«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Тҧрақтылық бар, тҧрақсыздық жоқ!



Pdf көрінісі
бет39/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Тҧрақтылық бар, тҧрақсыздық жоқ! 

Ақиқатты табу және оған зер салу қаншалықты маңызды болса, оны тапқаннан 
кейін оған адал болып, сол жолда тұрақтылық таныту да соншалықты маңызды 
және қарастыруға тұратындай бір жағдай. Шынында, рухында ақиқаттың 
нұрына қол жеткізген адамның оңайлықпен жол мен бағыт ӛзгертуі де мүмкін 
емес қой! Үздіксіз михрап ауыстыратындарға келсек, олар ақиқатты таба 
алмаған бірқатар бақытсыздар немесе оның қадірін түсіне алмаған 
пайымсыздар.

Кӛңілдерін ақиқаттың мұхитына жағалау еткен бақыттылар тойымсыз қалау мен 
құштарлықпен сол дариядан келген толқындарды бауырларына басып «Тағы бар 
ма?» деп сұрайды. Бұлар іздеуді бітіріп, михрабын тапқан, рухта тұрақтанған 
адамдар. Тек іздегендер ғана табады, тапқандар сол жерде қалады, таптық деп 
ойлаған қайран қалушылар бүкіл ӛмір бойы бір жерде айналып тұрады. 

Әр майданның қашқыны әуелі ӛз ар-ожданында, сосын тарих пен болашақ ұрпақ 
алдында ӛзін айыпты еткен, сол себептен таяқ жеген болып саналады. Әрбір ұлы 
істе орнында тұрақты тұрып, алаңды қорғау жігіттіктің белгісі. Соққан самалмен 
ұшып-қонатын нәпсінің азат саналмайтын құлдары мұны түсінбесе, түсінгілері 
келмесе де адам ақиқатты бір түсініп пайымдағаннан кейін жеке бас пайдасы 


35 
оның аяғына тұсау сала алмайды, қорқыныш жолын кесіп, кедергі бола 
алмайды, құмарлық алдына кесе кӛлденең тұра алмайды. 

Бір қызметте тоқтаусыз пікірі мен орнын ауыстыра беретіндер ӛздеріне деген 
сенім сезімін бұзатыны секілді іс адамдары үшін әрдайым үмітке нұқсан 
келтірушілер болған. Мысалы, сүйіспеншілікпен алға басқан жамағаттан бір 
адамның қатардан тайқып шығуы қозғалыстың ритмін бұзып, шиеленістің 
туындауына себеп болады, сол секілді бір-біріне бекінген идея адамдарының 
біразының шығып кетуі достарды сарсаңға, ренішке салып, ал дұшпандарды 
қуанышқа бӛлейді.

Жиі-жиі уәдесін бұзып, тұрақсыздық танытқандар бір күні ӛздеріне деген 
сенімді де жоғалтып, ақырындап басқалардың ықпалына кіреді. Уақыт ӛте келе 
бар қасиеттерінен жұрдай болатын бұл бұзық рухтар ӛздеріне де, сол қоғамға да 
зиянды элементке айналады
72



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет