«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Қосымшалар  1-қосымша. Хужуматы ситте



Pdf көрінісі
бет116/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Қосымшалар 
1-қосымша. Хужуматы ситте 
Хужуматы ситте деген не? 
Адам бұл дүниеге емтихан үшін жіберілген. Ӛмір әу бастан әртүрлі ӛлшемдегі 
емтихандар шынжыры болып жалғаса береді. Адам балалық шағынан бастап рухы 
денесінен айрылатын сәтке дейін ӛмірінің барлық кезінде осы емтихандармен бетпе-бет 
болады. Бәдиуззаман хазретлері «Хужуматы ситте» деген атпен Жиырма Тоғызышы 
Хаттың алтыншы бӛлімінде бұл емтихандардың ең қауіптілерін «хуббу жах 
(даңққұмарлық), қорқыныш, ашкӛздік, нәсілшілдік, эгоистік және әрекетсіздік» деп 
кӛрсеткен.
Енді Бәдиуззаманның кӛрсеткен осы ауруларын жалпылама түрде түсіндіруге 
тырысайық. 
Хуббу жах (даңққұмарлық) - бір мақамға құмарлық және атаққұмарлық деген 
сӛз. Бәдиуззаман адамдағы бұл сезімді «Адамда даңққұмарлық деген мақтаншақтық 
және атақ, құрмет деген риякерлікпен халыққа жақсы кӛріну және баршаның алдында 
даңқты болу сияқты құмарлықтар бар. Тіпті, сол үшін ӛмірін пида етердей дәрежеде 
атаққұмарлық сезімі оны баурап алады» деп қорытады.
Даңққұмарлық - жүректің бетіне шайыр жағатын және рухты дәрменсіз ететін 
жаман қасиет. Мұндай ауруға шалдыққан бақытсыз адамдардың ӛз жолы мен 
бағытынан тайып тұйық кӛшелерге барып тірелуі әрдайым ықтималды нәрсе. Негізінде 
бұл вирустың азды-кӛпті барлық адамда болуы табиғи нәрсе. Міне, сол себептен егер 
бұл сезім орынды түрде қамтамасыз етілмесе ӛзін осындай сезім мен түсініктен құтқара 


107 
алмағандар әрі ӛздеріне, әрі сол қоғамға зарар берулері мүмкін. Мұндай зарарды 
қалпына келтіру ӛте қиын.
Екіншісі - қорқыныш. Адам қорқынышпен ӛз еркіне құрық салып тұсаулауы 
мүмкін. Әсіресе, қазіргі кезде ғапылдар қорқыныш сезімімен адамдарды басып тастауға 
тырысуда. Бәдиуззаман «Адамдағы ең маңызды және негізгі сезім - қорқыныш сезімі. 
Қаскүнем залымдар осы қорқыныш тамырын кӛбірек пайдаланып, сонымен 
қорқақтарды тұсаулайды. Бұлар халықтың, әсіресе ғалымдардың осы тұсын кӛбірек 
пайдаланып, қорқытады, күмәндарын күшейтеді» деген мәселені ортаға қояды. Хақ пен 
ақиқатқа сенген кӛңілдің бұл аурудан құтылуы тек ӛз иманымен қарсы күш танытып, 
«Мың ізетім, мың қадірім, мың құрметім болса да бәрі де осы жолда пида болсын. Ӛлім 
тек Аллаһтың қолында» деген түсінікпен жүзеге асуы мүмкін. Ӛйткені, ешкімнен 
қорықпаудың жалғыз шарасы - қорқылуы керек шынайы қайнар-кӛзден ғана қорқу.
Үшіншісі - ашкӛздік. Ашкӛздік бір нәрсеге құмарту, сараңдық және 
тойымсыздық мағыналарына келеді. Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) 
«Егер адам баласының екі жазық дала толы алтыны болса ол үшіншісін қалар еді. 
Адамның кӛзін тек топырақ толтырады. Аллаһ болса тәубе еткеннің тәубесін қабыл 
етеді» деген сӛздермен ашкӛздіктің тұтқыны болған адамдардың жағдайын кӛрсетіп 
береді. Адам тек «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» (Араф, 7\31) деген аятты 
ӛзіне бір ӛлшем етіп қабылдап, ысырапқа жол бермей жұмсауды білу арқылы 
ашкӛздіктен құтыла алады. Сонымен қатар, кейбір жаман рухтар ашкӛздік тамырына 
кіріп, сенген кӛңілдерді ӛзінің жаман мақсаттарының құралы етуі мүмкін. Бәдиуззаман 
«Дүниеге берілген адамдар, яғни адасушылар, ақшасын оңайлықпен бермейді, ӛте 
қымбатқа сатады. Бір жылдық дүние үшін мәңгілік ӛмірді пида етуге себепші болады. 
Сол лас құмарлықпен иләһи азапты ӛзіне тартып, адасушылардың ризалығын алуға 
тырысады» деп, назарды осындай қауіпке аударады.
Тӛртінші жағдай - нәсілшілдік. Нәсілшілдік пікірі алғаш рет Еуропада 
Дюркгейммен басталып, кейіннен Осман империясының құлдырауына алып барған 
әрекеттердің бірі болған. Ӛйткені, нәсілшілдік түсінігімен ұлтымызды түрікті күрдке, 
күрдті босниялыққа, босниялықты албандыққа ӛлтіртіп, оларды бір-бірімен 
қақтығыстырған. Ислам нәсілшілдікті діннен жоғары ұстайтын мұндай ұлтшылдық 
түсінікке қарсы.
Иә, Исламдағы иман арқылы тайпашылдық пен нәсілшілдік толығымен 
жойылған. Сахабаларға қарайтын болсақ олардың біразының басқа нәсілден болғанын 
байқаймыз. Мысалы, ХазіретӘбу Бәкір араб, Хз.Біләл хабаштық, ХазіретСухейб 
византиялық, ал ХазіретСелман парсы тегінен шыққан. Олардың барлығы әртүрлі 
климат пен әртүрлі ұлттардың адамдары екеніне қарамастан Исламның қазанында бірге 
қайнап, бір-біріне бауыр болып кеткен. «Шынында, Аллаһ жанында ең үстемдерің - 
Одан ең кӛп қорқатындарың» (Хужурат, 49\13) деген аят осы ақиқатты растайды. 
Ислам бір жағынан нәсілшілдікті діннен жоғары қоятын ұлтшылдықты қабылдамаса, 
екінші жағынан позитивті ұлтшылдықты қолдаған, ӛйткені тек, ұлт және қауым да бір 
ақиқат. 
Сондай-ақ, бұл «Ей, адамдар! Турасы, біз сендерді бір еркек пен бір ұрғашыдан 
жараттық. Және бір-біріңмен танысуларың үшін сендерді қауымдар мен тайпаларға 
бӛлдік» (Хужурат, 49\13) деген аятта кӛрсетілген бір қоғамдық мәселе болып табылады. 
Бәдиуззаман да бұл ақиқатты жақсылап ажыратып, оны былай жіктеп кӛрсеткен: 
«Мына оң ұлтшылдық пікірі Исламға қызмет етуі керек, оның бекінісі болуы керек, 
сауыты болу керек, бірақ орнын баспауы тиіс. Ӛйткені, Исламда бауырлық сезімі бар, 
мәңгілік әлем мен барзақ әлемінде сол бауырлық қалады. Сол үшін ұлттық 
бауырластық қаншалықты күшті болса оның бір пердесіне айналуы мүмкін. Керісінше 
оны оның орнына қою, бекіністің тастарын бекіністің ішіндегі алмас қазынасының 
орнына қойып, сол алмастарды сыртқа лақтыру сияқты ақымақша қылмыс болып 
саналады.


108 
Бесіншісі, адамдағы ең әлсіз және қауіпті нәрсе - менмендік сезімі және адамнан 
алғаш болып алынып тасталуы керек нәрсе. Ӛйткені, менмендікдікке салынған 
адамдардың ақиқаттарды кӛріп білуге кӛздері байлаулы болғандықтан тура жолдан 
шықпастан мақсатқа қарай жүрулері ӛте қиын. Бәдиуззаман «Ей, бауырларым! Назар 
аударыңдар, сендерді менмендікпен ұрмасын, онымен сендерді ауламасын. Әрі 
біліңдер, мына ғасырда адасушылар менмендікке мініп, қате жолдың жазығында 
жүгіреді. Ақиқат жолдағылар тек менмендікті тастаумен хаққа қызмет ете алады. 
Сонымен қатар, Құранға қызмет ету менмендікті қабылдамайды, кӛпшілікті қалайды» 
деген сӛздермен осы шайтани сипатқа қарсы бізді мұқяит болуға шақырады.
Алтыншысы, қазіргі кезде меңдеген ауру ретінде хаққа кӛңіл арнаған 
адамдардың кӛпшілігінің аяғына оратылған рахатқұмарлық ауруы. Иә, қоғамдық рухты 
оятатын, адамдарға уағыз жасап, оларды ақиқат адамдыққа кӛтеретін, ӛздерін ақиқатқа 
арнаған бұл шынайы рухтар осындай ұлы бір идея үшін ешқандай рахатқұмарлыққа 
салынбастан материалдық-рухани барлық нәрселерін пида етуге дайын болулары керек. 
ХазіретИбрахимнің байлығы туралы бір аңыз бар. ХазіретИбрахимнің қойы мен 
шопандары кӛп болғаны соншалық ол сол кездің ең бай адамы деп есептелген. 
Осыншама байлықты пайғамбарлық дәрежесімен ұштастыра алмаған кейбір 
періштелер «Пайғамбарлық дәрежесімен осыншама байлық қалай ұштасады екен?» 
деген сұрақ қояды. Хақ Тағала «Бұл байлық оның жүрегіне орнығып па, орнықпап па, 
байқап кӛріңдер» дейді. Періштелер уаһи періштесі Жәбірейілдің басшылығымен адам 
кейпіне еніп, ХазіретИбрахимнің жанына келеді. Осы жерде періштелер ол еститіндей 
етіп «Суббухун куддусун раббул мәләикәти уәр рух» дейді. Бұл сӛздердің әрқайсысы 
Хақ Тағаланы ұлықтау және тәсбихтеу үшін ӛте керемет таңдалып алынған сӛздер еді. 
Жүрегі иләһи самалдарға ашық болған ХазіретИбрахим мұндай тәсбихті естігенде 
қатты ұнатып, «Бұл қандай тамаша нәрсе!» деп таңданысын білдіреді және 
«Байлығымның үштен бірін берейін, жаңағы сӛзді тағы да бір рет айтыңызшы» дейді. 
Періштелер тағы бір рет айтқанда ХазіретИбрахим «Жартысын берейін» дейді. 
Періштелер тағы бір рет айтқанда «Шопандарыммен бірге сендерге құл болдым» дейді. 
Сол кезде Жәбірейіл ӛзін білдіріп, «Мен Аллаһтың періштесімін. Бұлардың маған 
қажеті жоқ, бірақ Раббым сенің адалдығыңды кӛрсеткісі келді, сені бізбен сынады» деп, 
ол жерден кетіп қалады. Иә, ақ жолдың ақиқат жолаушылары рахат пен жалқаулықтың 
ұйығына батпастан ниеттері тек Аллаһ ризалығы болып, жолдарын жалғастырады.
Қысқасы, Аллаһтың шексіз рақымдылығына қарсы Оған деген үміт пен 
беталысты бір сәтке де жоғалтпастан әрдайым назарды Соған бұру керек. Осылайша, 
белсенділік рухы ақсамай, «Хужуматы ситтеде» айтылған қастықтарға бой 
алдырмастан, күнәлардың ұятынан және үміт үзуден арылып, кешірім кәусарларынан 
қана ішіп рухтарға рахат беретін шексіз рақымдылықтарға жету мүмкін болады
238
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет