Басшыларға бағынуды қалай тҥсінуіміз керек? Жоғарыда берілген аятта
59
Хақ Тағала басқарушыларға бағынуды бұйырады.
Аятта айтылған «улул емр» ұғымын қалай түсінуіміз керек? Оларға бағынудағы ӛлшем
қандай болу керек?
«Улул емр» - Фетхуллаһ Гүлен Хожаефендидің сӛзімен «Үш-тӛрт адамды
басқарушыдан мыңдаған, миллиондаған адамды басқарушыға дейін Аллаһтың
кӛрсеткен, расулдың қолындағы шырақ нұрландырған жолмен жүрген және сол жолдан
айрылмауға бекінген барлық жетекшілерге, барлық жол кӛрсетушілерге бағыныңдар!»
деген сӛз.
Аят бір-бірімен байланысты Аллаһқа, расулға және улул емрге мойынсұну, яғни
үш мойынсұну туралы айтады. Пайғамбар барлық ұлылығына Аллаһтың елшісі болуы
арқылы қол жеткізген. Ол - бір адам, бірақ біздің Аллаһқа жетуіміз жолында бір
себепші. Біз осы себептен ұстанып жүреміз. Бұл жол осы жерге дейін жарық болғаны
секілді бұдан кейін де жарық болады. Расул қалайша Аллаһ есебінен үкім етіп, шешім
қабылдап, мойынсұнуды талап етсе, дәл солайша улул емр деген адамдар да әуелі
расулуллаһтың жолында болады, Оны тыңдайды, Оған мойынсұнады. Міне, Сыздық
Екбер Әбу Бәкір, міне Фарук Ағзам Омар, міне Зиннурейн Осман, міне Хайдары
Керрар, Шахы Мердан ХазіретАли (радиаллаһу анхум). Бұлар пайғамбарымызға
(саллаллаһу алейхи уәссәлләм) ешқашан да қарсы келмеген.
Мойынсұнудың шеңбері ӛте кең. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи
уәссәлләм) бір хадисінде «Егер бір жерде үш адам бар болса, біреуі оларға басшы
болсын»
60
деп бұйырады. Үш адамның бірі басшы болады, қалған екеуі оны тыңдап,
оған бағынады. Бір сапарға шыққанда іштерінен біреу басшы сайланады, отырып-тұру,
тоқтау, әрекет ету барлығы содан сұралады. Міне, мойынсұну осыдан басталады.
Әсіресе, ӛздерін ұлы іске арнаған мүміндер мұсылмандыққа қатысты
мәселелерде ӛз беттерімен ешқашан әрекет жасамайды. Сӛйлеседі, кеңеседі, керек
болса талқылайтын біреуге апарады, іс соның айтуымен шешіледі және одан кейін
шығарылған шешімге барлығы бағынады. Негізінде кеңесумен әрекет ететін бір
басшының артындағы мүміндер оны қабылдау арқылы Хаққа мойынсұнған болып
саналады.
Мойынсұну жамағат болуға тән жағдай. Адамдар жамағат түрінде әрекет ете
бастаған сәттен бастап мойынсұнудың маңызы артады. Бір мүмін мойынсұнудың не
екенін білуі керек және міндетті түрде мойынсұнуы қажет. Пайғамбарымыз бұл
мәселеге ыждаһатпен қарап, оның дамуы үшін қажетті барлық нәрсені жасаған
61
.
58
Кеттани, Тератиб, 1\136
59
Ниса, 4\59
60
Ә
бу Дауыт, Жихад, 22
61
М.Фетхуллах Г
ү
лен, Асрын Гетирди
ғ
и Тередд
ү
тлер, 4\168