«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Пайғамбарымыз жорыққа дайындықтарды жасырын ҧстайтын



Pdf көрінісі
бет118/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Пайғамбарымыз жорыққа дайындықтарды жасырын ҧстайтын 
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) бір жорыққа дайындалып жатады. 
Әдетінше ниеті мен мақсатын құпия ұстады. Бұл жолы сырын уәзірлері мен 
жолдастарынан да жасырды. ХазіретӘбу Бәкір (радиаллаһу анх) бір күні қызы 
239
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, 
Ӛ
лч
ү
вея йолдаки ышыклар, 124-127 


110 
Айшаның (радиаллаһу анха) үйіне барып, оның жолға дайындалып жатқанын кӛріп 
расулуллаһтың қайда баратынын сұрайды, ХазіретАйша: «Уаллаһи әкешім, мен де 
білмеймін» дейді
240

Иә, әрекет осыншалықты құпия сақталды. ХазіретӘбу Бәкір Оның ең жақын 
және ең жақсы кӛретін адамы болатын. Хижретте де жол серік етіп соны алған 
болатын. Осыған қарамастан жорыққа дайындығын одан да жасырған. Бұл Аллаһ 
расулының (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) қандай керемет бір соғыс әдіскері екенінің 
тағы бір кӛрсеткіші еді. Аллаһ расулынан осындай сабақ алған Фатих бір күні былай 
дейді: «Сырымды сақалым білсе оны да алып тастаймын». Міне, Аллаһ расулының сыр 
мұрагерлерінің қасиетті бір сардары! 
Аллаһ расулы (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сыр сақтау үшін әскери 
әрекеттерінде әрдайым айла қолданған. Негізгі нысананы әрдайым жасырын ұстап, 
басқаша түрде ойлататын белгілерді назарға ұсынған. Қазіргі соғыс тәсілдері де 
осындай деп ойлаймын. Егер бір жерден әскерді шығаратын болса оның шығаратын 
дыбысынан он есе артық дыбысты басқа жерден шығарады. Әрдайым алтернативті 
түрде әрекет жасап, негізгі нысананы жасырын ұстайды. Әскерді қайдан шығарады? 
«А» тӛбесінен бе, «Ә» тӛбесінен бе, «Б» тӛбесінен бе белгісіз. Бірақ, бұлар он тӛрт 
ғасырдан кейін дамыған соғыс тактикасына қатысты нәрселер. Бұлардың негізін 
салушы - ХазіретМұхаммед Мұстафа (саллаллаһу алейхи уәссәлләм). Мектепке 
бармаған, медресе оқымаған, барлығын тек Хақ Тағаладан үйренген сауатсыз адам, 
бірақ білгірлердің білгірі.
Иә, тағы да мақсатын құпия сақтап, шӛлде құс ұштырмады. Кім не әкетіп 
барады, кім не әкеле жатыр, бәрін біліп отырды. Мейлі, бұлар уаһи жолымен болсын, 
ұлы парасаты мен ақылы, зеректігін арқылы болсын, мәселе онда емес. Ол шӛлді 
алақанындағыдай етіп бақылап отыратын.
Тағы бір мысал: «Бәдірде болған бір сахаба қате бір түсінікпен әрекеттің соңғы 
сәтінде Меккеге қарай бара жатқанын түсініп, бұл жағдайды хатқа жазып жібереді. Бұл 
хатты су таситын әйел алып барады. Аллаһ расулы дереу ХазіретАли мен Зүбейр Бин 
Аввамды шақырып, жағдайды айтып, олар құстай ұшып барып әйелден хатты алып 
келеді.
Бұл құпия Меккеге жақын қалғанға дейін сақталып, ешкім әскердің келе 
жатқанын білмейді.
ХазіретАббас Әбу Суфиянды пайғамбарымызға алып келгенде енді меккеліктер 
үшін істейтін ештеңе қалмаған еді
241
. Ең жақсы ат пен түйелермен қашқысы келсе де 
құтыла алмас еді, Меккеден басқа жерде де құтылмайтын еді
242
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет