Қызықты химия есептері



бет13/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)

    Бұл бет үшін навигация:
  • МеОН
18 есептің шешуі:

  1. Есептің шартында берілген айналулар схемасы:

В Е
А А + Д
Б Г
Бастапқы А заты ыдыраған кезде тек қана газ тәрізді затпен бірге қатты зат түзе алады. Ол қатты зат сумен әрекеттеседі. Жалпы схемаға байланысты бұл тұз қыздырған кезде екі түрлі оксид түзеді: қатты күйде кездесетін (Б) негіздік оксид, газтәрізді күйде кезедесетін (В) қышқылдық оксид түзеді.
Б заты суда еритін болғандықтан, онда тұз сілтілік және сілтілікжер металдардан түзілуі мүмкін, себебі басқа металдар оксидтері суда ерімейді. Металдың молярлық массасын табамыз:
M(H2O) = 0,96 – 0,6 = 0,36 (г), (H2O) = 0,02 моль
Me2O + H2O = 2MeOH (1)
MeO + H2O = Me(OH)2 (2)
а) сілтілік металл үшін (1 теңдеу):
(Me2O) = 0,02 моль; Mr(Me2O) = 0,6 : 0,02 = 30 (г/моль)
Mr(Me) = (30 – 16) : 2 = 7 (г/моль). Ме – литий, онда Б – Li2O.
б) сілтілікжер металдар үшін (2 теңдеу):
(MeO) = 0,02 моль; Mr(MeO) = 30 г/моль; Mr(MeO) = 30 –16 = 14 (г/моль)
Молярлық массасы мұндай мәнге ие болатын металл жоқ.
Олай болса, А заты –литийдің карбонаты немесе сульфиті оның мөлшері 0,02 моль тең болады. Ол зат ыдыраған кезде 0,02 моль Li2O және 0,02 моль CO2 немесе SO2 түзіледі.
2. Д заты суда ерігіш гидроксид, карбонат, сульфит болуы мүмкін. Көміртектің (IV) оксидімен немесе күкірттің (IV) оксидімен әрекеттесіп мынадай: Me2CO3; Me2SO3; MeCO3; MeHCO3; MeHSO3 заттардың бірін түзуі мүмкін.
Түзілген заттардың моль сандарына байланысты (0,02 моль немесе 0,04 моль) және олардың массасы (6,52 г) олай болса, металдың молярлық массасын есептеуге болады:
2MeOH + CO2 = Me2CO3 + H2O
Mr(Me2CO3) = 6,52 : 0,02 = 326 (г/моль)
Mr(Me) = (326 – 60) : 2 = 133 (г/моль). Онда металл – цезий металы.

  1. Басқа заттармен жүргізілген есептеулер мынадай металдың молярлық массаларының мәндерін береді: Me2SO3 Mr(Me) = 123 г/моль

MeCO3 Mr(Me) = 266 г/моль
MeSO3 Mr(Me) = 246 г/моль молярлық массасы мұндай металл
MeHCO3 Mr(Me) = 102 г/моль жоқ.
MeHSO3 Mr(Me) = 82 г/моль
Олай болса, A – Li2CO3; Б – Li2O; B – CO2; Г – LiOH; Д – CsOH; Е – Cs2CO3.

  1. Реакция теңдеуі:

Li2CO3 = Li2O + CO2
Li2O + H2O = 2LiOH
2CsOH + CO2 = Cs2CO3
Cs2CO3 + 2LiOH= Li2CO3 + 2CsOH



19-есеп. Құрамы MeS2Ox, үш түрлі тұз берілген, Х–толық сандар, Ме – сілтілік металдар. Мына төменде берілген мәліметтерді пайдалана отырып әрбір тұздар үшін Х индексін анықтаңдар:


Анионда О – О байланысы бар.

  1. Анионда SS байланысы бар.

  2. Анионда SOS байланысы бар.

  3. Сәйкес келетін металл гидросульфатын ыдыратқан кезде тұз пайда болады.

  4. Сәйкес келетін металл гидросульфаты анодтық тотыққан кезде де тұз пайда болады.

  5. Cульфиттің сулы ерітіндісі күкіртпен әрекеттескен кезде де тұз түзіледі.

  6. Тұздың сулы ерітіндісі күміс бромидін ерітеді.

  7. Тұздың сулы ерітіндісін МеОН бейтараптаған кезде MeSO4 түзілуіне әкеледі.

  8. Сулы ерітіндідегі тұз (ІІ) маргенецті перманганатқа дейін тотықтырады.

  9. Әрбір тұз үшін бекітілген (үштен кем емес) нөмірлерін көрсетіңдер, осының негізінде оның құрамын анықтауға болатындай болу қажет. Берілген тұжырымдарға байланысты тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет