Ізгілендіру



бет4/5
Дата15.05.2023
өлшемі25,55 Kb.
#93212
1   2   3   4   5
жалпы дамыту.Дәстүрлі педагогикада қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: "А" әріпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі формасы қалай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатыннын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі-сынып оқушыларын жақсы", "жаман" оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылған.Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған дамыта оқыту жүйесінде баланың білімін бағалауға үлкен мән беріледі.Дамыта оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым , қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтас-тың, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Баланың өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуалда болуы басты назарда ұсталынады. Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтежелігінің басты көрсеткіштері болып, ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені болып саналады.




Билет 5

  1. Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі оқушыны жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру , үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі қателіктер бастауыш мектеп оқушыларының абстрактілі ойланудағы мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтижесінде мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет