Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет31/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игертуде, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл әдіс өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығару, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу және белгілі жолдармен тексеру үшін өте қолайлы.
Лабораториялық әдіс көрнекілік және басқа да машықтық (практикалық) әдіс қосындыларымен жүзеге асырылады. Сондықтан да жаттығу мен дмонстрацияға қандай талаптар койылса, оған да дәл сондай талаптар қойылады.
Проблемалы лабораториялык (зерттеу) әдіс. Зерттеушілік болжамды іздестіру, оны дәлелдеу жолдарын көрсету, керекті материалдар мен құралдарды оқушылардың өздерінің таңдай білуіне жол көрсетуімен ерекшеленеді. Лабораториялық әдіс күрделі, ол сондай-ақ арнайы,
қымбат құрал-жабдықтарды және мұғалім мен оқушының тыңғылықты дайындығын талап етеді.

Оқу-лабораториялық эксперимент оқу лабораториясында бұрын ғылымда белгілі болған нақты процестер мен шешімдерді мұғалім мен оқушының өзара бірлескен әрекеті арқылы еске түсіруі болып табылады. Осы арқылы алынған білімді есте жақсы бекіту, табиғатта және өндірісте болып жатқан білім-білік дағдылары, осы білім-білік дағдыларына байланысты олардың нәтижесі мен қалыптасуы жүзеге асырылады. Лабораториялық жұмыстың оқыту-дамытушылық тиімділігі – оқушылардың өздерінің шығармашылық күштерін белсенді түрде жұмылдыра көрсетуінен байқалады. Әдістің тәрбиелік маңызы оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін табуында жатыр.

Машықтық жұмыстар бес кезеңге бөлінеді. Бұнда оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәжірибе сабақтарында тексеріледі:

а) мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялы кезеңдермен үйрету;


э) көрсету (инструктаж);

б) жұмысты жасап көру (екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзеуі);

в) жұмысты әркімнің өзі орындауы;

г) бақылау, оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу сапасы ескертіледі, уақытты, материалдарды үнемдеуі, жұмысты дұрыс және жылдам жасауы (Е.Я. Голант) бақыланады.

Машықтық әдіс басқаларға қарағанда, оқушыларды тапсырманы жауапкершілікпен орындауға үйретеді, олардың бойында үнемді, шаруаға бейім сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады. Оқушылардың-еңбекке деген ықыласын, жан-жақты дағдыларын қалыптастырады. Орындалатын жұмыстың мақсатын, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспары және кестесін құру, материалдар мен инструменттерді дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қорытындыны талдау кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет