Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер



бет35/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Инсценизация әдісін түрлі формада, мысалы, алдынала дайындалған диалог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасына пайдалануға болады.

Генерациялау әдісінде («идея әдісі») ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолын қарастырады. Мұны америкалық психолог А.Осборн ұсынған. Бұл әдісте (мозговая атака) 5-6 адамнан құрылған топ әрекет жасайды. Бұл топтағылар емін-еркін, ештеңеден, ешкімнен қысылып-қымтырылмайтын, сын және өзара сынды қабылдай білетін, ең бір күтпеген ойдың өзі бақылауға алынатын, топтық эксперт жүргізетін адамдар болуы керек. Әрбір қатысушының өзіне тән көшбасшылық, жаңашылдық, кертартпалық, суретшілдік сияқты айқын, анықтағыш міндеті болады. Бұл әдіс тек қана идеяны бірлесіп талқылау мәдениетіне үйретпейді, ол сондай-ақ адамның шығармашылық потенциалын ашуға жәрдемін тигізіп, ойлау үлгісі мен стереотипін жеңуге үйретеді.

Топтық генерация идеясы әдісінің қолданылуына 1950 ж. соңы мен 1960 ж. басында америкалық психолог У.Гордонның талқылауымен ұсынылған қатысушының ауыспалы (метафоралы) сезімді-бейнелі ойлауына тұтастай бағытталған ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет пен оқу зерттеушілік әдісі синектика негіз болды.



Синектика жұмысын ұйымдастыруға келесі кезеңдер кіреді:

1) Мәселенің алғашқы қойылымы.

2) Мәселеге анализ жасау және қажетті хабарларды хабарлау.

3) Мәселені шешу мүмкіндігін түсіндіру.

4) Әрбір оқушының өз түсінігінде мәселені қалыптастыру.

5) Қалыптасқан мәселелердің ішіндегі біреуін бірлесе отырып талдау.

6) Бейнелі ұқсастықтың қозғалысы – синектика үшін шешуші кез .

7) «Қиыстыру» - мәселеге талап қоюда белгілі топтың дайын шешімі.

Бірлескен жұмыс кезіндегі эксперттің рөлін мұғалім не дайындалған оқушы орындайды және олардан психо-педагогтік қайтарым талап етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет