47
жеткізген, сол себептен де сүнниттер тарапынан әу басынан-ақ күмәнмен
қабылданған.
Жевшен туралы да осындай жағдай орын алған.
Егер жевшен шиит имамдары
арқылы жеткізілмеген болғанда барлық сүнниттер тарапынан қабыл болар еді деп
ойлаймын. Алайда, жевшен жеткізілуі жағынан бақытсыздыққа ұшырап, осыншама
адам тек сол үшін ғана оның нұрынан, берекесінен мақұрым қалған.
Қазір мұндай
бақытсыздықтың алдын алатындай күшіміз жоқ. Қаншама ғасырлардан бері
жинақталған мұндай пікірді жою мүмін емес деуге келмесе де ӛте қиын.
4.
Кейде хадис қағидасы да ӛлшем болмауы мүмкін. Имам Раббани айтады:
«Мен, Ибн Месудтан Фалақ пен Настың Құраннан еместігі туралы риуаятты
кӛрген кезімде бұл сүрелерді парыз намаздарда оқымайтын болдым. Ал,
пайғамбарымыздан олардың Құраннан екені туралы ескерту алғаннан кейін
ғана бұл сүрелерді парыз намаздарымда оқи бастадым». Кейбіреулердің
біздің Құныт дұғасы деп оқып жүргенімізді Құраннан деп қабылдауы
жоғарыда кӛрсеткіміз келген мәселеге дәлел деп қабылдауға болады. Имам
Раббаниден бір мысал былай дейді: «Мен
кейбір мәселелерде Имам
Шафиғиді ұстанамын. Алайда, маған Имам Әбу Ханифаның пайғамбарлық
жолды ұстанатыны сездірілді. Мен Әбу Ханифаны ұстандым».
Бұл жағдай әрине белгілі бір қағида мен ӛлшемді керек етеді. Әйтпесе, алдына
келген әр адам ӛзіне бір нәрсе білдірілгенін айтып, ойдан шығарылған жаңалықтарға
толып кетер еді. Бірақ, кейбір ұлы адамдарды бұл топқа кіргізу қателік болады. Олар
«бізге білдірілді» дегендері шынында да солай болған және айтқандары шын. Оларды
белгілі бір хадис қағидалары ішінде талдау мүмкін емес. Сондықтан да хадисшілер
мұндай сӛздерге ыңғай танытпаған. Бірақ, олардың бұлай жасауы бұл сӛздер
дұрыс
емес деген мағынаға келмейді. Барлық осы айтқандарымыз жевшенге де қатысты.
Сондықтан да біз нақты айта аламыз, жевшен мағынасы жағынан пайғамбрымызға уаһи
жолымен келген. Кейіннен ехлуллаһтан бірі осы жевшенді ӛзіне білдірілу жолымен
пайғамбарымыздан алып, бізге солай жеткен.
Бұларға мынаны да қосып айту пайдалы болады деп ойлаймын. Имам Ғазали
сияқты ғалым Гүмүшханеви секілді үлкен уәли және Бәдиуззаман секілді ұлы тұлғалар
жевшенді қабылдаған. Жевшеннің қайнар-кӛзіндегі күш пен қасиетке қатысты басқа
ешқандай дәлел болмаса тек аттары аталған ұлы адамдарымыздың оны қабылдауы
және жүз мыңдаған адамның жевшенге шын кӛңілімен беріліп,
құнды санаулары
жевшен туралы ең болмағанда абайлап сӛйлеуге жетерліктей күшке ие. Тек жеткізілу
жолына қатысты бір мәселеге бола жевшенге тіл тигізу орынсыз әрекет болып
табылады
103
.
Достарыңызбен бөлісу: