«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ӛтірік айту және жалған ант ішу ҥлкен кҥнәларға жатады



Pdf көрінісі
бет109/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127
Ӛтірік айту және жалған ант ішу ҥлкен кҥнәларға жатады 
Ӛтірік – ахлақтық бұзылу. Қоғамдарды бір-бірімен шиеленістіретін және 
адамдар арасындағы байланыстарды үзетін үлкен күнә болып табылады. Мүмін ӛзінің 
зиянына шешілетін бір жағдай болса да туралықтан айрылмауы керек, жалған сӛзді 
аузына алмауы керек. Балалар кішкене кезінен бастап ӛтіріктен аулақ етіп тәрбиеленуі 
керек. Ӛтіріктің аты ӛтірік және ол адамды шыңырауға құлататын бір күнә болып 
табылады.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде ӛтірікші адамдарды жазалайтынын білдіріп
213

ӛтірік айтуды әдетке айналдырған адамдарды лағнеттеген
214
.
«Ӛтірік күнәға апарады. Ал, күнә тозаққа апарады. Адам ӛтірік айта-айта Аллаһ 
құзырында ӛтірікші болып жазылады»
215
деген пайғамбарымыз тағы бір хадисінде кӛп 
ӛтірік айтуды алауыздықтың белгілерінің бірі деп санаған
216

Мұсылмандарға жарасатын қылық - тіліне ие болу. Тек пайдалы нәрселерді айту 
керек. Үнсіздікте есендік бар. Пайғамбарымыз «Кім Аллаһқа және ақырет күніне сенсе 
не жақсы сӛз айтсын, не болмаса үндемесін!» деп бұйырып осы мәселені ашып 
кӛрсеткен.
Жалған куәгер болған адам Аллаһты ӛзінің антына куәгер ету арқылы 
адамдарды алдайды. Негізінде бұл - Аллаһтың ұлы атын пайдалану және Оған 
жабылған бір жала. Аллаһқа жабылған жала болса әрине харам және үлкен күнә. Бұл 
ӛте маңызды мәселе. Мүмін қалжыңдап та болса осындай харамнан алыс тұруы керек.
Пайғамбарымыз кӛптеген хадистерінде жалған ант ішудің ӛте үлкен күнә 
екенін
217
айтқан. Бір хадисінде Хақ Тағаланың ақырет күнінде үш топ адамға 
рақымдылық кӛзімен қарамайтынын айтып, оларды былай кӛрсеткен: 
1.
Садақасын міндет еткен адам 
2.
Жалған ант ішіп затын сатқан адам 
3.
 
Тәкаппарлық пен мендендікпен етегін жерге сҥйреткен адам
218

«Аллаһқа ант еткен адам антына бір масадай ӛтрік қосса, ол ант қияметке дейін 
оның жүрегінде бір (қара) нүкте пайда етеді»
219
деген пайғамбарымыз қажылықта кезде 
«Кім діндес бауырының малын алу үшін ӛтірік ант ішсе тозақтағы орнына 
дайындалсын. Мұны естігендер естімегендерге айтсын» деген
220
.
Бұл күнәнің ішіне куәгерлікте ӛтірік ант ішу мен шын да болса кӛп ант етуді 
қосқан ғалымдар да болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет