50
ықыласты құлдары ғибадаттарын Аллаһ үшін жасайды, нәпсілері қаламаса да осы
халдерін жалғастырады және Аллаһқа мадақ айтуды тоқтатпайды
105
.
Ықыластың антонимі - риякерлік. Риякерлік Аллаһ ризалығы үшін жасалуы
керек әрекетке кӛрсетіп мақтануды қосу, адамдар кӛрсін деп жасау деген сӛз.
Пайғамбарымыз «Күмәнсіз, Аллаһ тек ӛзі үшін және ӛзінің ризалығы үшін жасалған
әрекеттен басқасын қабыл етпейді»
106
деп бұйырып, бұл қауіпке назарымызды
аударады.
Аллаһқа ықыласпен бет бұрған мүмін ғибадаттарын да Аллаһтың бұйрығы
болғандықтан жасайды. Құлшылықтың шарты ретінде Аллаһқа шын кӛңілмен ғибадат
етеді. Ықыласты құл ӛз міндетін атқарады, Аллаһтың ісіне араласпайды. «Ықыласпен
ғибадатыңызды тек Соның ризалығы үшін жасап, Аллаһқа құлшылық етіңдер» (Араф,
7\29) деген аят осы ақиқатты кӛрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: