Қызықты химия есептері



бет20/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)

27есептің шешуі:





Бөлшек

Электрондық құрылысы

Құрылымдық формуласы

Азот атомының гибридтелуі

NO2+





sp

NO2





sp2



NO2-





sp2



NO 2- анионында элемент атомдарының электрондық конфигурациясы жақын тұрған асыл газдардағыдай (8 электрон) ие болады, сонымен қатар азот пен оттек атомдары бөлінбеген электрон жұптарын түзеді. Электростатикалық тартылыс нәтижесінде аниондағы бұрыштың ONO минимал мәнге ие болады. Бейтарап бөлшекке NO2 көшу аралығында азот атомында жұптаспаған электрондар локализацияланады да, осы бөлшек парамагниттік қасиет көрсетіп және ONO бұрышы үлкен болады. NO2+ диамагнитті азот атомында жұптаспаған электрон жұптары болмайды, электростатикалық тебілу оттегінің электрон жұптарында бөлшекті сызықтық конфигурацияға әкеледі.


Парамагнитті бөлшектер оңай димерленіп N2O4 түзілуіне әкеледі. Қыздырған кезде тепе-теңдік солға ығысады да, жұптаспаған электрон сандары ұлғаяды.
28-есеп. Хром (ІІІ) хлоридінің сұйытылған ерітіндісінде H216O және H218O қоспасы бар, гексагидратты формасында тепе-теңдік жағдай орнайды:
Cr(H216O)63+ + H218O Cr(H216O)5(H218O)3++ H216O
Cr(H216O)5(H218O)3++ H218O Cr(H216O)4(H218O)23+ + H216O және т.б.
Осы берліген жағдайдың тепе- теңдігі алты түрлі константа бойынша сипатталады: K1, K2, K3, K4, K5 және K6.
K1 = ; K2 = және т.б.
Константалардың сандық мәндерін табыңыз.


28 есептің шешуі:


H216O және H218O реакциялық қабілеттілігі сумен алмасу реакциясында гидрокомплекстерде дәл сондай болады. Сондықтан тепе-теңдік константасы мәні

K=


тек қана статистикалық факторлармен ғана анықталады. Жылдамдық константасы
Ктура реакция алмасу реакциясының H216O және H218O молекула санына пропорциональ молекула H216O берілген комплексте, ал жылдамдық константасы К кері реакция алмасу H218O осыдан H216O – молекула санына H218O комплексіндегі.
Алмасу процесіндегі бірінші молекула үшін H216O мен H218O Ктура реакция кері реакцияға пропорциональ болады, а К кері реакции 1 пропорциональ, онда К1 = 6/1 = 6 (суретке қара).

Ұқсас: K2 = 5/2; K3 = ¾; K5 = 2/5; K6 = 1/6. немесе жалпы түрде:
= , онда n = 1÷6.
29-есеп. Суда ерімейтін тұз басқа тұздың ерітіндісімен әрекеттесіп, реакция нәтижесінде тек қана ерігіш өнімдер түзілетіндей, әртүрлі химиялық реакциялардың типтеріне мысал келтіріңдер.

29есептің шешуі:


Ерімейтін тұздың еритін қосылыстарға айналуы келесі жағдайларда жүзеге асады:
1) Қышқыл –негіздік әрекеттесу.
а) Қышқыл тұздың орта немесе негіз тұздың тұнбасына әсер етуі:
MgCO3 + 2NaHSO4 = MgSO4 + Na2SO4 + H2O + CO2
Cu(OH)2CuCO3 + 4NaHSO4 = 2CuSO4 + 2Na2SO4 + 3H2O + CO2
б) Гидролитті қышқыл ерітіндісінің орта немесе негіз тұзға әсер етуі.
MgCO3 + 2AlCl3 + H2O = MgCl2 + 2Al(OH)Cl2 + CO2
Реакция негіз тұзбен ғана жүреді. Алюминий хлоридінің ерітіндісі артық мөлшерде алу қажет, себебі негізгі алюминий хлоридінің тұнбасының түзілуін болдырмау қажет.
в) Еритін қос тұздардың түзілуі:
2AgNO3 + AgI = 2AgNO3AgI
Бұл реакцияда күміс нитратының концентрленген ыстық ерітіндісі қолданылады.
2) Тотығу-тотықсыздану реакциялары:
Cu2S + 5Fe2(SO4)3 + 4H2O = 2CuSO4 + 10 FeSO4 + 4H2SO4
Бұл реакция байытылмаған кен орындарынан мысты алу үшін қолданылады.
3) Комплекс түзілу:
AgBr + 2Na2S2O3 = NaBr + Na3[Ag(S2O3)2]
Фотографиялық процесте тұрақтандырғыш зат ретінде қолданылады.
30-есеп. Сыйымдылығы бірдей манометрлермен жалғанған, жеті вакуумдалған кварцтық ампулада заттың өлшеп алынған салмақ үлгісін тұрақты температураға дейін қыздырды. Ампуладағы белгілі қысымды белгілеп, оларды ақырын суыта отырып құрамындағы заттарды анықтады. Алты тәжірибенің нәтижесі кестеде келтірілген. Осы нәтижелерді түсіндіріп және жетінші тәжірибе бойынша бос клеткаларды толтырыңдар.





Тәжірибеге дейінгі ампуладағы заттар (моль)

Қысым (атм)

Тәжірибеден кейінгі ампуладағы заттар (моль)

1

FeCO3

FeO

MgCO3

MgO

FeCO3

FeO

MgCO3

MgO

2

0,1

-

-

-

42

0,1

-

-

-

3

0,2

-

-

-

42

0,2

-

-

-

4

0,1

0,1

-

-

42

0.1

0,1

-

-

5

-

-

0,1

-

310-3

-

-

0,1

-

6

-

-

0,1

0,1

310-3

-

-

0,1

0,1

7

0,1

0,1

0,1

0.1
















30 есептің шешуі:


Бірінші үш пробиркада бірдей қысым орнады, осыдан бұл қысым тепе-теңдік қысымы болып табылады, ол тұз мөлшеріне және оған қосылатын оксидтің мөлшеріне байланысты болмайды:
FeCО3 қ. FeO қ. + CO2 газ Kp = P(CO2) = 42 атм

Бұл басқа үш пробиркағада байланысты болады:


MgCО3 қ. MgO қ. + CO2 газ Kp = P(CO2) = 310-3 атм

Жүйедегі тепе-теңдік қысымы FeCO3 – FeO – CO2 мөлшері MgCO3 – MgO - CO2 жүйесімен салыстырғанда 104 есе үлкен, болады. Олай болса, бұл заттардың барлығы да бір-бірімен байланыста болады да, темір карбонатының айрылу реакциясында оң жаққа қарай ығысады. Көміртегі диоксиді магний оксидімен толық дерлік әрекеттеседі. Онда №7 тәжірибедегі Т температурадағы қысым мөлшері 310-3 атм тең болады. Олай болса, №7 тәжірибедегі қатты фазаның құрамы: 0,2 моль MgCO3 және 0,2 моль FeO (сонымен MgO және FeCO3) болады.




31-есеп. Ластанған ауадан күкіртсутекті анықтаудың бір әдісі төмендегіше жүргізіледі: зерттелетін ауаның белгілі көлемін бромның сулы ерітіндісі арқылы немесе мыс сульфаты өткізіп және ерітіндінің электрөткізгіштігінің өзгерісін өлшейді. Жоғарыда аталған сіңіргіш заттардың бірі күкіртсутектің концентрациясын кең диапазонда ( 0 ден бастап 50 мг кубометр ауада) анықтау үшін қолданылады, ал басқасы –аз концентрацияда ( 0 ден бастап 5 мг кубометр ауада) қолданылады, бірақ жоғары сезімталдығы арқылы ажыратылады. Анализ жүргізілген екі жағдай үшін де сіңіргіштерді таңдаудың мәнін түсіндіріңдер.

31 есептің жауабы:


Химиялық реакция теңдеуі:
а) CuSO4 + H2S = CuS + H2SO4
б) 4Br2 + H2S + 4H2O = H2SO4 + 8HBr
(Бром артық мөлшерде алынған)
Мынадай жағдайда а) түзілген қышқылдың электрөткізгіштігінің жоғары болуына байланысты электрөткізгіштік артады, реакцияға жұмсалған тұзбен салыстырғанда (мыс иондарына қарағанда, сутек иондарының қозғалғыштығы жоғары болады). Мынадай жағдайда б) электрөткізгіштік мәнінің өсуі аса маңызды (бір моль күкірт қышқылы және 8 моль бромсутек қышқылы түзіледі), соған байланысты күкіртсутектің концентрациясын дәлірек анықтап алуға болады, бірақ жоғары концентрациялы сіңіргіш зат– бром суын алуға болмайды, сондықтан ерітіндінің сіңіргіш көлемі үлкен емес.


32-есеп. Екі белгісіз А және Б қатты заттарды концентрленген азот қышқылы ерітіндісімен өңдеген кезде газ тәрізді В заты, Г затының ерітіндісі және Д тұнбасы түзілді. Дәл осы өлшеп алынған салмақ үлгісін 150 – 200 оС температураға дейін қыздырған кезде ешқандай өзгеріс байқала қоймайды, ал егер өлшеп алынған салмақ үлгісін (800 – 900 оС) температурада ауа қатысынсыз қыздыратын болсақ, тек қана екі өнім ғана түзіледі: М металы мен қалыпты жағдайда газ тәрізді Е заты түзіледі. Бұл заттар тәжірибе жағдайында тұрақты болады. Осы өнімдер А және Д заттарының қоспасын қақтаған кезде де түзіледі. Егер Е газын ізбес суы арқылы өткізген кезде алғашында тұнба пайда, содан соң толығымен еріп кетіп, ертіндіде Ж заты түзіледі. М металының үгіндісін ұзақ уақыт бойы (450 оС) температурада қыздыратын болсақ, ауада құрамында массалық үлесі бойынша 9,334% оттек болатын З қосылысы алынады. З заты сілтінің артық мөлшерінде толығымен ериді және сұйытылған азот қышқылының сұйытылған ерітіндісінде біршама ғана ериді. Белгісіз А- З, М заттарын атап, баяндалған жағдайлардағы барлық реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Бұл реакциялардың ішінен қайсысы өндірісте кеңінен қолданылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет