(А) алюминий , (Б) хлормен әрекеттесіп, (В) хлоридіне айналады. Алюминий хлоридіне карбонатпен әсер еткенде (Г) алюминий гидроксидінің тұнбасы түзіледі, қыздырған кезде оксидке айналады. Айналулар тізбегінде неліктен алюминий хлоридінің «түтінденіп» және алюминий хлоридінің бірден буланатынын, натрий карбонатымен әсер еткенде алюминий гидроксидінің массасы азаятынын және жаңадан дайындалған гидроксидпен салыстырғанда, қатты қыздырылған алюминий оксидінің химиялық активтілігі төмен екенін түсіндіру қажет.
9-есеп. Екі жай заттың қоспасын басқа екі жай заттың қоспасын әрекеттесті. Реакция нәтижесінде қалыпты жағдайда қатты күйде кездесетін, сумен өте қарқынды түрде әрекеттесетін бинарлы қосылыс болып табылатын бір ғана өнім түзіледі. Қыздырған бұл өнім екі бөлікке бөлінеді, бір бөлігі балқыма, бір бөлігі бірден буланатын затқа айналады, бірақ екі бөліктің де сапалық құрамы бірдей болады. Барлық бастапқы заттарды атаңдар. Реакция өнімін қыздырған кезде қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңдер.
№ 9 есептің жауабы:
Реакция өнімі бойынша көрсетілген деректерге байланысты мынадай: бастапқы 4 затта екі элементтен тұрады қорытынды шығаруға болады. Осыған орай, аллотропиялық түрөзгерістер туралы, реакция өнімінің қасиетіне байланысты фосфор және оттек жайында сөз болып жатқаны туралы айтуға болады. Фосфордың (V) оксиді екі кристалдық модификациялық түр өзгерістер: бірі молекулалық кристалл торлы - ұшқыш, ал екіншісі атомдық кристалл торлы –ұшқыш емес түрінде кездеседі.
10-есеп. Төменде кейбір кристаллогидраттардың қаныққан ерітінділерімен және олардың тұздарының қаныққан ерітінділерінің 20 оС мм. сын.б. су буының қысымы берілген. Қалыпты жағдайда ашық ауада сақтақтайтын болсақ, берілген заттардың қайсысы балқып және қайсысы кристалдық суды жоғалтады? Концентрленген күкірт қышқылын эксикаторда қолдануды қалай түсіндіруге болады?