36
тамшы да су тимей құп-құрғақ болып шығады. Иә, бір тарапта ауадан суланғандар, ал
екінші жақта дарияның ішінде де суланбайтын қап-қатты және ӛте дарақы рухтар бар...
Қазір жылайтындай қаншама нәрсе бар. Кейде неге жылайтынымды, неге
ренжитінімді біле алмаймын. Жұмыртқаның сынатынына ма, әлде балапанның
желінетініне ме, күздің келетініне ме, қырманның суырылатынына ма, кӛктемнің ӛтіп
кететініне ме, егін маусымының босқа ӛтетініне ме?
Ей, бүкіл тарих бойы жылауды ұмытқандар! Келіңдер, мына шешілместей
болып кӛрінген істердің басында тұрып бір рет тағы да ғасырлық бейқамдығымызды,
уайымсыздығымызды тоқтату үшін күшіміз бен қалауымызды қамшылау үшін отырып
бірге жылайық!
Жылайтын осыншама нәрсесі бар қайғы мен азапқа толы осы қасиетті жолда
мүміннің ең үлкен азығы сабыр болуы керек. Аллаһ расулы діні үшін шеккен
қиындықтарына байланысты Ясир әулетіне былай деген: «Сабыр етіңдер, ей Ясир
әулеті! Сендерге уәде етілген жер - жұмақ». Демек, барлық нәрсе сабыр тікенін
жұтудан ӛтеді. Ӛңешіңізге тіреле, асқазаныңызда ӛзін сездіре, ішектерде шаншыла,
ауырып түйілдіре ӛтеді. Тағы да біраз сабыр. Бұл жолдың соңы сабыр. Күн туады, арғы
жақты раушан гүлдерге сауысқандарды салғандар, гүл алқабын тікендерге тастағандар
ол күні сандарын соғып, істегендеріне ӛкініп, жылайды, бірақ ол күні дәптерлер
жабылып, іс біткен болады...
73
Достарыңызбен бөлісу: