтақ». Орындау 

тәсілі – сызықтық сурет.

Сәндік сурет. Пішіннің өзгеруі. 

«Ертегілік ағаш».

Гүлтану. Қосымша түстер. 

«Жемістер» тақырыбына сурет салу.

Көркемдік жабдықтар – түрлі 

түсті қарындаштар. Өрнек, оның 

қолданылуы. Өрнек түрлері. 

«Сиқырлы сырмақ» атты сәндік 

өрнек құрастыру.

11

Мүсіндеу


      1

Мүсіндеу. Жұмыр мүсін. 

Жануарларды мүсіндеу: «Түлкі», 

«Қоян».


12

Композиция

(сәндік қолданбалы 

қолөнер)


      2

Көркемдік жабдық – гуашь. 

Жануарлар туралы ертегі салу. 

Композиция ортасы, қосымшаның 

негізгіге бағыныштылығы.

13

Кескіндеме



      1

Көркемдік жабдық – акварель. Ауа 

перспективасы. «Таулы табиғат» 

суретінде қажетті сарынның 

берілуі.

14

Графика



      

1

Аралас тәсіл. Балауыз немесе 



майлы пастель. Акварель: «Қар 

қиыршығын саламыз».



7

25

Кескіндеме



      2

Пастозды кескіндеме: «Көктемгі 

табиғат». Қосымшаның негізгіге 

бағыныштылығы.

26

Сәндік қолданбалы 



қолөнер (графика)

     2


Көркемдік жабдық – майлы 

пастель. Граттография. «Сиқырлы 

орман» тақырыбына байланыстыру 

арқылы сәндік композиция.

27

Мүсін


     1

Көркемдік жабдық – ермексаз. 

Орындау тәсілі – пластинка немесе 

жіпше салу. Бедер: «Құс».

28

Композиция



(кескіндеме)

     2


Көркемдік жабдық – гуашь. 

Суреттегі қозғалысты беру: «Спорт, 

спорт».

29

Сәндік қолданбалы 



қолөнер

     2


Көркемдік жабдық – түрлі түсті 

қарындаштар. Ұжымдық жұмыс: 

«Достық биі». Нысанды стильдеу, 

пішін үйлесімділігі.

30

Сәндік қолданбалы 



қолөнер

     1


Көркемдік жабдық – гуашь. 

Монотипия. «Жадырған жаз!» 

көңіл күйін жеткізу.

Бағдарлама бойынша барлығы 51 сағат (аптасына 1,5 сағаттан)

Оқулық тақырыптары бойынша:

Кескіндеме – 18 сағат

Графика – 7 сағат

Мүсін – 4 сағат

Сәндік қолданбалы қолөнер – 16 сағат

Шығармашылық жұмыстарға – 6 сағат

Барлығы – 51 сағат


8

БІРІНШІ ТОҚСАН

Сабақтың тақырыбы: Сәлем, күз!

Оқу-тәрбиелік  мақсаты  мен  міндеттері:  екінші  сыныптықтарға 

қоршаған ортаны таныту; оларды туған өлкенің табиғатын аялауға тәрбиелеу, 

баланың оған деген сүйіспеншілігін ояту; табиғатты және өнерді қабылдай 

білу қабілетін дамыту; затқа қарап және елестету арқылы сурет салу жұмысы 

кезінде  табиғаттағы  түстердің  көрінуі  мен  бейнелеудегі  түстер  қатарының 

арасындағы  байланысты  ассоциациялық  түссезулерін  баланың  эмоционал-    

ды-сезімдік  қасиеттерін  қалыптастыра  отырып,  дамыту;  оқушылардың 

көркемдік  сызба  дағдысын  қалыптастыру:  әртүрлі  жағу  әдісінің  көркемдік 

мүмкіндігін  қолдану,  табиғатты  бейнелеудегі  басты  және  қосалқы 

элементтерді кіріктіре білуге үйрету. 



Сабақ жабдықтары: 

Мұғалім үшін: И. Левитан суреттерінің көшірмелері;

Оқушы  құралы:  сурет  альбомы,  жай  қарындаш,  өшіргіш,  гуашь, 

қылқаламдар, су құтысы.

 Сабақ кезеңдері:

1. Ұйымдастыру сәті;

2. Сабақтың тақырыбы бойынша танымдық әңгімелер;

3. Сурет салу тәсілдерін көрсету;

4. Оқушылардың өзіндік жұмысы;

5. Сабақты қорытындылау.



 Сабақтың барысы:

«Табиғат пен суретші», «Табиғат және сен» тақырыбында әңгіме өткізу.

Бұл  сабақта  оқушылар  жаздың  көркем  көрінісінен  гөрі  күзгі  табиғатты 

тамашалайды.  Туған  өлке  жаңа  қырынан,  яғни  түрлі  түсті  бояуымен  сан 

алуан нұсқада жаңаша түрге енеді.

«Алтын  күз»,  «Күз.  Тұман»  деп  аталатын  И.  Левитанның  суретінен  біз 

түрліше құбылып, түрленген күздің көрінісін көреміз. Алтын зер жамылған 

ақ қайыңның жұмсақ шұғыласы «Күз. Тұман» суретінде күмістей ақ тұманға 

сіңіп  кеткен.  «Алтын  күзде»  күзгі  табиғаттың  тамылжыған  ажары  ашыла 

түскен.  Мұнда  сары,  алтын  түстес,  қызғылт  сары  жылы  бояулар  аспанның 

және күзгі өзеннің суық көгілдір түсімен үйлесімде берілген.


9

Мұғалім  үшін анықтама:

Исаак Ильяұлы Левитан. Исаак Ильяұлы Левитан 1860 жылдың тамыз 

айында Кибарты деген Литваның шағын қаласында дүниеге келген. 

Исаактың  суретші  болып  қалыптасуына  суретші  ағасының  ықпалы 

көп  тиді.  Ол  Исаакты  этюд  салар  кезде  қасынан  тастамай,  көркем  сурет 

көрмелеріне ертіп, өзімен бірге ала кететін. 

Исаак  13  жасқа  толғанда  Кескіндеме,  мүсін  және  сәулет  училищесіне 

қабылданады.

Ол  18  жасынан  бастап  өз  суреттерін  көрмеге  қоя  бастады.  Көп  ұзамай 

елдің назарын өзіне аударды. 

Көбінесе  Мәскеуде  тұрды.  Останкинода,  Мәскеу  және  Тверь  губер-

нияларында, Қырымда, Еділде жұмыс істеді. 

Левитан 1900 жылдың 22 шілдесінде қайтыс болды. Ол бар-жоғы қырық 

жыл өмір сүрді.  

Сурет  көшірмелеріне  үңілсеңіз,  суретшінің  туған  өлкенің  қарапайым 

сұлулығын  ашып,  көрсете  білген  шеберлігіне  тәнті  боласыз.  Сурет 

көшірмелерін  қарау  кезінде  оқытушы  сауалдарды  екінші  сыныптықтар 

өз  бойларындағы  табиғат  құбылыстары  мен  көркем  бейне  –  табиғат  суреті 

арасындағы  эмоциялық-эстетикалық  байланысты  анықтайтындай  етіп 

құрады.  Бұл  олардың  өздері  тұратын  қаланың,  ауылдың  табиғат  көрінісін 

қабылдау ерекшелігіне өз әсерін тигізер еді. 

Көркем материалдар мен жұмыс тәсілдерін игеру кезінде 2-сыныптықтар 

сабақта  ұзынша  етіп  айырып  жағу  тәсілін  байқап  көреді.  Бұлай  жағу  мен 

дақтар  түсіруді,  олардың  ырғағы  мен  орналасуына  қарай  «Орман»,  «Күн», 

«Дала», «Бұлт», т.б. табиғат құбылыстарымен астастыруға болатынын оқушы 

байқауы керек. Жаттығулар жылдам орындалады. 

Құрылымдық  сызбасы  табиғатпен  салыстырылып  болғаннан  кейін 

және  табиғат  (жер,  аспан,  су)  құрылысының  басты  элементтері  әртүрлі 

бейнеленгені туралы түсінік анықталған соң екінші сыныптықтар өз бетімен 

шығармашылық жұмысқа кіріседі.

«Өз қалаңның, ауылыңның күзгі табиғатын» елестету арқылы салу.

Сабақты қорытындылау. Бала жұмысында күзгі табиғат көңіл күйі бояулар 

арқылы қалай берілгенін, сурет құрылысындағы басты элементтердің (жер, 

аспан)  түрліше бейнеленуіне және қосалқы элементтердің (ағаш, үй, бұталар, 

су, т.б.) олармен қалай үйлескеніне, айырып жағу тәсілінің (түс, бағыт) мәнерлі 

мүмкіндігін қаншалықты шебер қолданғанына баға беру.

  


10

Сабақтың тақырыбы: Сәндік (декоративный) қағаз.

Оқу-тәрбиелік  мақсаттары  мен  міндеттері:  оқушылардың  өмір  шын-

дығына  эстетикалық  тұрғыдан  қалыптасуына  жағдай  туғызу;  эстетикалық 

танымын  тереңдету,  заттардың  күрделі  пішінін  бейнелеуге  дағдыландыру; 

сурет салудың негізгі ережелерін саналарына сіңіру; бейнелеу өнері бойынша 

сыныптан  тыс  білімін  ұштау,  еңбекке  баулу,  сондай-ақ  қоршаған  ортамен 

таныстыру. 



Сабақ жабдықтары:

Мұғалім  үшін:  көрнекі  құралдар  –  орама  қағаз  және  әртүрлі  сәндік 

қағаздар. 



Оқушылар үшін: альбом парақтары, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь, 

қылшықты  және  тиіннің  құйрығынан  жасалған  қылқалам,  үйеңкі,  қайың, 

емен, қарағаш жапырақтары, су құтысы.

Сабақ кезеңдері:

1. Ұйымдастыру сәті;

2. Сабақтың тақырыбы бойынша танымдық әңгімелер;

3. Бет-бедерді орындау технологиясын түсіндіру;

4. Реңді бере білуге жаттықтыру;

5. Оқушылардың өздік жұмысы;

6. Сабақтың қорытындысын шығару.

Сабақтың барысы:

Әңгімелесу  кезінде  балалардың  назарын  күзгі  табиғаттың  әсемдігіне, 

күзгі жапырақтардың асқан әдемілігіне аударамыз. Күзгі табиғаттың көріні-

сін (жел, жаңбыр, жапырақтың түсуін және т.б.) түсіру үшін бізге сәндік сурет 

салу тәсілі көмектеседі.

Оқушыларға  сәндік  қағаздың  үлгісін  көрсетеміз.  Сәндік  қағаз  түрлі 

мақсатқа қызмет етеді: оны сыйлықтарды және т.б. безендіруге арналған орама 

қағаз ретінде, ашықхатты, карточканы дайындауға пайдалануға болады.

Сәндік қағаз қалай жасалады?

Алдымен біз сәндік қағаздың өңін жасап аламыз, оны бет-бедермен жаса-

ған дұрыс. Мұны түрлі тәсілмен жасауға болады. Гуашь бояуы мен қылшықты 

қылқаламмен пайдалана отырып, сіз әр алуан бет-бедерді аласыз.

Қылтанды  бояу  жаққышпен  қою  гуашьты  түрлі  бағытта  қысқа  жағып 

өтеміз.  Қою  түскен  бояу  бойынша  қатырма  қағаздан  қиылған  «тарақпен» 

сызықтарды тырналаймыз. 


11

Суға араластырылған гуашьпен жұмсақ қылқалам арқылы түрлі гүлдің 

сызықтарын  саламыз,  олардың  сызығы  жаңа  түстерді  тудыратындай  бір-

біріне сәйкес келуі керек.

Гуашь жағылған өңге қылшықты қылқаламмен түрлі түсті немесе бір түсті 

«шашырандыны» түсіреміз (оны жасау оңай, ол үшін қылшықты қылқаламды 

шертеміз.  Қылшықты  қылқаламға  жұқтыратын  бояудың  қоюлығы  орташа 

болуы керек). 

Оқушыларға  өз  бет-бедерінің  нұсқасын  ойлап  табуды  және  оны  өз 

беттерінше салып шығуды ұсыну.

Қағаз  парағында  орындалған  бет-бедерге  күзгі  жапырақтың  суретін 

түсіреміз.  Жапырақты  қолмен  де  салуға  болады,  я  болмаса  қайыңның, 

үйеңкінің,  еменнің  немесе  кез  келген  ағаштың  жапырағын  алып,  оның  бет 

жағына гуашь жағып, оны дайын қағазға бірнеше рет басып алу керек.

Сәндік қағаз дайын.

Сабақтың тақырыбы: Бұлыңғыр күн суретін саламыз. 

Оқу-тәрбиелік  мақсаты  мен  міндеттері:  баланың  өмір  шындығына 

эстетикалық  қатынасын  қалыптастыру;  акварельмен  салатын  суретшілер 

жұмысына  қатысты  олардың    эстетикалық  танымын  тереңдету;  бейнелеу 

өнеріндегі  жалпыдан жекелеген бөлшектерге қатысты негізгі ережені үйрету; 

бейнелеу өнері пәнінің сыныптан тыс сабақтармен байланысын іске асыру. 

Сабақ жабдықтары: 

Мұғалім  үшін:  көрнекі  құрал  –  акварельмен  салатын  суретшілердің 

картинасының көшірмесі (болса, монохромды тәсілде орындалғандары).



Оқушылар үшін: альбом парақтары, палитра (немесе оны алмастыратын 

қалың қағаз парағы), жай қарындаштар, өшіргіш, акварель, жұмсақ қылқалам, 

су құтысы.

Сабақ кезеңдері:

1. Ұйымдастыру сәті. 

2. Сабақ тақырыбы бойынша ұйымдастырушылық-танымдық әңгіме.

3. Суреттерге арналған сюжеттердің «ауызша бейнелеу» әдісін анықтау. 

4. Оқушының өздік жұмысы. 

5. Сабақты қорытындылау. 



Сабақтың барысы:

Балалардың жаңбырлы күнге қатысты әсерімен бөлісу. Тіпті жаңбырлы 

күннің өз әсемдігі бар. Пейзаждың не екенін еске түсіреміз. 


12

Пейзаж  –  бұл  табиғатты  бейнелеу.  Ал  өз  туындысында  табиғатты 

бейнелген суретші пейзажшы деп аталады.

Оқушыларға «жаңбырлы табиғат» суретін салуды ұсыну.

Сурет  көшірмелерін  қараймыз.  Еңбек  мейлінше  «шикі»  тәсіл  бойынша 

акварельмен монохромды кескіндеме техникасында орындалған болуы керек 

(Бұл тақырыпты безендіруге қытай пейзажының кескіндемесі қолайлы).

Монохромды кескіндеме дегеніміз не? Грек тілінен аударғанда «моно» – 

біреу, «хромос» – түс. Монохромды кескіндеме бір түстің түрлі реңктерін – ең 

ашық түстен ең күңгірт (мысалы, сұр немесе көк) түске дейін пайдаланады 

(мысалы, сұр немесе көк немесе қандай да бір өзге түс).

Монохромды палитраны жасау үшін бір түсті таңдаймыз, мысалы, қара 

түс.  Оған  палитрада  су  қосып,  сұр  түстің  әртүрлі  реңктерін  алуға  дейін 

әрекеттенеміз. 

Акварельді  «дымқылдау»  тәсілі  бойынша  салу  үшін  дайындық  суреті 

қажеті  емес.  Негізгі  нысанды  жай  қарындашпен  жеңіл-желпі  белгілеп 

шығамыз.  Өшіргішті  пайдаланбаймыз,  өйткені  ол  қағаздың  беткі  жағын 

бүлдіреді.  Парақты  тұтас  таза  сумен  сулаймыз.  Бояуға  су  қоса  отырып, 

табиғаттың суретін салып шығамыз. Парақтағы бір орынға бояуды қайталап 

жаға беруге болмайды. Бізге анықтық қажет. Бояу сулы парақ бетімен «жүзіп» 

кетеді, оған қажетіне қарай бағыт алуына көмектесеміз.

Парақты  бірнеше  сағат  кептіруге  қоямыз,  содан  соң  алдыңғы  планның 

элементтері бойынша нақтырақ жұмыс істейміз. 

Балалармен жеке жұмыс істеу үшін мынадай ұсыныстар беруге болады:

–  қарындашпен  орындалатын  сурет  жеңіл  салынуы  керек,  ал  сызығы 

мейлінше  жіңішке  түсуі  қажет,  әйтпесе  ол  акварельден  көрініп  қалуы 

мүмкін;

–  «дымқылдау»  тәсілі  қолданылғанда  су  мөлшері  көп  болмауы  керек, 



себебі сурет «жүзіп» кетеді, ал су өте аз болса, «шөлдеп» қалады;

–  бояуды  палитрада  езген  дұрыс,  палитра  ретінде  альбом  парағын  да 

пайдаланамыз, одан акварель түсі ашық көрінеді.

Сабақты  қорытындылаған  кезде  «дымқылдау»  тәсілінде  мейлінше  дәл 

орындалған және жаңбырлы күннің көрінісі барынша шынайы бейнеленген 

жұмысты атап кету керек.

 

Сабақтың тақырыбы: Күзгі гүлдер.

Оқу-тәрбиелік  мақсаты  мен  міндеттері:  баланы  күзгі  гүлдердің 

ашықтығына, әдемілікке сүйсіне білуіне үйрету; заттың мөлшері мен көрудегі 

пішін тепе-теңдігіне байланысты суреттің көлемін парақ бетіне сыйдырып, 


13

композиция ережесін пайдалану арқылы қарап отырып салуына, акварельмен 

жұмыс  тәсілдерін  жетілдіруге,  негізгі  және  қосымша  түстердің  ашық  және 

күңгірт реңктерін пайдалануға және ажыратуға үйрету. 



Сабақ жабдықтары:

Мұғалім  үшін:  «Күзгі  гүлдерді  бейнеленудегі  акварель  бояулармен 

жұмыстың  реті»  әдістемелік  кестелері,  қарап  салуға  арналған  3–4  бұйым 

(мүмкіндік болса, әр партаға ақ парақ аясына бір күзгі гүлден орналастыру).  

Оқушылар үшін: альбом парағы, жай қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, 

су құтысы. 

 Сыныпта тірі гүлдердің көрмесін немесе «Күзгі гүлдер» фотосуреттерінен 

көрме ұйымдастыруға болады (мысалы, астра, алтын шар, т.б.)



Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру сәті.

2. Күзгі гүлдердің алуан бояуға малынған әдемілігі туралы әңгіме.             

3.  Аралас  гүлдерді  жасау  тәсілдерін  көрсету  және  оқушылардың  өз 

бетінше жаттығуы.

4. Гүлдерді салу тәсілін көрсету.

5. Оқушылардың өз бетінше жұмысы.

6. Қорытындылау.

  

Сабақтың барысы:

Күзгі гүлдер қандай тамаша! Сонымен бірге табиғаттың солуын көру де 

көңілге  қаяу  түсіреді,  алайда  күзгі  гүлдер  өзінің  әсемдігімен  бізге  қуаныш 

сыйлайды. Балалармен бірге гүл шоғын немесе фотокөрмені тамашалаймыз. 

Балаларға  қойылатын  сауалдар  күзгі  гүлдердің  атауына  байланысты 

болмақ.


Әңгіме  барысында  негізгі  түстердің  (қызыл,  сары,  көк)  тірі  гүлдерде 

сирек ұшырасатыны жайлы сөз қозғаймыз, алайда біз көптеген өзге гүлдерді 

тамашаладық және аттарын білдік. Бұлар – аралас гүлдер.

Аралас  гүлдер  қалай  пайда  болады?  Өте  оңай!  Оның  өз  аты  айтып 

тұрғандай,  оларды  алудың  жолы  –  түстерді  араластыру.  Мысалы,  сия  көк 

түсті  алу  үшін  көк  пен  қызыл  бояуды  араластыру  керек.  Ал  қызыл  сарыға 

қол  жеткізу  үшін  қызыл  мен  сарыны,  жасыл  түс  алу  үшін  сары  мен  көкті 

араластырамыз.  Реңкке  қол  жеткізу  тіптен  оңай:  ақ  бояуға  қажетті  түсті 

қосамыз.  Сол  кезде  қызыл  түс  қызғылт  түске,  көк  көгілдір  түске  айналады 

және т.б. Ал қандай да бір түске қара бояуды қоссақ, қара реңкті түс пайда 



болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет