«Ізгі сөздер патшалығы» үйірмесінің



бет36/49
Дата16.01.2023
өлшемі170,36 Kb.
#61481
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Рефлексия түзету:














Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертігі желісі туралы біледі.
Түсінігі бар: Ертегі кейіпкерлері туралы түсінігі бар.
Орындай алады: Ертегі желісі бойынша сахналай алады.


Күні: 02. 03. 18 Балапан тобы Тәрбиеші: Қалиасқарова И.К
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта
Бөлімдері: Ертегілер әлемінде
Тақырыбы: Мақтаншақ бақа
Мақсаты:
білімділік: Ертегі мазмұнын толық білуге үйрету.
дамытушылық: Балалардың тілін, ой-қиялын, сөздік қорын дамыту. тәрбиелік: Достық қарым-қатынасқа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: суреттер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларға қонаққа қуыршақ келетінін хабарлайды.

Балалар қуыршақтың қонаққа келетініне қуанады.

Ұйымдастыруізденіс жүргізу

Балалар қуыршақ өзімен бірге ертегі кітабын ала келіпті. Ол кітаптың ішінде «Мақтаншақ бақа» ертегісі бар екен.
-Балалар бақаны білеміз бе?
- Бақа қайда мекендейді?
- Бақаның түсі қандай болады?
- Бақа қандай дыбыс шығарады?
-Ендеше мен сендерге сол ертегіні оқып берейін.
Жаз айының жайма-шуақ күні еді. Айдын көл жағасын бір кесіртке мекен етіпті. Бір күні ол ұзақ ұйқысынан оянып, тас қауырсыннан шықты. Айналасына, күнге сүйсіне қарады. Тастың үстіне шығып, денесін қыздыра бастайды. Кенет көл суын шолпылдатып шашып жанына бақа келді.
-Су деген қандай тамаша! Шомылғың келе ме? Бірақ мен сияқты жүзе алмайтын шығарсың?-дйді мақтанып.
-Жүзе аламын. Су қазір суық қой. Мен жылыны жақсы көремін.
Жоқ , жүзе алмайсың. Сен судан қорқасың,-деп бақа жалпақ денесімен кесірткені суға итеріп жіберді. Кесіртке ашулы көздерімен бақаға бір қарап, судан шығады. Денесіндегі су тамшыларын сілкім тастап, ағаш басына шығып кетеді.Ал өзіне-өзі разы болған бақа: -Өй қорқақ, қашып кеттің ғой,-деп масаттанды. Осы кезде қарны ашқан бақа ұшып жүрген инелікті көріп, тыныштала қалды. Ал инелік еш нәрсені байқамайды. Мұны сырттай бақылап отырған кесіртке: -Инелік, кет бұл жерден! айтпесе, бақаға жем боларсың, - деп үн қатады. Кесірткенің сөзін естіген бақа ашуланып, өзінің ұзын тілін серпіп жібереді. Инелік ұшып кетеді. -Қап, бәлем, сені ме?- дейді де, бақа секең-секең етіп көлге күмп береді.біраздан кейін көл жағасын бойлай асықпай жылжып бара жатқан тасбақаны көрген бақа судан шығады да: -Тасбақа, мен сияқты секіре аласың ба? Кел, екеуміз жарысайық,-деп секеңдей бастайды. Тасбақа оған таңдана бір қарайды да өз жолымен кете барады. Бақаны сырттай бақылап отырған кесіртке «мырс» етіп күледі. Секеңдеп-секеңдеп шаршаған бақа шөп үстіне жата кетеді. Осы араға алқызыл әдемі көбелек ұшып келеді. Оны ұшып жұрген гүл ме деп те қаласың. Көбелекті көрген бақа: -Кесіртке, қарашы, мен қандай әдемімін. Осы маңда менен өткен сұлу жәндік бар ма?-деп сұрайды. Мұны естіген кесіртке тағы да «мырс» етіп күлді.Жата-жата әбден жалыққан бақаның енді іші пыса бастайды. Осы кезде тас арасынан жылжып жылан шығады. Екі айыр тілі оттай жалындап сумаң-сумаң етеді. Бақа оған жақындай түсіп: -Бәрібір де менің денем сенің денеңнен жылтыр, мен ....-дей бергені сол еді, кесіртке: -Қаш, жылан сені жұтып жібереді!-деп айғай салады. Шошып кеткен бақа артқа қарай ыршып түседі. Ал жылан бақаны құйрығымен салып қалып ініне барып бұтаққа ілінеді.Біраздан кейін бақа есін жиып, жан-жағына қарайды. Көршілес бұтақта ән салып отырған бозторғайды көреді. Әнін тыңдар-тыңдамастан баяғы мақтаншақтық әдетіне басып:
-Бозторғай, бәрібір мен сияқты ән шырқай алмайсың. Менің әнімді тыңда,-деп бар дауысымен бақылдай бастайды. Дауысы тарғылданып, айналаны шуға толтырып жібереді. Ән айтамын депкүшенгені сонша бұтақтан құлап түседі. Жақын маңайда жүрген тырна бақаның дауысын естіп, көл жағасына ұшып келеді. Бақаны өткір тырнақтарымен бүріп ала жөнеледі. Көкке көтеріп бара жатып, бозторғайға соқтығысады.Бақа көлге күмп етіп құлап түседі. Осының бәрін бақылап отырған кесіртке асықпай ағаш басынан жерге түсіп: -Тым көп мақтанып кетіп ең, -дейді де қуысына кіріп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет