«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ӛз-ӛзіне қол салу жаиз ба?



Pdf көрінісі
бет114/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Ӛз-ӛзіне қол салу жаиз ба? 
Жаратылғандардың арасында қадірлі орынға ие болған адамның ӛмір сүру 
құқығы да Аллаһ тарапынан берілген ең негізгі құқық болып саналады. Дүниеге 
жаратушысын тану және Оның кӛрсеткен шеңберінде ӛмір сүру мақсатында жіберілген 
адамның дүниеге келуі де, дүниеден кетуі де ӛзінің қолында емес, бұл жағдай иләһи 
ерік пен жүйенің бір бӛлшегін құрайды. Адамның қолындағы нәрсе - тірі кезінде 
жаратушысын тану және Оған құлшылық ету және осылайша Оның құзырындағы 
қадірін арттыру.
Құранда бір адамға ӛмір сыйлаудың барлық адамдарға ӛмір беру сияқты жақсы 
әрекет, ал біреуді ӛлтіру барлық адамдарды ӛлтіру сияқты ауыр қылмыс және күнә 
екені білдіріледі
235
. Аяттың осы сӛзіне қандай себеппен болса да ӛзін ӛлтіргісі 
келгендер де кіретіндігі байқалады. Хазіретпайғамбар да мәселеге қатысты түрде 
биіктен құлап, у ішіп немесе ӛлтіретін құралмен ӛзін ӛлтірген адамның тозаққа 
кіретінін және сонда қалатынын айтып
236
, бірнеше мысалмен ӛзін ӛлтірудің үлкен күнә 
екеніне және оның қайғылы нәтижелеріне назар аударған. Ӛйткені, қиындықтарға 
тӛтеп беру, қайғы мен мұңға сабыр ету, шарттар қаншалықты жаман болса да Аллаһқа 
деген сенімін жоғалтпау мұсылманның негізгі қағидасы болуы керек. Осы жолда 
кӛрсетілген сабыр мен күрестің Аллаһ құзырында үлкен сауабы бар. Құранда ӛмірде 
230
Б
ұ
хари, Илим, 37, Хаж, 132, М
ү
слим, Хаж, 147 
231
Б
ұ
хари, Весая, 23; Тыб, 48, Худуд, 44, М
ү
слим, Иман, 144, 
Ә
бу Дауыт, Весая, 10 
232
Ба
қ
ара, 2\178-179; Маида, 5\45 
233
Ниса, 4\92 
234
Ниса, 4\48, 116; З
ү
мер, 39\53
235
Маида, 5\32 
236
Б
ұ
хари, Тыб, 56 


105 
кездесетін қиындықтар мен проблемалардың бір емтихан құралы екенін, оларға 
сабырлылық таныту жақсы мұсылманның сипаты екені жиі ескертіледі
237
. Екінші 
жағынан Аллаһтың белгілі бір мақсатта қолдануы үшін адамға берген ӛмір сүру 
құқығына адамның араласуына және осы мәселеде ӛзін құқылы деп санауға қақысы 
жоқ, бұл бір жақсылықты білмеушілік деп есептеледі. 
Ислам ғалымдары ӛзін ӛлтірген мұсылманның ақыретте ӛте ауыр азапқа 
тартылатынын, тіпті тозақта мәңгі қалатынын айтса да ӛзін ӛлтірген адамның иманнан 
шығатыны туралы және кәпір екені туралы айтпаған. Ӛйткені, иман мен күпірлік 
әрекеттің бұзылуына емес, сенім мен түсінікке қатысты нәрсе. Ӛзін ӛлтірген адамның 
сенім жағдайы болса ӛзі мен Аллаһ арасындағы мәселе. Ӛзін ӛлтірген мұсылман басқа 
мұсылман жаназаларындағы секілді жуылады, кебін кигізіледі, жаназа намазы оқылады 
және мұсылман мазаратына кӛміледі. Ислам құқықшыларының кӛпшілігінің кӛзқарасы 
осы бағытта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет