«Қызықты математика сағаты» атты ашық шара 1-жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі «Қызықты математика сағаты» атты



бет6/8
Дата20.09.2023
өлшемі30,46 Kb.
#109268
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
2 –жүргізуші:
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
1 –жүргізуші:
Айқасқан екі таяқ Тұрады жоқты сұрап (икс)
2-жүргізуші: Бір нүктеден айналдым Теңдей қашық жол салдым Қане өзің ойлап тап Қай фигура атандым
1-жүргізуші :
Бір – бірімен жарысқан
4 аю, бір арыстан
2 қой мен 1 түлкі
Бәрі нешеу кім білді / 8 /
2- жүргізуші: Атам, әжем,аға,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі
Отыр едік шай ішіп
Жеңгем кірді: майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта қой
Үйдегі бар кісінің? (10)
1-жүргізуші: Жайылып жүр сегіз лақ
Үшеуі оның егіз лақ
Бала болғын келсе егер
Сегіз лақтың енесін
тез есептеп бересің?
2-жүргізуші: Он бір түйе, бес жылқы
Екі сиыр бір ешкі
Екі қоян, үш түлкі
Сонда неше болады? (24)
1-жүргізуші:. Елбасымыз «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Биыл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы. 25 жыл ішінде біз көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бүгінгі шараны мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмыс жасайық. Білімді және белсенді болыңыздар!
2-жүргізуші: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сіздермен кездесеміз біздер әлі,
Кешіміз бүгінгі аяқталды.
1-жүргізуші: Сөз кезегі ұстазымызға.

1- Оқушы:
Математика сандар менен формулалар,
Белгілі бала күннен бізге бұлар,

Пифагор мен Фалестен бастау алып,

Математиканың мәні де, міне осылар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет