19есептің шешуі: Х = 3, Me2S2O3 – тиосульфат (2,6,7); Х = 7, Me2S2O7 – пиросульфат (3, 4, 8); Х = 8, Me2S2O8 – персульфат (1, 5, 9).
Реакцияның теңдеуі:
4) 2MeHSO4 = Me2S2O7 + H2O
5) 2MeHSO4 –2e = Me2S2O8 + 2H+ 6) Me2SO3 + S = Me2S2O3 7) AgBr + 2S2O3 = Me3[Ag(S2O3)2] + MeBr
8) Me2S2O7 + 2MeOH = 2MeSO4 + H2O
9) 2MnSO4 + 5Me2S2O8 + 8H2O = 2MeMnO4 + 4Me2SO4 + 8H2SO4 Me2S2O7 – дисульфат (пиросульфат)
Me2S2O8 – пероксодисульфат (персульфат).
20-есеп. Теллур металын өндіру технологиясында екі түрлі өндірістік әдіс белгілі. Бірінші әдіс бойынша құрамында теллур диоксиді бар шикізат (металлургиялық және күкірт қышқылдық зауыттардан шыққан өндірістік қалдықтар) қолданылады, ол шикізатты тұз қышқылымен өңдеп, алынған өнімге сулы ортада күкірттің диоксидімен әсер етеді. Екінші әдісте натрий гидроксидінің ерітіндісі арқылы (сілті артық мөлшерде алынуы қажет) теллурдың диоксидін шикізаттан бөліп алып, сонан соң, алынған өнімді электролиздейді (электродтар таттанбайтын болаттан жасалған). Теллур алудың екі әдісінде сипатта, теллурдың периодтық кестедегі орнына байланысты сәйкес келетін химиялық реакциялар теңдеулерін жаз. Екінші әдісте қандай қосымша электродты процестер жүруі мүмкін екенін сипатта. 20есептің шешуі: Бірінші әдіс: TeO2 + 4HCl = TeCl4 + 2H2O/ Ерітіндіден теллурды бөліп алу.
2SO2 + TeCl4 + 4H2O = Te + 2H2SO4 + 4HCl. Теллурдың химиялық тотықсыздануы.
Топшада күкірт – теллур бойынша бейметалдық қасиеті кемиді, соған байланысты диоксидтердің де қышқылдық қасиеті азаяды. Осы жағдайда теллур диоксиді қышқылдық оксид ретінде әрекеттеседі. Сонымен қатар, +4 тотығу дәрежесіне байланысты топшада тотықтырғыш қабілеті артып, тотықсыздандырғыш қасиеті кемиді. Осыған байланысты теллурдың күкірт диоксиді тетрахлоридімен тотықсыздануы мүмкін. Екінші әдіс: TeO2 + 2NaOH = Na2TeO3 + H2O. Ерітіндіден теллурды бөліп алу. Берілген жағдайда теллур диоксиді қышқылдық қасиет көрсетеді.