Әдепсіз фильмдер ме кӛріністерге қарау харам ба? Жалпы ахлақтық бұзылулар әдепсіз, ұятсыз нәрселерге қараумен басталып, кӛп
қараумен дамып, сосын іс жүзіндегі күнәға апарады. Оның үстіне кӛз кӛрген
нәрселерінің бәрін суретін түсіріп алып, қиял мұражайында сақтайды. Қайда барса, қай
жерде болса енді осы суреттер кӛздерінің алдында тұрады. Студент болса сабағын оқи
алмайды, жұмысшы болса кәсібіне толық бағыттала алмайды, идеяның адамы болса
ақылын жинай алмайды, барлық мәселеде дерлік кері кету және құлдырау орын алуы
мүмкін. Бұл жағдайға түспеу үшін дін әдепсіздікке қарсы тыйымдар салады, адамдарды
мұндай кері кетуден құтқарады.
Жыныстық қоздыруды кӛздесе де, кӛздемесе де Ислам бойынша жалаңаш
адамның суреті мен фильмін түсірту және түсіру - харам. Бұл суреттер мен фильмдерге
қарау және оларды сату да - харам. Харам, ӛйткені тікелей жалаңаштық пен сурет пен
фильм арқылы берілген жалаңаштық негізінде бердей заңсыз мақсатқа бағытталған.
Айырмашылық тек оның әсерінде. Жалаңаштықтың ӛзі сурет немесе фильм ретінде
берілген жалаңаштықтан да әсерлі екені күмәнсіз. Алайда, сурет пен фильм түріндегі
жалаңаштықта таралу мен үздіксіздік бар.
Жалаңаш суреттерді тек әйелдің суреті деп шектемеу керек. Жалаңаш суреттер
әйелдікі болса күнә, еркектікі болса қауіпсіз деген нәрсе жоқ. Әурет саналған
жерлердің ашылуы және оған қарау кімдікі болса да - харам және күнә. Алайда,
харамдық және күнәһтық тыйым салынған нәрсеге жақындаған сайын арта түсіп,
ауырлайды. Мұндай суреттерге қарауға келетін болсақ, оның жандысына қарау секілді
199
М
ү
слим, Кадер, 5
200
М
ү
слим, Хаж, 74; Тирмизи, Рада 16, Хаким, М
ү
стедрек, 1\114
201
Ахзап, 33\32
202
Н
ұ
р, 24\31
203
Н
ұ
р, 24\31, Ахзап, 33\59
204
Тирмизи, Едеб, 35; Рада, 13; М
ү
снед, 4\414, 418
99
ауыр күнә емес екені де айқын. Бірақ, мұны екіншісінің жеңіл екенін айту үшін емес,
араларында айырмашылық бар екенін түсіндіру үшін айтып отырмыз.