Байланысты: Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)
Б
32,8
15,9
7,2
А,Б және В заттарының түзілуіне байланысты тиісті реакция теңдеулерін келтіріңдер.
21есептің шешуі: Есептің шартындағы сандық есептеулерге қарап, осы тұздарды құрап тұрған химиялық элементтердің молярлық қатынастарын анықтаймыз. Бастапқы зат 100 г деп есептеп, элементтердің процент бойынша массалық үлесін есептейміз.
А заты:
N(Cu) : n(P) = = 0,625 : 0,625 = 1 : 1.
Мыс гидрофосфаты үшін CuHPO4 қатынас осылай жүзеге асады. Осы заттағы сутек пен оттектің массалық үлесінің жиынтық мәнін табамыз.
(H + O) = = 40,6 (%)
Сондықтан тұздың элемнттік жиынтық құрамы: 40,0 + 19,4 + 40,6 = 100% құрайды, онда заттың формуласы дұрыс анықталған. Б заты:
n(Cu) : n(P) : n(N) = = 0,513 : 0,514 :0,513 = 1 : 1 : 1.
Мұндай қатынаста тек қана мыс-аммоний фосфатына ғана тән. Осы заттың құрамындағы оттектің және сутектің массалық үлесінің жиынтық мәнін есептейміз:
(H + O) = = 34,9 %.
Тұздың элементтік құрамының жалпы жиынтық мөлшері:
32,8 + 15,9 + 34,9 = 90,9 % құрайды.
Осыдан тұнбаның құрамына 9,2 % кристалдық су кіреді деп айтуға болады. Судың молекула саны ол мынаны құрайды:
= 1.
Олай болса, Б- затының формуласы: Cu(NH4)PO4H2O – мыс-аммоний фосфатының моногидраты.
Заттың түзілуі:
А: CuO + H3Po4 = Cu(H2PO4)2 + H2O; H3PO4 артық мөлшерде.
2NH3 + H3PO4 = (NH4)2HPO4; қышқылдың артық мөлшерінде бейтараптанады.
Cu(H2PO4)2 + 2NH3 = CuHPO4 + (NH4)2PO4.
Б: Осы аталған процесс жоғарыда көрсетілген схема бойынша жүреді, аммиактың қосымша мөлшері әрі қарай мыс тұзының түзілуіне әкеледі:
CuHPO4 + NH3 + H2O = Cu(NH4)PO4H2O.
В: 2CuHPO4 = Cu2P2O7 + H2O
2Cu(NH4)PO4H2O = Cu2P2O7 + 2NH3 + 2H2O; В заты – мыс пирофосфаты.
Осы жұмыста мыс микроэлементімен байытылған бағалы тыңайтқыш – аммофосты алу әдісі зерттелді.
22-есеп. Мырыштың екі түрлі тұздарының (А және Б) өлшенген салмақ үлгісін қақтаған кезде, (ол тұздардың құрамындағы мырыштың массасы бірдей), екі жағдайда да, қоңыр түсті газ бөлінді, бөлініп шыққан газдарды ыстық күйдіргіш натр ерітіндісі арқылы өткізді. Осы кезде ерітінділер түссіз болып, сілтінің жоғарғы жағында жануды қолдайтын түссіз газ жиналды. Газ буларын сіңіру нәтижесінде сілті ерітіндісінің салмағы қақталған тұзбен салыстырғанда 491 % массасының артқаны байқалады. Сілтілік ерітінділерді азот қышқылымен бейтараптаған соң, оған күміс нитраты қосылды. Екі жағдайда да сары түсті тұнба пайда болды. Егер А және Б ыдыраған кезде бөлінген қоңыр түсті газдарды бөлме температурасына дейін суытатын болсақ, онда олар қоюланып сұйыққа айналады. Қоспадағы тұзды әрі қарай мұз арқылы суыта беретін болсақ, А тұзы ыдыраған кезде түссіз зат, Б тұзы ыдыраған кезде – қоңыр түсті кристалдар түзіледі. А және Б заттарының формуласын анықтаңдар. Эксперимент нәтижесінде қандай процестер жүрді? (Реакция теңдеуін жазыңдар.) Күміс нитратын қосқан кезде қандай жағдайда тұнба көбірек түзілді? А және Б тұздарын қақтаған кезде түзілген қатты қалдық қай жерде қолданылады?