«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Діннің негізінде жеңілдік бар



Pdf көрінісі
бет84/127
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144215
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127
Байланысты:
Шынайы адам

Діннің негізінде жеңілдік бар 
Адамды ең жақсы білетін әрине оның жаратушысы - Аллаһ. Адамның күшін, 
қабілетін, деңгейін ең жақсы білетін Раббымыз дәл соған қарай құлшылық шеңберін 
сызып, адамнан бір нәрсе жасауды күткен кезде мұны сол адамның мүмкіндігі мен 
қабілетіне қарай бұйырған. Ол нағыз әділдік иесі болғандықтан адамның күшіне қарай 
ұсыныс жасаған.
Құран адамның күшіне қарай ұсыныс жасалғанын ӛте айқын түрде кӛрсеткен: 
«Аллаһ ешкімге күші жетпейтіндей нәрсені жүктемейді. Баршаның қол жеткізетін 
жақсылығы ӛзінің пайдасына, ал жасаған жамандығы ӛзінің зиянына. Иа, Раббана! Егер 
ұмытсақ немесе білместен қателік жасасақ бұдан бізді жауапты етпе. Иа, Раббана! 
Бізден бұрынғыларға жүктегенің секілді ауыр жүк жүктеме. Иа, Раббана! Шыдай 
алмайтын жүктермен бізді жауапты етпе!... (Бақара, 2\286). Яғни, Аллаһ Тағала 
жүрекпен болсын, ағзалармен болсын жасалатын ешқандай ғибадатты адамның 
шамасынан артық жүктемеген. Керісінше, Ол адамның құрылымы мен ақыл-ой күшіне 
қарай ұсыныс жасаған. 
143
Ибрахим Рефик, Хайатын ренклери, 138-б. 


78 
Аллаһ құлын жауапты еткен міндеттерде де адамның қабілетін назарда ұстаған. 
Мысалы, қажылық ғибадатын баршаға емес, белгілі бір материалдық мүмкіндік пен 
шарттарға ие адамдарға парыз еткен: «... Жолына шамасы жеткендердің сол үйге 
қажылық жасауы Аллаһтың адамдардағы ақысы...» (Әли Ғымран, 3\97). Сол сияқты 
намаз секілді ең маңызды ғибадатқа дайындық болып табылатын дәрет үшін шарттар 
лайық келмеген кезде тәйәммүм жасаудың кӛрсетілуі де ұсыныстың адамның шама-
күшіне қарай жасалғанын кӛрсетеді
144
.
Раббымыз құлына күші жетпейтін нәрселерді жүктемеген кезде одан ӛзін 
қинамауды және жауапты болмаған міндетті мойнына алмауды қалаған
145
. Ӛйткені, 
құлшылықта жеңілдік маңызды қағида болып табылады. Барлық осы қағидалардың 
негізі былай кӛрсетіледі: «Аллаһ сендердің жүктеріңді жеңілдеткісі келеді, ӛйткені 
адам жаратылысында әлсіз болып жаратылған» (Ниса, 4\28). Тәпсір ғалымдарымыз бұл 
аяттың діннің барлық үкімдеріне жүретінін және Аллаһтың осы жеңілдікті діннің 
барлық мәселесінде бергенін айтады
146

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейхи уәссәлләм) құлшылық ӛміріне қараған 
кезімізде де жеңілдіктің бір қағида болып қабылданғанын кӛреміз. Сахабалар мына 
хадисте осыны түсіндіреді: «Расулуллаһ екі нәрсенің арасында таңдау жасау керек 
болғанда оның жеңілін таңдайтын»
147
. Ол бір басқа хадисінде былай дейді: 
«Жеңілдетіңдер, сүйіншілеңдер, жек кӛргізбеңдер!»
148
Дініміздің негізінде жеңілдіктің негізгі нәрсе екенін, бірінен соң бірі қайталанып 
берілген мына аят айқын кӛрсетеді: «Әлбетте, қиындықтың жанында бір жеңілдік бар. 
Шынында, қиындықпен бірге бір жеңілдік те бар» (Инширах, 94\5-6)7 
Кейбір ғибадаттарда орнына қарай жеңілдіктер кӛрсетілген. Мұның себебі 
ғибадаттардың барлық шарт пен ортада орындалуы, мұсылманның құлшылықты оңай 
жасай білуі. Ораза тұтуға шамасы жетпегендердің оразаларын оразадан кейін қаза етуі, 
түрегеп намаз оқи алмайтындардың намазды отырып оқуы, су жоқ немесе суды 
қолдануға мүмкіндік болмаған кезде тәуәммүм жасау, сапарда намаздың қысқартылуы 
осы жеңілдіктерге жатады.
Адамның күші мен қажеттілігі назарға алына отырып, мәжбүр жағдайларда 
дініміз кӛптеген жеңілдіктер жасайды. Сондықтан да Исламның үкімдері барлық кезде 
және барлық жерде қолданылатындай ерекшелікке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет