«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты



бет5/8
Дата20.09.2023
өлшемі30,46 Kb.
#109268
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты математика сағаты

1-жүргізуші: Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
2-жүргізуші: Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)
1-жүргізуші: Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)
2-жүргізуші: Ұзындығы 10 метр жіпті әр бөлігі 2 метр болу үшін неше рет қию керек. (4)
1-жүргізуші: Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)
2-жүргізуші: Ненің ұшын және ақырын табу мүмкін емес?
1-жүргізуші: Қалалық бай тұрғын үш ұлына мұраға екі үй қалдырды. Ұлдары мұраны тең бөлуді шешті. Үлкен екі ұлдың әрқайсысының еншісіне үй тиді, ал кенжесіне ақша бөлінді: оған ағаларының әрқайсысы 500 динар берді. Сонда бір үйдің құны қанша динар тұрады? (1500 )
2-жүргізуші: Жеті рет кір жуылғаннан кейін сабынның өлшемдері екі есе кішірейді. Сабынның қалдығы тағы неше рет жууға жетеді? (1 рет)
1-жүргізуші: Ауылда 28 үй бар .Оның 15-інің үйінде түйесі , 8-інің сиыры , 6-ның сиыры да, түйесі де бар. Неше үйде мал жоқ? (5 үйде)
2-жүргізуші:Енді «Шахмат тақтасы туралы аңызды» тыңдаймыз. Аңызды Туленова Индира оқиды.
1 –жүргізуші:
Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде. Енді кезекті жұмбақтар шешуге берейік.
2 –жүргізуші:
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
1 –жүргізуші:
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет