Тарих пәнін оқытудағы инновациялық қозғалыстар
Бүгінгі таңда инновация теориясының дамуына жаңаның қалыптасуы, жаңа енгізілімдерді тарату, инновациялық шешімдерді жасау, инновацияны білім беру үрдісіне енгізу - 12 жылдық білім беруге көшуде өзекті мәселе болуы тиіс екені баршамызға аян. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңаруының маңызды айғағына айналып отыр. Инновациялық қозғалыс бірнеше проблемалардың қиылысуынан туады және ауытқымай, жаңа мәселелерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.
«Инновация» термині латынның «novis» - жаңалық, «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, яғни, «жаңару», «жаңашыл», «өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Инноватика философия, психология, әлеументтану, басқару теориясы, экономика және мәдениеттану пәндерінің тоғысуынан жүргізілген зерттеулердің пәнаралық саласы ретінде қалыптасқан.
Педагогикалық инновация – жалпы білім беру жүйесі мен оның жеке бөлімдерінің компоненттерінің сипаттамасын жақсартады, жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады. Инновациялық үрдістерді зерттеу әртүрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда. Жаңалықтарды енгізудің жүйелі тұжырымдамасын А.Г. Кругликов, Н.И. Лапин, А.И. Пригожин, Б.В. Сазонов, Н.Л. Степановтар ұсынған болатын.
Жалпы білім беретін ұйымдар мен олардың бағдарламаларының вариативтілігі жеке дара оқутуда оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандырады. Бұл мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетті жоспарлауға, ұйымдастыруға және оны басқаруға жаңаша көзқараспен қарауды ойластырады.
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің өлшемдік сипаттары: мотива-циялық шығармашылық бағыт (өзін-өзі жетілдіруге ұмыту, инновациялық іс-әрекет мақсатын түсіну), жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы (іс-әрекетті түсетуге, қайта құруға қабілетті болу, басқа мұғалімдердің шығарма-шылық іс-әрекетін тәжірбиелерін жинақтау, пайдалану қабелеттілігі); өзін-өзі басқару қабілеттілігі (өзін-өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттері)
Мұғалімнің: өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы, инновациялық іс-әрекет мақсатын түсінуінен тұратын мотивациялық шығармашылық бағыттағы; іс-әрекетті түзетуге, қайта құруға қабілетті болуы, басқа мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін, тәжірибелерін жинақтау, пайдалану қабілет-тілігінен тұратын жаңалықтар енгізуге технологиялық дайындығы; өзін-өзі талдау, өз бетімен жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қабілеттерін қамтитын өзін-өзі басқару қабілеттілігі – оның инновациялық іс-әрекетінің өлшемдік сипатына жатады.
12 жылдық білім беру жүйесінде инновациялық іс-әрекетті басқару жүйесі ұжымға, жеке қызметкерлер мен оқушыларға әсер ететін әдістерді анықтаумен тікелей байланысты. Қолданып жүрген әдістер 3 бөлінеді. Олар:
1. психологиялық-педагогикалық;
2. ұйымдастырушылық-ұйғарушылық;
3. экономикалық.
Сонымен қатар білім беру жүйесі мынадай инновацияларды қамтиды:
- педагогикалық инновация;
- технологиялық инновация;
- ұйымдастырушылық инновация;
- экономикалық инновация.
Оларды таратар болсақ:
- педагогикалық инновация – бұл жаңа педагогикалық технологияны, оқыту қызметінің жаңа әдістерін, тәсілдерін, әдістемелерін, әзірлеу және тарату.
- технологиялық инновациялар – бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновацияны әзірлеу мен пайдалану, білім беру үрдісінде жаңа педагогикалық инновацияны дамыту негізгі фактор болып табылады. Жаңа технологияны пайдалану бүкіл білім беру жүйеснде маңызды.
- ұйымдастырушылық инновацияны ойластырып, оны тарату қажет. Ол үшін: оқу әдістері бойынша мамандар дайындау; оқу үдерісіне бақылау жасаушы мамандар дайындау; ақпараттық технологиялар бойынша оқытушыларды, мамандарды қашықтан оқыту т.б. жұмыстар ойластырып, жұмыс жасау қажет.
«Технология» - бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы немесе қарапайым сөзбен айтқанда, әдістемелік жүйені жүзеге асыратын тиімді құрал. Әдістеме жалпы мақсатқа, ал технология соңғы нәтижеге бағытталады. Сонымен бірге, технология әдістемеден оқыту әрекетін өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |