«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты



бет7/8
Дата20.09.2023
өлшемі30,46 Kb.
#109268
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты математика сағаты


2-оқушы:

Алгебра –синус пенен косинус,
Білсең мұны өзіңе үлкен плюс,

Есептер мен ережеден тұратын,

Алгебра-шексіз бір космос.


3-оқушы:
Физика- құбылысы табиғаттың,
Белгілі заңы бізге Роберт Гуктың,

Реактивті сәулелер оптикада,

Саласы үлкен бұл физиканың.

Физика- импульс пенен жылдамдық,
Белгісіндей физиканың бұлар анық,
Бар әлемнің тартылыс күштерін,
Ньютонның заңынан біз байқадық.

4-оқушы:
Информатика құралады ақпараттан,
Бір битте болады, сегіз байттан,

Ақпараттық жүйе менен программалар,

Технологияның дамуынан қалыптасқан.

5-оқушы:
Сырын ашып беретін әр ұғымның,
Ғажап сырды осыдан сен ұғындың.

Қиыны мен қатар тұрар қызығы,

Математика – патшасы сан ғылымның.


Тереңінде жатады ма бір сиқыр,

Ол нәрсе емес ойлап көрсең жай жылтыр.

Математика – ақыл-ойдың иесі,
Ес тандырып баурап алар сан цифр.



6-оқушы:
Шағылса егер өр талабың, сынбағын,

Жанып қайрат, ұстаз сөзін тыңдағын.

Түсінбеген тұрса қарап аңырып,
Түсінгенге ашады ол жұмбағын.

Сондай шәкірт ой-арманын ұшырды,
Ғылымда осы өз жобасын ұсынды.
Таныды олар тарихты да есіне ап,
Ең ежелгі Грекия, Мысырды.


7-оқушы:
Өркендігі тарихында күн құшқан,

Болды ол елдер ғылымда осы үлгі ұстам.

Есінде әр кез жас өскіннің тағы да,
Көне Бабыл, Қытай және Үндістан.

Білімменен ашқан мектеп есігін,
Тапқан талай қиын теңдеу шешімін.
Таныды әр сәт математик жас өрен,
Евклидтің, Пифагордың есімін.



8-оқушы:
Өр даналар бірін-бірі ұғысқан,

Ақиқат жол – ғылымда әр кез ұлы ұстам.

Сол ғылымның небір тарау жолы да,
Бастау алып жатыпты ғой Шығыстан.

Осылайша қаққан ғылым қазықты,
Орта ғасыр ғылым дамып озыпты.
Алгебра саласының еңбегін,
Алғаш болып әл-Хорезми жазыпты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет