«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


-қосымша. Қҧндылықтарды сақтау және байсалдылық



Pdf көрінісі
бет117/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127
2-қосымша. Қҧндылықтарды сақтау және байсалдылық 
Сыр және сыр сақтау 

Сыр тойтаруға келмейтін күш кӛзі және жеңілмейтін әскер сияқты.

Сыр - бір намыс, оны сақтаған адам (ӛзінің болсын, басқаның болсын) 
намысын қорғаған болады. Оны ашқан адам болса қадір-қасиетін кетіріп, 
оған қажетінше мән бермеген болып саналады. 

Кейбір істер бар, оларда сыр Қызырға ұқсайды, жасырын болған сайын 
жақсылық болады.

Үнсіздік те бір даналық, алайда ондай адам ӛте аз немесе жоқтың қасы. 

Адамның сырын аманат ететін адамы ӛзіне намыс аманат етілетіндей 
сенімді және оны сақтау мәселесінде ӛз намысын қорғағандай мұқият 
болуы керек. Сенімді емес адамға аманат, сырды тапсырылмауы керек. 
238
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Призма, 3\98-102 


109 

Тілін тістеген адам сӛздерінің тұтқыны болудан құтылады. 

Сыр сақтау және басқалардың сырын құрметтеу - толығымен ерік пен 
пайымға қатысты адамдық қасиет. Еріксіз адамдардың сыр сақтаулары 
мүмкін емес, сол сияқты істеген істерінің және айтқан сӛздерінің соңын 
пайымдай алмайтындай адамдардың аузына ие болулары да мүмкін емес.

Бір адамның аманат еткен сырын бірнеше рет ашып қойған адамға тағы 
да сыр айтуы оның пайымсыздығын және сырлас таңдаудағы әлсіздігін 
кӛрсетеді. Сенім мәселесінде кӛңілі орныққан және кӛзі ашық адам 
ӛмірінде осыншама рет алданбауы керек. 

Адам бір нәрсені түсіндіруі керек жерлерде тек ӛзінің міндетіндегі 
нәрсені айтуы керек, бостан-бос ойындағы нәрселерін жайып салып, 
сырларын ашудан сақтануы керек. Әр жерде барлық сырын жайып 
жүретіндердің бір күні ӛзін де, сол қоғамды да бір ӛлімге апарып 
соғатыны естен шығарылмауы керек.

Адам ӛзіне тән құпия нәрселерді әр жерде жайып салудан сақтануы керек. 
Оның үстіне бұлар жаман, пайдасыз нәрселер болса. Ӛйткені, бұл жағдай 
кӛбіне достарды ұялтып, дұшпандарды қуантатындай ыңғайсыз 
жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін. 

Адамның жүрегі сыр үшін бір сандық болып жаратылған. Ақыл –оның 
құлпы, ал ерік болса - кілті. Бұл құлып пен кілтте ақау болмаса 
сандықтың ішіндегі гауһарларды ешкім біле алмайды. 

Басқаның сырын саған тасыған адам сенің сырыңды да басқаға тасиды. 
Сол себептен ондай адамдардың мәнсіз бір ерекшелігіміздің ӛзін білуіне 
жол бермеуіміз керек. 

Ақымақтың жүрегі тілінің ұшында, ақылдының тілі жүрегінің терең 
бұрышында.

Ақымақпен сырлас болудан сақтану керек. Ол жақсылық жасаймын деп 
жамандық жасауы мүмкін.

Жеке адамға қатысты сыр бар, отбасыға қатысты сыр бар, бүкіл қоғам 
мен ұлтқа қатысты сыр бар... жеке адамның сырының ашылуымен 
адамның беделі, отбасылық сырдың ашылуымен отбасының беделі
қоғамға тән сырдың ашылуымен ұлттық беделге зарар келуі мүмкін. 
Ӛйткені, сыр жүректерде қалған кезде иесі үшін бір күш болса, 
басқалардың қолына ӛткен кезде оған қарсы қолдануға болатын қаруға 
айналады. Сол үшін де ата-бабаларымыз: «Сырың сенің тұтқының, ашып 
қойсаң сен оның тұтқыны боласың» деген.

Бір қағида ретінде сырды сақтауды қажет ететін қаншама құнды істер 
бар, оны білетіндердің сыр сақтай алмауынан ол іс алға жылжымай, тіпті 
кейде қауіптерге де себеп болған. Бұл іс ұлттың ӛмірі мен болашағына 
қатысты мәселе болса тіпті де.

Бір мемлекет мемлекеттік сырын дұшпандарына алдырып қойса, бір 
әскер ӛзінің қозғалыс стратегиясын жауына білдіріп қойса, бір іскер адам 
бәсекелестері тарапынан сыры ашылып қойса, ол мемлекеттің кӛтерілуі, 
ол әскердің жеңіске жетуі және ол іс адамының табысқа жетуі мүмкін 
емес
239



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет