Жауабы: натрий сульфатының кристаллогидраты 30,5 грамм 38-есеп.500г 40% темір(ІІ) сульфатын суытқан кезде оның 100г кристаллогидраты түскен(судың 7 молекуласымен кристалданғанда) . Қалған ерітіндідегі заттың массалық үлесін есепте. 38есептің шешуі: M(FeSO4*7H2O)=152+126=278 г\моль
FeSO4*7H2O=FeSO4+7H2O
Кристаллогидраттағы темір(ІІ) сульфатының массасын есептейміз:
100/278=x/152 x=54,676 (г.)
Ерітіндіде m(FeSO4)=500*40%/100%=200(г)
Қалған ерітіндідегі заттың массалық үлесін анықтаймыз:
W(FeSO4)=[200-54,676/500-100]*100%
W(FeSO4)=36,33%
Жауабы: қалған ерітіндідегі темір сульфатының массалық үлесі 36,33%
39-есеп. Молярлық концентрациясы 0,948 моль\л(тығыздығы-1,11 г\мл) ерітінді алу үшін 75 г 2% кальций нитратында кальцийдің тетрагидрат нитратының қандай массасын еріту керек?
39есептің шешуі: m(ерітінді)=p*V; W=m(еріген зат)/m(ерітінді)*100%
m=ν*M; C=ν/V
M(Ca(NO3)2)*4H2O)=164+72=236г/моль
m1(Ca(NO3)2) ерітіндіде =75*0.02=1,5(г);
m(ерітінді)=1,11*1000=1110(г);
соңғы ерітіндіде m2Ca(NO3)2) :
0,948*164=155,472(г)
W(Ca(NO3)2)=155,472/1110*100%
W(Ca(NO3)2)=14%
Егер х моль- кристаллогидраттағы заттың сандық мөлшері десек, онда кальцийдің тетрагидрат нитраты – 236х г., ал кальций нитратының массасы- 164х г. Осыдан:
0,14=1,5+164х/75+236х х=0,0687(моль)
m(Ca(NO3)2)*4H2O)=16,22(г)
Жауабы: кристаллогидраттың массасы 16,22 грамм.
40-есеп 40 г қаныққан темір (ІІ) хлоридінің сулы ерітіндісіне 10г сусыз тұз енгізген. Алынған қоспаны толық буланып кеткенше қыздырған, сонан соң бастапқы температураға дейін салқындатқан. Сол кезде 24,3г кристаллогидрат тұнбаға түскен. Егер қаныққан ерітінді құрамында 38,5% сусыз тұздың бар екені белгілі. Кристаллогидраттың формуласын анықтаңыз.
40 есептің шешуі: 1-шi әдісі M(FeCl2)=127 г/моль
Х моль- кристаллогидраттағы темір хлоридінің сандық мөлшері болсын.
40г қаныққан ерітіндіде 40*0,385=15,4(г) FeCl2 бар.
Кристаллогидрат тұнбаға түскеннен кейін ерітіндінің массасы:
40+10-24,3=25,7(г.)
0,385=15,4+10-127х /25,7
х=0,122(моль)
М(кристаллогидрат)=m/ν=24,3/0,122=199 г/моль
М(судың)=199-127=72г/моль
N(судың)=72/18=4
сәйксінше, заттың формуласы FeCl2*4H2O
2-ші әдісі FeCl2 + х H2O = FeCl2*хH2O
Кристаллогидраттың тұнбасы түскеннен кейін соңғы ерітінді массасы:
40 +10-24,3=25,7(г.)
Бастапқы ерітіндіде 40*0,385=15,4 г. FeCl2. Сәйкесінше, түскен кристаллогидраттағы темір(ІІ)хлоридінің массасы
15,4+10-9,9=15,5 (г.)
хмоль- бұл кристаллогидраттағы судың заттық мөлшері болса, онда
15,5/24,3=127/127+18х х=4
Кристаллогидраттың формуласы-
FeCl2*4H2O
Жауабы: FeCl2*4H2O
41-есеп Массасы 18 г темір пластинкасы мыстың (ІІ) сульфатының ерітіндісіне батырылды. Оның беті мыспен қапталған соң, оның массасы 20 г болды. Темірдің қандай массасы ерітіндіге өтті?
41есепшешуі: Металдардың стандартты электродты потенциалдар мәнін пайдаланып реакция теңдеуін жазамыз.
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu