«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Патшаның бҧйрығынан қҧнды ештеңе жоқ



Pdf көрінісі
бет25/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Патшаның бҧйрығынан қҧнды ештеңе жоқ 
Газнелік Сұлтан Махмұт бір күні кеңеске барған кезінде барлық мемлекет 
үлкендерінің сол жерге жиналғанын кӛреді. Билері мен уәзірлерін сынамақ болып, бір 
гауһар тастышығарып, уәзіріне беріп: 
-
Мынау қандай гауһар, бағасы қанша болады? – деп сұрағанда уәзір: 
-
Бұл ӛте бағалы гауһар, жүз есекке жүк болатын алтынға тең,- дейді. Патша: 
-
Осы гауһар тасты сындыр,- дейді. 
-
Патшам! Мен мұны қалай жасаймын, мен патшамның жақсылығын тілеген 
бір адаммын, егер сындырсам бұл сізге жасалған жамандық болады, - дейді.
Патша уәзірдің бұл сӛзін қолдап, оған бағалы сыйлықтар сыйлайды. 
Патша біраз сӛз сӛйлеп, бұл тақырып ұмытылған кезде сол гауһарды сарай 
сақшысына беріп,
-
Мынаған алушы шықса қалай бағалар екен? – дейді. Сақшы: 
-
Бұл гауһардың бағасы елдің жартысына тең,- дейді. Патша оған:
-
Бұл гауһарды сындыр,- дейді. Сақшы:
-
Ей, сұлтандардың сұлтаны! Мұны сындыру ӛте обал болады, мұндай бағалы 
гауһар тек сіз секілді теңдессіз патшаға ғана лайық, оны сындыруға 
болмайды. Мұны жасау патшаға және қазынасына қастық болады, - дейді. 
Патша сақшының бұл айтқандарын да ұнатып, оған бағалы сыйлықтар береді. 
Біраздан кейні гауһарды тағы біреуге береді, ол да осы сияқты сӛздер айтады. 
Патша оған да бағалы сыйлықтар береді. Осылайша, бірнеше адамды сынаған патша 
ақырында адал қызметшісі Еязды шақырып, оған да гауһарды беріп, оның бағасын 
51
Ахмет Бин Ханбел, М
ү
снед, 4\290 


23 
сұрайды. Сосын «Мынаны сындыр» дейді. Еяз еш ойланбастан гауһарды күл-талқан 
етіп сындырады. Айналасындағылар іштері ашып: 
-
Ей, Еяз! Сен не істедің, сондай гауһарды сындыруға бола ма? Бұл патшаның 
ӛзіне және қазынасына жасалған қиянат емес пе?- дейді. Еяз сонда былай 
дейді: 
-
Патшаға шынайы сүйіспеншілікпен берілген адам үшін патшаның бұйрығы 
мен қалауынан асқан бағалы нәрсе жоқ, - дейді
52
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет