Қызылорда, 2021 Л.Қ. Ахметова, Д. А. Биманов, М. А. Биманова тарихты оқыту әдістемесіндегі педагогикалық ТӘсілдер


Қазақстан тарихы пәнінде оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру жолдары



бет14/41
Дата31.03.2022
өлшемі371,74 Kb.
#29495
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Байланысты:
ТАРИХ

Қазақстан тарихы пәнінде оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру жолдары
XXI ғасыр - қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі, білім ғасыры. Білім беруді әлемдік деңгейде дамыту бағыттарына арналған ғаламдық реформалардың мыңжылдықтар тоғысындағы қарқынды дамуы соның айғағы. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар аударарлық мәселе.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу мақсатындағы 12 жылдық білім беру стандартында «Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі» дей отырып, ұсынылған білім жүйесінің мақсаттарын төмендегіше саралайды:

- ақпараттық құзіреттілік;

- қарым-қатынастық құзіреттілік;

- мәселелерді шешу құзіреттілігі.

12 жылдық білім беру жүйесіне енген көптеген елдердің тәжірибесінде өте тиімді жол - адамның өмір бойы дағдыларын дамыту білім мен оқыту технологиясын кіріктіру негізіндегі құзіреттілік жиыны мектепте білім беру арқылы дамытылады.

Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде тәжірибе және теориялық мәселелерді шешуге қолдана білу қабілеттілігі. Өмір дағдылары – адамның өзінің қажетіне қарай өз бетінше білім алуға, оқуға, еңбек етуге, денсаулығын жақсартуға, еліміздің қоғамдық және экономикалық өміріне белсене араласуы, қоғамдық оң өзгерістерге бейімделуі, күнделікті өмірде туындап отыратын қажеттіліктер мен кедергілерді өзі шеше алуына мүмкіндік беретін дағдылар.

Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру болып табылады. Өзін- өзі көрсете білудің құралы - өз ойын жарыққа шығару екені бәрімізге мәлім. Өкінішке орай, мектеп бітіруші түлектеріміз қажетті білімді ала отырып, тілдесу тәжірибесінде алған білімдерін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан Қазақстан тарихы пәні мұғалімі үшін де оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру - ең маңызды міндеттердің бірі екені даусыз.

Білім мазмұнын жаңалау мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді, біріншіден, бұл материалдық-техникалық базаны жаңа оқыту талаптарына сәйкестендіру, екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстар.

Жаңа мазмұнға көшу жалпы орта білім беруде 12 жылдық оқыту жүйесіне көшумен, оның ішінде мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытуды енгізумен сипатталады. Қазіргі өскелең ұрпаққа талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім-білік дағдыны қалыптастыру үшін мемлееттік стандартты басшылыққа алып, жұмыс жүргізу керек.

Қазір, ұлттық болмысымызды сезініп, біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. Қоғамның жаңа сапаға, жаңа дәуірге, жаңа ХХІ ғасырға қадам басу сәтінде қоғамдық білімдердің рөлі арта түседі. Бұл барлық өркениетті жолдағы елдердің өмірінде көрініс тапқан құбылыс.

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша мектепте тарих пәнін оқытудың басты мақсаттары;

- оқушыларда адамзат қоғамының ежелгі тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

-бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту болса;

ал басты міндеттердің бірі:

-оқушыларда қазақстандық патриотизмді, азаматтық сенімді дамыту;

-эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу деп айқындалған.

Қай пәнді оқытсақ та, оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әр сабақты оқытуда әдіс-тәсілдерді де таңдап алып пайдаланамыз. Мен өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген әдістің бірі – дебат. Дебат мақсатты да тәртіпке келтіретін құрылымы бар пікір алмасу, көзқарастар сайысы деуге де болады. Дебаттың негізгі элементтері: тақырып - өзекті мәселені көтеретін , нақтылы тұжырым ретінде берілуі тиіс; дәйектер келтіру арқылы әділқазыға өзінікі дұрыс екенін дәлелдеп беруі тиіс. Қарым-қатынастық құзіреттілікті дамытуда дебат зор әсер береді. Оқушының коммуникативтік құзырлығы дебатқа дайындық кезінде алған білімі, білігі, дағдылары ғана емес, сол алған білімін ойын барысында пайдалану болса, ертең оны өмірде қолдана алуы болып табылады.

Оқушы дебатқа қатыса отырып, мынадай коммуникативтік құзырлы-лықтары қалыптасады: қарсылас топпен қатынасқа түсе отырып, сөйлеу шеберлігіне, іс-қимылмен өз ойын жеткізе білуге дағдыланады; жазу шеберлігі де дамиды; қарсыласын тыңдау шеберлігі; дебатқа сай алынған тақырыпқа қажетті , оның мазмұнын ашатын мәліметтер мен мағлұматтарды жіктей білу, керектісін теріп алу; қарастырылып отырған мәселеге өзіндік баға беру, мағлұматты жеткізу: ойынға дайындық кезінде жинақталған мәліметтерді орнымен айта білу, жеткізу шеберлігі пікірлер мен мақал-мәтел, нақыл сөздерді дұрыс пайдалана білу білігі қалыптасады.

Оқушының қарым-қатынастық құзырлылығы ойын барысында белгілі бір ситуациядан шыға білу қабілетінен көрінеді. Сондықтан оқушының қарым-қатынастық құзырлылығын дамытуда дебат ойынының өте тиімді әдіс екеніне тәжірибемде көз жеткіздім.

Қарым-қатынастық қабілет және білім жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады; оқушыға өзін сырттай көре білуіне, адамдарды түсіне білуіне, ұжымда өзін көрсете білуіне және өмірдегі сәттіліктерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыратынын білуі керек.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім өзінің әдістемелік қорын толықтырып отыруы және үнемі ізденісте болуы тиіс. Қарым-қатынастық оқыту технологиясының элементтерін пайдалана отырып, сабақта балалардың білімділігін, іскерлігін, адамгершілік, эстетикалық, патриоттық сезімін дамытамыз. Ал нақтылап айтсақ, салыстыру, жинақтау, талдау, нақтылау, жүйелеу байланыс ерекшеліктерімен қарым-қатынастық оқыту технологиясын пайдалану арқылы топпен, жеке, жұппен жұмыс істеу арқылы үлкен жетістіктерге жететініміз анық.

Мектептегі міндетті пәндер ішіндегі бірден бір ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелейтін, рухани азық беретін өз пәніміздің бағасын, болашақ ұрпаққа олардың малшысы мен манабы бір дәрежеде сөйлей алатын өресі кең ұлттың өкілі екенін үнемі естен шығармауын санасына сіңіруіміз қажет. Қазақ – болмысынан тарихшыл халық. Әр қазақ өзін ұдайы халық тарихының бір бөлшегі ретінде сезінген. Тарих – адамзат зердесі, ол ешкімге немесе белгілі бір уақыт талабына икемделіп қызмет етпеуі тиіс. Ақиқаттылық – тарихтың басты сипаты. «Тарих тек ғылым үшін зерттелмейді. Ол ең алдымен тарихтан тағылым, сабақ алу үшін зерттеледі»- деп Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде көрсеткендей, еліміздің ертеңгі иелеріне осы бағытты сіңіруіміз қажет.

Болашақты дұрыс болжап, тереңнен ойластыра отырып жүзеге асырылған, жоғарғы талаптар деңгейіндегі қалыптастырылған ұлттық білім жүйесі сөз жоқ, Қазақстан мемлекетінің саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік тәуелсіздігін нығайтудың, еліміздің және тұрақты даму дәрежесіне көтерілуінің, адами ресурстарын, интеллектуалдық капиталын молайтудың, жаһандану үрдісіндегі бәсекелестік қабілеттерін арттырудың бірден-бір қуатты да ұтымды құралы болмақ.

Қорыта келе, қарым-қатынастық оқыту технологиясы арқылы оқушының құзырлылығы дамиды. Танымдылық қабілеттері дамып, сөздік қоры молаяды, оқытуда жағымды әрекет қалыптасады. Ұстаздың басты мақсаты – шәкіртінің өзінен де білімі терең, дәрежесінің биік болуы. Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді. Осылайша оқудағы құзіреттілікке бағдар - оқушылардың ойының дамуына, өзінің дамуына, нық қадам басуына өте қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет