«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Намаз қаншалықты маңызды?



Pdf көрінісі
бет122/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Намаз қаншалықты маңызды? 
Намаздың қаншалықты құнды және маңызды екенін, қаншалықты аз шығынмен 
қол жеткізуге болатынын, әрі намазсыз адамның қаншалықты ақымақ және зарарлы 
болатынын нақты түсінгің келсе мына мысалға қара: 
Бір кезде бір үлкен хакім екі қызметкерін (әрқайсысына жиырма тӛрт алтыннан 
беріп) екі айлық жердегі әдемі фермасына тұруға жібереді. Оларға айтады: «Мына 
ақшаны жол шығыны мен билетке жұмсаңдар. Сосын ол жерге керек нәрселеріңді 
сатып алыңдар. Бір күндік жерде бір станция бар. Ол жерде машина да, кеме де, пойыз 
да, ұшақ та бар. Ақшаңа қарап қалағаныңа мінесің». 
Екі қызметкер шығып кетеді. Бірі станцияға дейін біраз ақша жұмсайды. Бірақ, 
ол шығынның ішінде ол сауда жасап, ақшасын кӛбейтеді. Келесі қызметкер ақымақ 
болғандықтан станцияға дейін жиырма үш алтынын жұмсап қояды. Құмар ойындарға 
ақша жаратады. Тек бір ғана алтыны қалады. Жолдасы оған айтады: «Мына ақшаңа бір 
билет ал. Мына ұзақ жолда жаяу және аш қалмайсың. Біздің қожайынымыз мәрт қой, 
бәлкім мейірімі түсіп, жасаған қателігіңді кешірер. Сені ұшаққа мінгізер. Бір күнде 
орнымызға барамыз. Әйтпесе екі айлық жолда аш, жаяу, жалғыз баруға мәжбүр 
боласың». Егер осы адам қырсығып сол жалғыз лирасын бір қазынаның кілті сипатына 
ие болған билетке жұмсамай, уақытша бір ләззат үшін жұмсаса оның ақымақ адам 
екенін ең ақылсыз адамның ӛзі түсінбей ме? 
Міне, ей намазсыз адам және ей намазды қаламайтын нәпсім! 
Ол хакім – біздің Раббымыз, Жаратушымыз. Ол екі қызметкер жолаушы болса 
бірі діндар, намазын ықыласпен оқиды. Екіншісі ғапыл, намазсыз адамдар. Жиырма 
тӛрт алтын болса бір күндік ӛміріміз. Ол ферма болса жұмақ. Ол станция болса қабір. 
Сапар болса қабірге, мәңгілікке апаратын адамның сапары. Адам амалына қарай, 
тақуалық күшіне қарай сол ұзын жолды түрліше дәрежеде басып ӛтеді. Бірқатар 
тақуалар мықты түрде мың жылдық жолды бір күнде жүреді. Біразы қиял секілді елу 
мың жылдық қашықтықты бір күнде жүреді. Құран Кәрім осы ақиқатты екі аятымен 
кӛрсетеді. Билет болса - намаз. Бес уақыт намазға бір сағат жеткілікті болады. Жиырма 
үш сағатын осы қысқа ӛмірге жұмсаған және сол ұзын мәңгілік ӛмірге бір сағатын да 
қимаған адам қаншалықты зиянға кіреді, қаншалықты нәпсіне зұлымдық жасайды, 
қаншалықты ақылға қайшы әрекет жасайды. Ӛйткені, мың адам қатысатын лотереяға 
жарты мал-мүлкін беруде табысқа қол жеткізу ықтималдығы мыңнан бір ғана. Сосын 
жиырма тӛрттен бір малын тоқсан тоғыз пайыз ықтималды табысқа бермеу 
қаншалықты ақылға қонымсыз екенін ӛзін ақылды деп санайтын адам түсінбей ме? 
Алайда, намазда рухтың және жүректің және ақылдың рахаты бар. Денеге де 
ауырлық әкелетін ауыр іс емес. Оның үстіне әр намаз оқитын адамның басқа дүниелік 
мүбах істері жақсы ниет арқылы ғибадат үкіміне ие болады. Осылайша, барлық ӛмірін 
ақыретте қолдана алады
260



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет