«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Ықылас - іс-амалдарымыздың рухы мен жаны



Pdf көрінісі
бет58/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Ықылас - іс-амалдарымыздың рухы мен жаны 
Іс-амалдың дұрыс болуы оның жандылығына байланысты. Іс-амалдың жаны мен 
рухы – ықылас. Ықылас – Аллаһ ризалығына бағытталған істі жасаумен қатар одан 
басқа ешқандай нәрсе күтпеу деген сӛз.
Ықылас тек Аллаһтың ризалығы үшін жұмыс істеу емес, сонымен бірге жүректің 
есігін басқа барлық нәрселерге жабу деген сӛз. Аллаһ ризалығынан басқа күтілген 
нәрселерге тосқауыл бола алмау іс-амалдардың кірлетілуі деген мағынаны береді. 
Ықыластың осындай сырлы күшіне байланысты пайғамбарымыз «Діни ӛміріңде 
ықыласты бол, аз іс-амал да жетеді»
109
дейді және «Әрдайым іс-амалдарыңда ықыласты 
кӛздеңдер, ӛйткені, Аллаһ тек шынайы болғандарын ғана қабылдайды»
110
деп, іс-
амалдардың ықыласпен жасалуын ескертеді.
Іс-амалдың кірлеуі туралы бір мысал берейік: Жолдастарымызбен бірге бір 
сұхбат тыңдадық дейік. Түсіндірілген тақырыптар, берілген мысалдар біздің 
жүрегімізді жұмсартты, кӛзімізге жас алдырды. Егер сол кӛз жасыңызды жасыруға 
мүмкіндік бола тұра олай жасамай, жолдастарымыздың осы халімізді кӛрулеріне жол 
берсек біз сол жақсы іс-амалымызды кірлеттік, ол істі ықыласты іс-амал дәрежесінің 
сыртына итеріп тастадық деген сӛз.
Иә, барлық нәрсе Ұлылар ұлысы Раббымыз үшін болуы керек.
Ықыластың та ӛзіне қарай дәрежелері бар. Әркім ӛзінің құлдық деңгейіне қарай 
ықылас кӛкжиегіне қол жеткізе алады. Оны үшке бӛліп қарастыруға болады. 
Бірінші дәрежеде пайғамбарлардың және пайғамбарлардың мұрагері ретінде 
ӛмірлерін солардың кӛлеңкелерінде ӛткізгендердің ықыластары тұрады. Бұл топтың 
мүшелері дүниелік тұрғыдан да, ақыреттік тұрғыдан да ештеңені күтпейді. Тек Аллаһ 
Тағаланың ризалығын кӛздейді. Ӛте жоғары кӛкжиектің ӛкілдері.
Екінші кезекті басқа Хақ достары алады. Бұл топтың ӛкілдері де дүниелік 
ешнәрсе күтпейді. Алайда, жұмақтың әсемдігі, тозақтың қорқынышты азаптарына 
байланысты бұл адамдар махшар күні кешіріліп, шексіз бақытқа жетуді қалайды.
Үшінші топтағылар жұмақты қалау, тозақтан алыс болуды ойлаумен бірге 
дүниеге тән, ӛз деңгейлеріне қарай біраз нәрселер күтеді. Ғибадат еткенде рухани 
ләззат алу, рухани қанағаттану, Хақ жолында жүргенде қызметтегі сол рахатқа бӛлену 
сияқты. Алайда, бай болу, атаққа қол жеткізу сияқты нәрселер бұл адамдардың ойында 
жоқ. 
Дүниелік жағы бойынша ғибадаттардың рахатын сезінейін, Аллаһ жолында 
жүрудің ләззатын татайын, адамдарды Хаққа бағыттау арқылы алға шығып, 
танылайын, ақыреттік жағы бойынша ӛлімім жеңіл болсын, қабірім жұмақтың бақшасы 
болсын, махшардың азабынан қорғанайын, танитындарыма шапағат етумен оларды 
109
М
ү
нави, Фейзул кадир, 1\216 
110
М
ү
нави, Фейзул кадир, 1\217 


53 
құтқарайын деген сияқты ойлар материалдық күштен әлі ӛзімізді құтқара 
алмағандығымыздың белгісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет