22
ықпалдарын тигізіп, арандатушылық жасауы да мүмкін. Сондықтан да мұндай әскердің
мойынсұну, адалдық және тұрақтылық тұрғысынан тексерілуі керек еді.
Талут әскермен біраз жол жүргеннен кейін әскері қатты шӛлдеген бір сәтте
оларға Аллаһтың оларға бір ӛзен беріп сынайтынын, оның суын ішкендердің ӛзінен
емес екенін, ал ішпегендердің ӛз әскерінен болатынын айтады. Тек бір уыс су ішуге
рұқсат екенін де айтады. Ӛзенге келген соң аз ғана адамнан басқасы судан қанып ішеді.
Осылайша, бұйрықты тыңдамаған болды. Алдарынан шыққан алғашқы қиындықтан ӛте
алмады. Ал, бұл бір емтихан болатын. Осылай әрекет ету арқылы емтиханнан ӛте
алмады.
Бұл жағдай аятта былай беріледі: «Талут әскерін әрекетке кӛшіріп, жорыққа
шыққанда әскерлеріне былай деді: «Аллаһ сендерді бір ӛзенмен сынаққа алады. Оның
суынан ішкен адам менен емес, тек уысымен алған мӛлшер ғана кешіріледі, кім оның
суынан ішпесе ол менен» дейді. Олардың кӛпшілігі бара сала судан ішеді.
Талут пен
қасындағы мүміндер ӛзеннен ӛткенде бергі жақта қалғандар «Бүгін біздің Жалут пен
әскеріне қарсы шығатын әліміз жоқ» дейді. Ӛлгеннен кейін тірілтіліп, Аллаһтың
құзырына шығатынын білетіндер болса былай деді: «Қаншама шағын топтар бар,
Аллаһтың рұқсатымен үлкен топтарды жеңген! Турасы, Аллаһ сабыр еткендермен
бірге» (Бақара, 2\249).
Риуаяттарда Талутпен бірге ӛзеннен ӛткен
адамдардың санының Бәдір
сахабаларының санына тең екені айтылады. Бұл риуаяттардың бірі сахабалардан Бера
Бин Азибтің мына сӛзі: «Біз Мұхаммед (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) сахабалары
Бәдір соғысына қатысқан сахабалардың санының Жалутқа қарсы соғыс үшін Талутпен
бірге ӛзеннен ӛтіп соғысқа қатысқан әскердің санына тең екенін, яғни 310 нан астам
кісі екенін айтатынбыз. Талутпен бірге ӛзеннен тек мүміндер ғана ӛткен
51
.
Нәтижеде осындай шамадағы аз бір топ Жалуттың саны кӛп және қорқынышты
әскерін жеңіп,
жеңіске жеткен, мойынсұнудың жемісін кӛрген.
Достарыңызбен бөлісу: