Біледі: Ертегі кейіпкерлерін атай алады.
Түсінігі бар: бақа, инелік, жылан, бозторғай, тасбақа,кесіртке түсінігі бар.
Орындай алады: балалар мақтаншақ бақа ертегісін сахналай алады
Күні 16. 03. 18 Балапан тобы: Тәрбиеші: Қалиасқарова И.К Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері:Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Мақсаты: Білімділік: мақта туралы білімін арттыру
Дамытушылық: Есте сақтау қаблетін дамыту
Тәрбиелік: Кез келген затты ысырап жасамай, пайдаға жарту, әрқашанда көмектесе білуді.
Қолданылатын көрнекіліктер: Мақта, кейіпкерлердің суреттері,күрте, көрпе,шапан және торғайдың суреті.
Әрекет кезңдері
Тәрбиешінің әркеті
Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу
Тәрбиеші балаларға Айша қуыршақ қонаққа келтінін хабарлайды.
Тәрбиеші балаларға Айжан қуыршақтың өзімен бірге бір зат ала келгенін айтады. Қандай зат әкелгенін сұрайды. Тәрбиеші балаларға мақта жөнінде баяндайды. Балалар мынау-мақта. Ол-жұмсақ,түсі-аппақ.Мақтадан көптеген заттар тігуге болды. Мысалы:күрте, шапан, көрпе тігуге болды. Тәрбиеші балаларға осы бір уыс мақта жөнінде әңгімені айтып береді Кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, анасы қасын отырып, ақыл айтты: Балам, дүниеде жартылған жанды – жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - дейді.
Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып далаға тастады:
-Әже, осы қиқымнын ешнәрсеге керегі бола қоймас,-дейді. Шешесі: Балам, сол да жерде қалмайды, - деді.
Осылайша сөйлеп, қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көтеріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана ұшып кетті.
Қыз әжесіне: Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылды?- деп сұрды. Әжесі: Көрдіңбе балам, ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді, - деді.
Сергіту сәті
Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық