VI сынып 4. Бөліктер мен процентті қолдану 1.Алматтың Арыстанның асығынан 6 асығы көп. Егер Алмат Арыстанға 2 асық берсе, екеуінің асықтары 8:7 қатынасында болады. Екеуінде неше асықтан бар?
2. Ақша не 8кг қантқа , не 24кг ұнға жетеді. Екуінен бірдей мөлшерде алу үшін неше килограмнан алу керек?
3. Ақша не 8кг қантқа, не 24кг ұнға жетеді. Ұнды екі есе көп алу үшін қанша қант, қанша ұн алу керкек?
4.Алдыңғы (3) есептің шарты бойынша : ұнды 3 есе көп алу үшін қанша қант, қанша ұн алу керек?
5.Ақша не 20кг картопқа,не 12кг сәбізге жетеді. Картопты 4кг артық алу үшін оларды қаншадан алу керек?
6. Егер жинақ банкінде сақтаған ақша жылына 25 процентке өсетін болса, толық 4 жыл сақталған ақша алғашқы шамасынан неше есе өседі? Өсіміне де өсім қосылатынын ескеру керек.
8.Бірінші құбыр су қоймасының 36%-тін толтырғанда екінші құбыр іске қосылып қалғанын 4 сағата толтырады. Егер бірінші құбыр барлығы су қоймасының 60 прцентін толтырса,. Жеке толтырғанда неше сағатта толтырар еді?
9.Ағасы інісіне 1 теңге берсе, екеуінің ақшасы тең болады. Інісі ағасына 1 теңге берсе, ағасының ақшасы інісінің ақшасынан 2 есе көп болады?
10. Ағасы інісіне 1 теңге берсе, екеуінің ақшасы бірдей болады. Інісі ағасына 1 теңге берсе, ағасының ақшасы 3есе көп болады. Балаларда неше теңгеден ақша болған еді?
11.Ара қашықтығы 144км өзеннің бойында тұрған екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы екі моторлы қайық шықты. Тынық судағы қайықтардың жылдамдығы тұрақты және бірдей. Өзен ағысының жылдамдығы 2км/сағ.Олар 3 сағаттан кейін кездесетін болса, тынық судағы қайықтың жылдамдығы қандай?
12. Қазір сенің ақшаң менің ақшамның 20%-іне тең. Егер мен саған тағы 4 теңге берсем, сенің ақшаң менде қалған
Ақшаның 50%-і ғана болады. Бізде неше теңгеден ақша боған еді?