Ескеретін жай
|
Кері әсері
|
Ойынның шарты қарапайым және анық болу керек, ал ұсынылатын мате риалдың тарихи мазмұны оқушылар-дың қабылдауына сай болуы керек
|
Ойын оқушыларды қызықтырмауы және формальды түрде өтуі мүмкін.
|
Ойын кезінде қолданылатын дидакти- калық материалдың қолдануға ыңғай лы болуы
|
Керісінше жағдайда ойынның әсері төмендейді
|
Тарихта ойынның өз мәнері болуы шарт
|
Ойын ережесінен асып кету, оқушы ларды барлық ісіңізді «Ойын» деп қабылдауға итермелейді
|
Ойынның кезінде оқушылар өз ойын қысқа және сауатты тілмен жеткізу керек
|
Тарихи тілде сауатты сөйлеуі төмендейді
|
Ойынды сол сабақтың үстінде аяқтап, ойынның нәтижесіне жету
|
Егер уақытылы нәтиже шығарылмаса, ойынның мәні кетеді
|
Дидактикалық ойынның белгілі бір нәтижесі болады, ол ойынның финалы болып есептелінеді, яғни ойынның аяғы. Мұғалім үшін ойынның нәтижесі оқушылардың тарих саласындағы жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады немесе оқу-білімді игеру деңгейі болып есептелінеді.
Мысалы, «1867-68 жж реформалар» тақырыбын өткенде «Бағдаршам» ойынын қолданылды, бұл ойын барысында оқушылар берілген тұжырымды дұрыс деп тапса - «жасыл», ал қате деп тапса - «қызыл» жалаушаны көтеру арқылы жауап берді. Жаңа сабақ «Кіреші» ойыны (шарты: кірешінің қалтасынан әр оқушы өзіне келген сәлемдеменің түбіртегін (тапсырманың № алады)), мысалы:
1 – түбіртек «Реформаның дайын-далуы және бекітілуі»
2 – түбіртек «Негізгі 5 жаңалықты ата»
3 – түбіртек «Көтерілістің себептері «
4- түбіртек «Көтерілістің басталуы (өз сөзіңмен баянда)»
5- түбіртек «Көтеріліс ошақтары»
6– түбіртек «Көтерілістің негізгі ерекшелігі» арқылы пысықталып, бекітілді.
Тарихи ребус, кроссвордтарды, тестті, «Сиқырлы шаршыны» шешуді интерактивті тақтаның көмегімен ұйымдастыру мұғалімге уақытты үнемдеуге көп мүмкіндік береді.
Ұлттық тәрбие беру мақсатын көздеген мұғалім ұлттық ойындардың шартын тарихи ойынға байланысты өзгерте отырып қолдана алады. Ұлттық ойындарды сабақта қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, салт-дәстүр арқылы ой-өрісін дамытуға болады. Қазақтың ұлттық ойындарынан қосымша мағұлматтар алады. Ұлттық дәстүрге тәрбиеленеді. «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Қыз қуу» ойындары оқу барысында көп қолданылады. Мысалы: «Көкпар» ойыны. Тақтаға көкпар тартып жатқан сәті бейнеленген сурет ілінеді. Тапсырма беріледі. Әр ауылдан бір бала шығып тапсырмайды. Ойынның мақсаты берілген тапсырманы тез әрі қатесіз орындау. Екі бала тақтада бір тапсырманы орындайды. Бұл әдіс В. Шаталовтың сенім әдісі бойынша алынған.
«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға қыз қуу ойыны бейнеленген сурет ілінеді. Тақтаға бір қыз бала, бір ер бала шығып, тапсырмалар орындайды. Шешімдер тексеріліп, жеңімпаз анықталады.
Атақты мұғалім-зерттеуші Дж. Дьюидің ұстанымдарына зер салсақ:
1. оқыту кірпішті бір қолдан бір қолға бергендей, көрінбеу керек;
2. жанама оқыту керек, яғни сабақта мәселені оқушылар өздері анықтайтындай және содан кейін оқу бағдарламасын осы мәселелерді зерттеп, шешімін табу үшін пайдаланатындай етіп құру керек - осының нәтижесінде пәнмен байланыс орнығады.
Дж.Дьюидің айтуынша, егер біз идеяны оқушыларға кірпіш ұсынғандай дайын күйінде бермесек, олар өз идеяларын ұсына бастайды, өз мәселелерін қойып және оқу материалында берілген тақырыппен салыстыра бастайды. Осы мақсатта оқушыға дайын ақпаратты бермей, оны өз бетімен ізденуге үйрету керек.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |