Тәрбиеші ертегілер елінен әдемі кітап
келгені туралы айтады.
Бұл кітапта бірнеше ертегілер жазылған
екен, мен сендерге «бақша ағаштары»
атты ертегі айтып беремін.
Ертеде жаздың әдемі бір күнінде
Таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып,екеуі де егілген ағаштары мен гүлдерін көріп жүреді.
-Баласы әке мынау ағаш тіп-тік әдемі, ал
мына ағаш қисық біткен деп сұрады.
-Әкесі балам оның себебі мыныда деді: түзу ағашты адамдар күтіп,қисық бұтақтары болса кесіп отырған,ал мына ағаш ешкімнің қарауынсыз өзі қалай болса солай өскен деді.
-Баласы олай болса ағашты бағуда да көп мағына бар екен ғой деді.
-Әкесі иә, балам сен де осы өсіп келе жатқан жас ағаш сияқтысың, саған да күтім керек. Мен сенің қатеңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды тыңдап орнына келтіріп отырсаң, жақсы адам болып өсесің, егер бағусыз бетімен кетсең сенде мын ағаш сияқты қисық өсерсің депті.