Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


«Қазақстан тарихы» курсы - Отансүйгіштікке тәрбиелеудің



бет37/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
ТАРИХ

«Қазақстан тарихы» курсы - Отансүйгіштікке тәрбиелеудің

басты тетіктерінің бірі ретінде
Мектептегі міндетті пәндер ішіндегі бірден бір ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейтін, рухани азық беретін өз пәніміздің бағасын, болашақ ұрпаққа олардың малшысы мен манабы бір дәрежеде сөйлей алатын өресі кең ұлттың өкілі екенін үнемі естен шығармауын санасына сіңіруіміз қажет.

Біздің ата-бабамыздың бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қарағаны баршамызға белгілі. Халқымыз жүріп өткен тарихымызға көз жүгіртіп қарасақ, қазақ халқындағы небір шешен, қара қылды қақ жарған билер мен қазылар, ақын, жыршы, зергер, сәулетшілердің атадан балаға мұра болып қалған ұлағатын көреміз. Кез келген халық сияқты, қазақ халқында да тәрбие беру ісінде өзіне тән ерекшеліктері: сан ғасырлар бойы жас ұрпақты имандылық пен ізгілікке, адалдық пен әділеттілікке, қарапайымдылық пен мейірбандылыққа, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеген ғұлама ғалымдары, шешендері мен билері, батырлары мен ақын-жыраулары болғаны баршаға мәлім.

«Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын Республика-ның жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз», - деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, біздің алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеттері жатыр.

Ерлік сын сағатта танылады. Елін, жерін, шет ел шапқыншыларынан қорғауда, ерен ерлігі аңызға айналған, өлең-жыр, толғау-дастандарға арқау болған Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Едіге, Қамбар, Абылай, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Баян, Наурызбай, Райымбек, Малайсары, Сұраншы, Саурық, Барақ, Сырым, Исатай сияқты батырлардың тәрбиешісі де – қазақ халқы. Жиырмасыншы ғасырдың Кеңес заманындағы әр түрлі соғыстардың батырлары Аманкелді Иманов, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов және тағы басқалардың ерен ерлік іс-қимылдары да өлең-жыр, дастанға айналып, оқушыларға елжанжыдық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып отыр. Осының бәрі халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып жалғасып келе жатқан ерлік рухымен байланысты туындаған тәрбиенің дәстүрлі үлгі-өнегелік жемісі.

Халқымыздың қаймықпас ерлігі, қайыспас батырлығы, даналығы, данышпандығы, кісі мойытар кісілік келбеті ықылым заманнан дуалы ауыздарға іліккені бұлтартпас ақиқат. Содықтан Қазақстан халқының елжандылық көзқарасын қалыптастыруда терең ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа бағыттар іздестірілуде және оның үлкен маңызы бар. Осы тұрғыдан алғанда отандық ғалымдардың еңбектерінің орны ерекше. Елжандылық, азаматтық ұғымдары: тарихшылар - М.Қозыбаев, М.Мұқановтар, философтар - А.Айталы, Д.Раев, А.Қасабеков, Ж.Алтаевтар, психологтар - Н.Елікбаев, Қ.Жарықбаев, А.Темірбеков, С.Балаубаевтар өз еңбектерінде қарастырылған. С.Қалиев, С.Ұзақбаева, К.Құнантаева, Л.Байсерке, Е.Жұматаева, С.Иманбаева, Р.Джанабаева секілді педагогика саласында зерттеулер жүргізген отандық ғалымдардың еңбектерінде де елжандылыққа тәрбиелеудің тәлімдік маңызы туралы мәселелер қамтылған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өскелең ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелеріне байланысты түрлі бағыттарда Д.Құсайынова, Ғ.Базарғалиев, Л.Сейдахметова, К.Әбілғазиева, Р.Кенжебаева, У.Санабаев, Б.Сүлейменова, Ж.Қалиев, А.Калимолдаева, Н.Мұхамединова, А.Дүйсенбаев, Р.Рысбекова, Ж.Қасымбеков, А.Карпықбаева, т.б. зерттеулер жүргізді. Зерттеуші-ғалымдар оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстарының мазмұнына, міндеттеріне, оны шешудегі әдіс-тәсілдеріне қатысты ұсыныстар береді.

Елжандылық тәрбиесін адамгершілік тәрбиесінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде А.Бейсенбаева, Х.Жампейсова, А.Көшербаева, Ш.Майғаранова, Г.Нұрғалиева, Р.Төлеубекова, А.Ілиясова, т.б. еңбектерінде зерттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет