Ізгілендіру



бет2/5
Дата15.05.2023
өлшемі25,55 Kb.
#93212
1   2   3   4   5
Ж. Аймауытов педагогикалық оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектерін, оқу құралдарын жазды. Оның педагогика, психология және әдістеме саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», т.б. туындылары бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер болып табылады.


Билет 2

  1. Ұйымдастыру дегеніміз - мақсаттарға жету үшін адамдарға бірге тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін беретін кәсіпорын құрылымын таңдау және оны құру процессі.Белгілі бір мақсатқа жету ұйымдастыруға да байланысты. Ұйымдастыруды үдеріс ретінде қарастыруға болады. Мысалы, педагогикалық әрекет, педагогикалық қызмет, материалдық реттеу т.б.(ағай силлабус)

  2. Л. Н. Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді айтып баларды шаршатпау, сабақ материалының балалар тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтау қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, көп көңіл бөлді.

Л. Н. Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды байқағыштыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.


Билет 3



  1. Теория -білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Теория белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделеді. Теория –ғылыми білімнің формасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет