Қызықты химия есептері



бет8/28
Дата02.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#131654
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Расчетные задачи Қызықты химия есептер (10 класс)

№ 10 есептің жауабы:


Егер ауадағы су буы қысымынан (парциал қысымнан) кристаллогидраттағы немесе ерітіндідегі су буының қысымы жоғары болса, онда заттағы су буының азаюы байқалады. Ал қарама-қарсы жағдайда зат суды өз бойына сіңіреді. Соған байланысты, натрий сульфатының кристаллогидраты суды жоғалтады, ал кальций кристаллогидраты және аммоний нитраты – балқиды.
11-есеп. 100 мл құрамында хлоры және хлорсутегі бар сулы ерітіндіге жеке-жеке бөлікпен артық мөлшерде қатты натрий сульфитін қосты, сонан соң алынған ерітіндіні газ тәрізді заттар толығымен жойылғанша қыздырды. Оның мөлшері 300 мл бастапқы ерітіндімен әрекеттесуге жеткілікті болды. Алынған ерітіндідегі хлор мен хлорсутектің молдік қатынасын анықтаңдар.

№11 есептің шешуі:


Химиялық реакция теңдеуі:
Cl2 + Na2SO3 + H2O = Na2SO4 + 2HCl (1)
2HCl + Na2SO3 = 2NaCl + H2O + SO2 (II)
Ерітіндінің жаңа бөлігіне күкірттің диоксиді «қайтарылады»:
SO2 + Cl2 + 2H2O = H2SO4 + 2HCl (III)
(II) және (III) реакцияның теңдеуін салыстырамыз. Бастапқы ерітіндіде х моль хлор болсын деп есептейік. Ерітіндінің екінші бөлігінің көлемі үш еселенеді, ондағы хлордың мөлшері 3 есе көп – 3х. Онда күкірттің диоксидінің мөлшері де 3х моль, ал әрекеттесетін хлорсутектің мөлшері 6х моль болады. Бірақ реакция теңдеуіне байланысты (І) х хлорға қосымша 2х моль хлорсутектің мөлшері сәйкес келеді.
Соған байланысты, бастапқы ерітіндідегі х моль хлорға 6х –2х = 4х моль хлорсутек сәйкес келеді, сондықтан газдардың молярлық қатынасы – 1:4 тең болады.
(ІІ) реакция теңдеуі бойынша бөлінетін күкірттің диоксиді, қоспадағы хлормен әрекеттеседі:
SO2 + Cl2 + 2H2O = H2SO4 + 2HCl (IV)
Бірақ бұл, жалпы бөлінген күкірттің диоксидінің мөлшеріне, ешқандай әсер етпейді, (IV) реакция бойынша алынған қышқылдар, сульфиттердің артық мөлшерімен күкірттің диоксидінің мөлшері эквивалентті мөлшерде болады.


12-есеп. Массасы 7,65 г күмістен жасалған құйма үлгісін 50% азот қышқылында толығымен ерітті. Көгілдір түсті ерітіндіні мырыш оксидімен бейтараптап, содан соң 500 мл көлемге дейін сұйылтып, ерітіндіні бірдей етіп бес бөлікке бөлеміз. Бірінші сыналатын бөлікке артық мөлшерде калий хлориді ерітіндісін қосқанда массасы 1,70 г тұнба алынды. Екінші сыналатын бөлікке мыстан жасалған пластинканы салған кезде оның салмағы 0,61 г артты. Үшінші сыналатын бөлікке темір үгінділері салып сілкіп, шайқаймыз. Бөліп алған тұнбаны сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісімен өңдеген кезде массасы 1,53 г тең болды. Төртінші сыналатын бөлікке натрий гидроксидін құйғанда тұнба пайда болды. Тұнбаны қақтап қыздырғанда кезде қара түсті массасы 1,18 г тең қара түсті ұнтақ пайда болады. Ең соңғы бесінші сыналатын бөлікке аммиактың сулы ерітіндісінің артық мөлшерімен әсер еткенде, ақ түсті тұнба пайда болады, ол тұнба сұйытылған күкірт қышқылы ерітіндісінде ерімейді, ерітінді көгілдір түстен қанық көк түске боялады. Жүргізілген сынақтардың нәтижесін (сандық есептеусіз) түсіндіріңдер. Құйманың сапалық құрамын анықтап, құймадағы күмістің пайыздық мөлшерін есептеңдер. Есепті шығарған кезде сандық есептеуге ғана қажетті химиялық реакция теңдеуімен шектелген дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет