«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жетістікке жетудің екі шарты: Тҧрақтылық және Аллаһты зікір



Pdf көрінісі
бет38/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Жетістікке жетудің екі шарты: Тҧрақтылық және Аллаһты зікір 
Раббымыз бір аятта былай бұйырады: «Ей, иман келтіргендер, бір топқа 
кездескен кезде тұрақты болыңдар және Аллаһты кӛп еске алыңдар, жетістікке 
жетесіңдер» (Әнфал, 8\45). Бұл аятта түрік тіліне еніп, қолданылған тұрақтылық пен 
зікір сӛзінің бірге айтылғанын кӛреміз. 
Себат - сабыр деген сӛз емес. Біз оларды сабру себат деп мәндес сӛздер ретінде 
қолдансақ та себаттың сабырдан басқа мағыналары да бар екені ақиқат. Сабыр еш ара 
берместен соңына дейін бір істі жалғастыруда қолданылады. Мысалы, ол ғибадат, 
күнәлар және қиындықтарға қарсы шыдау және тірі қалудың аты ретінде қолданылған. 
Себат сӛзі тұрақтылық, сӛзде тұру, жақсы ойластырылып барып шешім 
шығарылған бір мәселеден кері қайтпау мағынасына келеді. Себат - маңызды бір 
ахлақтық негіз және ізгіліктің күшті кӛздерінің бірі. Себат пен шыдамдылықтың адамы 
жасайтын істерін алдын ала ойластырады, барлық себептерді ӛзара бағаландырады, 
таңдауын орынды жасайды және ол шешімнен ешқашан таймайды, тұрақсыздық 
жасамайды. Ерік күшінің маңызды бір кӛрсеткіші болып саналатын себат адамның 
ӛмірлік бір қасиеті және ондай адамды қуаныш та, қайғы да, бас пайдасы да, азаптан 
қорқу да шешімімен тайдыра алмайды.
Аяттың жалғасында «Аллаһты кӛп зікір етіңдер» делінеді. Зікір адамның 
Аллаһты еске алуы мағынасына келеді. Ӛмір мен ӛлім күресетін осы ең қиын сәтте 
Аллаһпен толы болған адамды Аллаһ ертелі-кеш табысқа жеткізеді. Алайда, мұндай 
сындарлы сәттерде адамның «Аллаһ» дей алуы, Аллаһты ойлай білуі оның қалыпты 
кездерде Аллаһты зікір етуіне байланысты. Негізінде адам онсыз да табиғатына сай 
түрде қиналған кезінде ғана «Аллаһ» дейді. Сондықтан да маңызды нәрсе - қиын сәтте 
«Аллаһ, Аллаһ» деу емес, оны жаратылысымыздың ажырамас бӛлшегіне айналдырып, 
әрдайым зікір ете білу.
Аяттың қорытындысы «Жетістікке жетесіңдер деп үміт етіледі». Демек, 
жетістікке жетудің себептер жоспарындағы шарты тұрақты болу және Аллаһты еске 
алуды табиғи ӛлшемге айналдыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет